Алланың міндетін атқара алмаймыз. Кең болайықшы…
Бұрын кекшіл болғанмын. Біреу ренжітсе кек қайтаруды ойлайтынмын. Кешіруді білмейтінмін. Минтингке шығамын дегенім үшін тергеген бұрын қала әкіміне есе қайтармақшы болмақшы болдым. Қаладағы істелмеген істерді ютубқа салып жібермекші болдым. Торғай туралы жазбам үшін боқтағандарға да кек сақтадым. Жұмыста боқтық сөз айтқан бастықты да ұстап алып ұрып кетпекші болдым. Кішкентай бала үшін пәтерден шығармақшы болған пәтер иесіне де көңілім қалды. Бірақ әр істің қайыры бар екен. Бір жамандықтың жақсылығы болады екен. Кекшілдік жаман нәрсе екен. Пәтерден шығарса одан да жақсы пәтер таптым. Жұмыстан шығарса одан да жақсы жұмыс табамын. Кең болсаң пейіліңе береді екен. Сабыр сақтасаң сый дайындап тұрады. Анар Төлеухан апам айтпақшы бәрін көріп реттеп тұрған Алла бар. Жазалау, кешіру біздің құзырымызда емес. Алланың міндетін атқара алмаймыз. Кең болайықшы.
Дәулет Серікбай Facebook-тегі парақшасынан
Alashainasy.kz