Алланың 99 ұлы есімін білген жөн
Құранда былай делінеді: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (Ағраф сүресі, 180-аят) Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтады:
«Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді». Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Жүз бірсіз, кім оларды зікір етіп жүрсе жәннатқа кіреді», — деп айтқан. (Әл Бухари, Муслим)
Олай болса, ұлы құдіретті Алланың ұлық есімін жадымызда ұстап, мағынасын түсініп, үнемі айтып жүрейік. Өйткені, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән.
№ |
Қазақша транслитерациясы | Aрабша жазылуы |
Мағынасы |
Алла |
الله |
Оның (Алла тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күн сайын зікір етсе, иманы берік болады. | |
1 |
Ар-Рахман |
الرحمن |
Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Алла тағала мүмин-мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ ол адам қаталдықтан арылады. |
2 |
Ар-Рахим |
الرحيم |
Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. |
3 |
Әл-Мәлик |
الملك |
Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. |
4 |
Әл-Қуддус |
القدوس |
Қасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін келбеттен тыс. |
5 |
Ас-Сәлам |
السلام |
Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. |
6 |
Әл-Мумин |
المؤمن |
Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды. |
7 |
Әл-Мухаймин |
المهيمن |
Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. |
8 |
Әл-Азиз |
العزيز |
Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. |
9 |
Әл-Жәббар |
الجبار |
Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа соны кімге де болсын істете алады. |
10 |
Әл-Мутакаббир |
المتكبر |
Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе халық арасында құрметті болады. |
11 |
Әл-Халиқ |
الخالق |
Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады. |
12 |
Әл-Бари |
البارئ |
Жаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Алла әрдайым жаратуда. |
13 |
Әл-Мусаууир |
المصور |
Келбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әртүрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Алла тағалаға ешкім теңесе алмайды. |
14 |
Әл-Ғаффар |
الغفار |
Аса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Бұл дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды. |
15 |
Әл-Қаһһар |
القهار |
Өте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған мойынсұнып жүрсе, Алла тағала ол адамның иманын күшейтеді. |
16 |
Әл-Уаһһаб |
الوهاب |
Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды. |
17 |
Ар-Раззақ |
الرزاق |
Ризық беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады. |
18 |
Әл-Фәттах |
الفتاح |
Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады. |
19 |
Әл-Алим |
العليم |
Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін ешнәрсе жоқ. Алла тағала – білушілердің білушісі. Алла тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе, Алла тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады. |
20 |
Әл-Қабид |
القابض |
Қысып алушы. Кімге қаласа ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе аш-зарыққан болмас. |
21 |
Әл-Басит |
الباسط |
Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді. |
22 |
Әл-Хãфид |
الخافض |
Түсіруші. Алла тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. |
23 |
Әр-Рафи |
الرافع |
Көтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде де, ахиретте де көтереді. |
24 |
Әл-Муизз |
المعز |
Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді. |
25 |
Әл-Музилл |
المذل |
Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» — тозақты дайындайды. |
26 |
Ас-Самиғ |
السميع |
Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. Ол барлық сыбыс, дыбысты естиді. |
27 |
Әл-Басир |
البصير |
Көруші. Ол бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол ғайыпты да көреді. |
28 |
Әл-Хакам |
الحكم |
Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. |
29 |
Әл-Ғадл |
العدل |
Әділ, Адал. Ол кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдерінде әділ. |
30 |
Әл-Ләтиф |
اللطيف |
Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады. |
31 |
Әл-Хабир |
