Алла Тағаланың мүбәрак есімдері арқылы емдел, бауырым!

Биогеометрия ғылымын дамытқан танымал ғалым, Швейцария университетінің докторы Ибраһим Карим ұзақ жылдар бойғы зерттеулер барысында аса қамқор, ерекше мейірімді Жаратушы Алла Тағаланың мүбәрак есімдері адамның бойындағы көптеген ауруларға шипа болатынын дәлелдеді. Ғалым Жаратушының тамаша есімдерінің әрқайсысы дұрыс дыбысталып айтылатын болса, иммунитеттің күшеюіне тікелей әсерін тигізіп, ағзадағы белгілі бір органдардың жылдам жазылуына себеп болатынын анықтады.

  1. Құлақ аурулары Алланың Әс-Самия «Бәрін естуші» деген есімін 211 рет айту арқылы емделеді.
  2. Омыртқа аурулары Алланың Аль-Жаббаар «Аса құдіретті» деген есімін айту арқылы емделеді.
  3. Шашқа қатысты аурулар Алланың Аль-Бадиия «Әу бастан Жаратушы» деген есімін 117 рет айту арқылы емделеді.
  4. Ағзалардың бұлшық еттеріне қатысты аурулар Алланың Аль-Қауийу «Аса қуатты» деген есімін 147 рет айту арқылы емделеді.
  5. Жүректің бұлшық еттері Алланың Аль-Раззаақ «Ризық беруші» деген есімін 339 рет айту арқылы емделеді.
  6. Артерия және қан тамырларының аурулары Алланың Аль-Жаббаар «Аса құдіретті» деген есімін 237 рет айту арқылы емделеді.
  7. Мұрын қуысының аурулары Алланың Аль-Латийф «Жұмсақ» деген есімін 16 рет, Аль Ғаний «Аса бай, ештеңеге мұқтаж емес» деген есімін 1091 рет, Әр Рахим «Аса рақымды» деген есімін 289 рет айту арқылы емделеді.
  8. Сүйек аурулары Алланың Ән-Нафииғ «Пайда беруші» деген есімін 232 рет айту арқылы емделеді.
  9. Тізе мен буын аурулары Алланың Әр-Раууф «Аса қамқор» деген есімін 318 рет айту арқылы емделеді.
  10. Жүрек артерияларының аурулары Алланың Аль-Уаһһаб «Аса жомарт» деген есімін 45 рет айту арқылы емделеді.
  11. Жүйке аурулары Алланың Аль-Муғнии «Байытушы» деген есімін 1131 рет айту арқылы емделеді.
  12. Бас аурулары Алланың Аль-Ғаний «Аса бай, ештеңеге мұқтаж емес» деген есімін 1091 рет айту арқылы емделеді.
  13. Көз аурулары Алланың Ән-Нұұр «Нұр шашушы» деген есімін 287 рет, Аль Басиир «Бәрін көруші» деген есімін 333 рет, Аль-Уаһһаб «Аса жомарт» деген есімін 45 рет айту арқылы емделеді.
  14. Қалқанша безінің аурулары Алланың Аль-Жаббаар «Аса құдіретті» деген есімін 237 рет айту арқылы емделеді.
  15. Асқазан аурулары Алланың Аль-Раззаақ «Ризық беруші» деген есімін 379 рет айту арқылы емделеді.
  16. Бүйрек аурулары Алланың Аль-Хайю «Тірі» деген есімін 49 рет айту арқылы емделеді.

 

Atv ihsan студиясының 

материалын аударған Мұрат Мұқаш