Алланың білімі қанша?
Құранда Алланың білімі жайлы былай деп баян етеді:
«Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол өзі ғана біледі. Құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі» (6.Әнғам-59).
«Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла көкіректегіні, көңілдегіні толық біледі. Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толықбілуші» (67.Мулк, 13-14).
«Расында Алла барлық нәрсені толық біледі» (8.Әнфал-75).
«Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрмедің бе? шәксіз Алла көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі,әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да,әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла әр нәрсені толық білуші» (58.Мужадәлә — 7).
«Ол ғайыпты, көрінгенді біледі. Аса ұлы өте жоғары. Сендерден кім сөзді жасырса да, жарияласа да және кім түнде жасырынып, күндіз шықса да Аллаға бәрі бірдей» (13.Рағыд, 9-10).
«Айт: Алла біреу, Ол Алла самад – еш нәрсеге мұқтаж емес» (112.Ықылас,1-2).
«Әй, адам баласы! Сендер Аллаға мұқтажсыңдар. Алла еш нәрсеге мұқтаж емес,өте мақтаулы» (35.Фатыр-15).
(қосымша қараңыз: 3.Али Имран, 5-9; 6. Әнғам-3; 2.Бақара-255; 34.Сәбә — 3).