الخبير |
Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Аллаһ тағала қанағатты етеді. |
32 |
Әл-Халим |
الحليم |
Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын. |
33 |
Әл-Ғазим |
العظيم |
Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ. |
34 |
Әл-Ғафур |
الغفور |
Кешіруші, күнәларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады. |
35 |
Әш-Шәкур |
الشكور |
Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді. |
36 |
Әл-Ғали |
العلى |
Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте. |
37 |
Әл-Кабир |
الكبير |
Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс. |
38 |
Әл-Хафиз |
الحفيظ |
Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Аллаһ тағала әлсіздердің жәрдемшісі. |
39 |
Әл-Муқит |
المقيت |
Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді. |
40 |
Әл-Хасиб |
الحسيب |
Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді. Олардың бұл дүниеде жасаған амалдарына қиямет күні есеп береді. |
41 |
Әл-Жәлил |
الجليل |
Биік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік. Қадір-қасиетінде аса Ұлы. |
42 |
Әл-Карим |
الكريم |
Құрметті, Мәрхамет иесі, ізгілік істеуші. Оның рахымында шек жоқ. Ізгілігі ешқашан таусылмас. Уәде берсе, толығымен орындайды. |
43 |
Әр-Рақиб |
الرقيب |
Қараушы, Бақылаушы. Ол әр нәрсені көріп, біліп тұрады. Ешнәрсе оның алдынан өтпей кетпейді. |
44 |
Әл-Мужиб |
المجيب |
Жауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап береді. Ол жауап қайтаруда. Ол адам баласы үшін не нәрсе пайда беретінін біледі. «Иә Мужибу дағуати тәммәти» деп дұға етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз. |
45 |
Әл-Уасиғ |
الواسع |
Қоршап алушы, толтырып салушы. Ол Өз құлдарын ризықтармен бөлейді. Мәрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады. |
46 |
Әл-Хаким |
الحكيم |
Даналық Иесі, қате жасаудан пәк. Қате жасау Оның даңқына келмейді. Ол әр нәрсені өз орнына қояды. |
47 |
Әл-Уадуд |
الودود |
Ізгілік істеуші, Сүюші. Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол мәрхаметі, мейірімі және ризықтары арқылы Өзі туралы білдірттеді. |
48 |
Әл-Мәжид |
المجيد |
Даңқты, Құрметті. Өз істерінде Көркем. Ол дүниені ризықтарымен толтырады. |
49 |
Әл-Бағис |
الباعث |
Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді. |
50 |
Әш-Шахид |
الشهيد |
Куә. Ол анығын да, белгісізін де біледі және соған Куә. Алла тағала Өзінің Иләһи сипаттарыменен жалғыз Құдай екенін білдіртеді. |
51 |
Әл-Хаққ |
الحق |
Шындық иесі. Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты. Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді. |
52 |
Әл-Уакил |
الوكيل |
Басқарушы. Өкіл иесі Алла тағала барлығын басқарады. Құлдары Оған тәуекел етіп, тәубе келтіреді. |
53 |
Әл-Қауийу |
القوى |
Қуатты, Мықты, Құдіретті. Оның шамасы әр нәрсеге жетеді. |
54 |
Әл-Мәтин |
المتين |
Мықты, Тұрақты, Құдіретті. Оның күшіне ешкімнің қуаты жетпейді. Ол ешқашан әлсіз немесе шамасыз бола алмайды. |
55 |
Әл-Уасиғ |
الولى |
Қорғаушы. Ол тақуаларды (әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат береді. Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді. |
56 |
Әл-Хамид |
الحميد |
Пәктеулі, Дәріптеулі, Мақтаулы. Мадақ Иесі. Алла тағаланы кәпірлер мен екіжүзділерден басқасының бәрі мадақтайды. |
57 |
Әл-Мухсий |
المحصى |
Санаушы. Ол бәрін санайды. Оған ешкім санауға бөгет жасай алмайды. Ол бір нәрсеге көңіл бөліп басқаны назарынан тыс қалдырушы емес. |
58 |
Әл-Мубдиу |
المبدئ |
Бастаушы. Ол қандай-да бір жаратылысты жаратар алдында ешбір бейне, мысалсыз жаратты. |
59 |
Әл-Муғид |
المعيد |
Қайтарушы. Ол тірілерді өлілерге айналдырады және оларды қайтадан бастапқы қалпына келтіреді. |
60 |
Әл-Мухий |
المحيى |
Тірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді. Егер біреу бұл есіммен Алла тағалаға жалбарынса, шипа табады. |
61 |
Әл-Мумит |
المميت |
Өлтіруші. Денелерден жан алып өлтіреді. Ақыреттің қайғы-мұңның дәмін татпау үшін Алла тағаланың осы атын көбірек қайталап, зікір етіп жүру керек. |
62 |
Әл-Хайю |
الحي |
Тірі. Ол мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ. |
63 |
Әл-Қаююм |
القيوم |
