АЛЛА ТАҒАЛА қасиетті Құранда ақылды істетіп, еңбек етіп адалынан табыс табуға Бұйырған! Бәрін ойда пісіріп жүре беруге болмайды!
Адамның миы белсендірек жұмыс істеген сайын оның қартаюы бәсеңдей түседі. Француз геронтологтарының мәліметтері бойынша 45 жастан асқан адамдар жаңа шет тілін, жаңа мамандықты үйрене бастаса немесе зерделік хоббимен шұғылданса, олардың қартаюы едәуір бәсеңдейтін болған; ешнәрсемен шұғылданбайтын құрдастарына қарағанда олардың организмінде қартаю жасушаларының түзілуі едәуір азайған.
Жалпы алғанда, зерттеулер өмір бойғы кәсібі абстрактілі ойлаумен, математикамен, физикамен, химиямен, лингвистикамен және филологиямен байланысты адамдар дене еңбегімен айналысатын адамдарға, сондай-ақ, мұғалімдер мен спортшыларға қарағанда кешірек қартаятындығын көрсетеді. Үй шаруашылығындағы адамдарда қартаю үрдістері ерте белең алады, ал актерлік мамандықтың өкілдері, жазушылар, ғалымдар мен саясаткерлер қартаюға кешірек ұшырайды. Мұндай жандардың жұмыстағы карьерасының шыңы 40-тан 80 жас аралығында, тіпті, 90 жасқа дейін болады, ал олардың біліктілігі жасымен қоса өсе түседі. Оларға ғалымдар, заңгерлер, саясаткерлер жатады, әдетте, бұл жандардың ақыл-ой, шығармашылық әлеуетінің дәрежесі жоғары болады, бұл еңбек-қызметінің тиімділігіне ықпал етеді, олар еңбегінің барысында табиғи дарынын ашып, жетекшілік дарынын шыңдап, өз саласын немесе, тіпті, елді табысты басқарады.
Салауатты ұзақ ғұмыр бірегей ақыл-ой иелерінің, шығармашылық дарынды тұлғалардың, үнемі миы қарқынды жұмыс істейтін адамдардың үлесіне тиесілі екендігін байқауға болады, сондай-ақ, жалқау, енжар, өмірге түңіле қарайтын адамдардың үлесіне тимейтіндігі де айқын көрінеді.
Төрегелді Шарманов