Алланың берген өміріне мүлік сияқты қарауға болмайды!
Өзіне – өзі қол салу үмітсіздіктің, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды. Ал жүрегінде иман нұры ұялаған, шынайы Исламнан нәр алған адам мұндай дерттен аулақ болады. Алла Тағала өзінен қорқып, пәни дүниенің сынағына шыдаған адамға тосын сый беретінін айтып қасиетті Құранда « Кім Алладан шын қорықса, Алла оны кез келген қиындықтан құтқарады және күтпеген жерден ризық несібе береді» ( “Талақ” сүресі, 2- 3аят)- дейді. Оның үстіне өмір – Алланың адамға берген ең үлкен нығметі және аманаты. Ендеше, аманатқа қиянат жасамай, өлшеулі өмірді өнегелі өткізсек, ең бірінші өзіміз үшін пайдалы.
Иманды жаннын бұл дүниедегі тартқан азаптары мен көрген қайғы – мұндары арғы өмірді мәңгілік бақытқа жеткізетіні Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде білдірген. Ендеше, адам баласының бұл сынақ өмірді белгілі бір мөлшерде қасіреті тартуы – заңды құбылыс. Оған иман тұрғысынан қараған абзал.
Қазақ халқы әу бастан мұсылман болғандықтан, перзентіне ислами тәрбие беруді құп көрген. Негізгі баланың сана – сезімі, түйсігі өмірге деген көзқарасы ерте кезден басталады. Сондықтан ата- анасы баласы хат танып, мектепте барған кезден – ақ оның санасына «Иман» дәрісін егу керек. Ол үшін баласымен Құдай жөнінде, оның Елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы, ата –ананы құрметтеу сияқты тақырыптарды әңгімелесуді бастап, уақыт өткен сайын тереңдетуге болады.
Егер Ислам жайлы ата – анасының білетіні шамалы болса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттерді жыл сайын жазғы демалыстарда мектеп оқушылары үшін діни сауат ашу курстары ұйымдастырылады. Онда оларды жас ерекшеліктеріне қарай түрлі топтарға бөліп, оқытады. Сондай – ақ, ислами тәлім –тәрбие беруге де ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, бала кезінен имандылық нәрімен сусындаған жеткіншектердің болашаққа суицидке баруға екіталай. Себебі, Исламда өз – өзіне қол салу – үлкен күнә екенін санасына түйіп өседі.
Бұл жөніндегі Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) “Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішінен қадалған күйі тозаққа кіреді. Ал, кім у ішіп өлсе, жаһәннамда мәңгі сол уды ішеді,кім жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгілікке тасталады” – деген хадисті бала санасына құя алсақ, келешегіне аландамасақ та болады. Шариғатымызда «Алла Тағала берген нығметке қиянат жасау – харам. Жаратқан иеміз пенделеріне өмір сүру, ішіп жеуді өлшеп берген болса, оны дұрыс орынды пайдалануы тиіс. Адам осы өмірін (сынақ дүниені) дұрыс пайдаланбаса, тозақы болады.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: “Өздеріңді өздерің өлімге қимандар деген, яғни өздеріңе қол салмаңдар ” – дейді. (“Ниса” cүресі 29 аят) Бұл өмірді адамның өз еркімен тәрк етуін ата дініміз айыптайды. Адам баласы қандай жағдайда да сабыр сақтауға тиіс.
Демек кім өзіне қол салған болса, тозақта қиналады. Жабир ибн Самурадан (Оған Алла разы болсын) риуаят етіледі: «Расулаллаға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзін пышақтап өлтірге адамды алып келді. Бірақ, ол кісі оған жаназа оқымады» (Бұхари мен Термези риуаттары).
Өзіне-өзі қол салу-мүмін мұсылмандарға тура келмейді, Алланың пендесіне бұйыртқан тағдырына қарсы шығу болып саналады. Алланың берген өміріне мүлік сияқты қарауға болмайды. Алла Тағала адамды қандай әдемі, тап – таза етіп жаратқан, демек осындай әдемі мүсінмен жасаған Алланың туындысына қарсы шығып, аманатқа қиянат жасауға болмайтынын ақыл-есі түзу адам түсінуі керек.
Бейсенбин Ермұрат Қасенұлы