АЛЛАһТАН ҚАЙТАДЫ…
Қазақтың «Аллаһтан қайтады» дейтін бір әдемі сөзі бар.
«Аллаһтан қайтады!» Біздің бүкіл болмысымыз осы екі-ақ ауыз сөзге сыйып кеткендей көрінеді кейде. Неге? Себебі, қазақ ешқашан көршісі аш отырып, өзі тоя тамақ жемейді. Себебі, қазақ ешқашан біреу жәрдем сұраса, оған көз жұмып қарамайды. Қазақ ешқашан біреудің нанын тартып алып, олардың көз жасына қалмайды. Қазақ ешқашан алақан жайып, қайыр сұрап отырған жандарды айналып өтпейді. Жоқ дегенде оларға жаны ашып, ішінен дұға жасап өтеді. Себебі, бұл – біздің қанға сіңіп қалған адамдық қасиетіміз. Бұл біздің ғана емес, Адам атадан (а.с) тараған бүкіл адамзат баласының болмысында бар нәрсе. Шынында да, жасалған жақсылық тек Аллаһтан ғана қайтады. Бүгін көмектескен адамың ертең-ақ сол жақсылығыңды ұмытып, кетуі мүмкін. Ал Аллаһ – Есепке жүйрік, барлық нәрсені Білуші, Әділетті және жасаған жақсылығыңның сыйын Еселеп Қайтарушы!