Бәрінің үстінде тұрушы. Әрбір заттың үстінен қарайласып оған Қамқоршы болып тұрады. Әр нәрсе тек Алла тағаланың қалауымен тұрады. Өздігінен мықты тұрушы. |
64 |
Әл-Уәжид |
الواجد |
Бай, Табушы. Нені тапқысы келсе, сәтінде-ақ табады, өйткені бүкіл жаратылыс оның құзырында. Ол ештеңені жоғалтушы емес. |
65 |
Әл-Мәжид |
الماجد |
Құрметті, Сыйлы. Ол жақсы қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен сый оған тән. |
66 |
Әл-Уахид |
الواحد |
Теңі жоқ, жалғыз.Одан басқа Құдай жоқ. Алла тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі. |
67 |
Әл-Ахад |
الاحد |
Жалғыз. Алла тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі. |
68 |
Ас-Самад |
الصمد |
Мұңсыз. Адамдардың қажеттерін өтеп беруші Алла тағала, сол үшін құлдары Оған бұл көркем атымен жалбарынады. Ол – аса Құдіретті, Қуатты. |
69 |
Әл-Қадир |
القادر |
Мықты, Қадірлі. Оны мақұлықтар қадірлейді. Оған ешкімнің көмегі керек емес. Ол әр нәрсеге шамасы жетеді. |
70 |
Әл-Муқтадир |
المقتدر |
Құдіретті. Не істегісі келсе соны істеуге қуаты жетеді. Оның істей алмайтын ісі жоқ. |
71 |
Әл-Муқаддим |
المقدم |
Алға шығарушы. Өз пайғамбарларын алға шығарады. Өзіне инабатты құлдарын тура жолға салады. Оларды ұлық дәрежелерге көтереді. |
72 |
Әл-Муаххир |
المؤخر |
Артқа тартушы. Өз жауларын артта қалдырады. Ол Өзі мен кәпірлердің арасына бөгет перде салады. |
73 |
Әл-Әууәл |
الأول |
Бірінші, Алғашқы. Баршаның алдында. Ол T мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес. |
74 |
Әл-Ахир |
الأخر |
Соңғы, Ақырғы. Барша мақұлық қиямет күні қайтыс болғанда Алла тағала тірі болады. Оның соңы жоқ. |
75 |
Аз-Заһир |
الظاهر |
Анық, Көзге көрініп тұрушы. Ол Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.) арқылы бар екенін анық көрсетіп тұрады. |
76 |
Әл-Батин |
الباطن |
Көрінбей тұрушы, Ішкі. Ол мақұлықтардың көзіне көрінбейді. Ол мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады. |
77 |
Әл-Уали |
الوالي |
Басқарушы, Уәлі. Ол әр нәрсенің басқарушысы. Ол не бұйрық берсе, сол мезетте бұлжытпай орындалады. Ол Өз қалауымен және даналығымен билік жүргізеді. Үкімдерін іске асырады. |
78 |
Әл-Мутағәли |
المتعالي |
Биікке көтерілуші (Самғаушы). Мақұлықтардың сипаттары Оған тән емес. Пайғамбарлардың сипаттарын биік дәрежеге көтереді. |
79 |
Әл-Барру |
البر |
Ізгілік істеуші. Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік және қамқорлық етеді. |
80 |
Әт-Тауәбу |
التواب |
– Тәубені қабылдаушы. Ол әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін қабыл етеді. Тәубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді. |
81 |
Әл-Мунтақим |
المنتقم |
Өш алушы. Ол Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына қарай азаптайды. |
82 |
Әл-Ғафуу |
العفو |
Аса кешірімді, Ғафу етуші. Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәларын жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Алла тағалаға жалбарынып артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннә» десе оның күнәлары кешіріледі. |
83 |
Ар-Раууф |
الرؤوف |
Қамқоршы. Алла тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды. |
84 |
Мәликуль Мульк |
مالك الملك |
Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы, күллі мүлік Оның қолында. Кім осыны көп қайталап жүрсе Алла тағала Өз байлығынан төгіп береді. |
85 |
Зүл Жәләли уәл Икрам |
ذو الجلال و الإكرام |
Құдірет және құрмет Иесі. Өзінің ұлы сипаттары үшін құрметті және атақты болады. |
86 |
Әл-Муқсит |
المقسط |
Әділ. Шешімдерінде өте Әділ. Әрбір қиянат жасаған мен зиянға ұшырағанды о дүниеде сұрайды және істеген амалдарына қарай жәннат немесе тозаққа жібереді. |
87 |
Әл-Жәмиғ |
الجامع |
Жинаушы. Қиямет күні «Махшарда» бүкіл адамдарды жинайды. Ол біреуін де қалдырмайды. |
88 |
Әл-Ғани |
الغنى |
Бай. Оған ештеңе керек емес. Барша мақұлық Алла тағаладан қажеттерін сұрайды және Оған тәуелді. |
89 |
Әл-Муғни |
المغنى |
Байытушы. Өзінің қай құлын байытқысы келсе, шексіз ризық беріп байытады. Осы арқылы сынайды. Байлықтың барлығы Оған қайтарылады. |
90 |
Әл-Мәниғ |
المانع |
Харам етуші, рұқсат бермеуші. Ол Өз құлдарына кейбір нәрсені харам етеді. Өзінің сүйікті құлдарын залымдардан қорғайды. |
91 |
Ад-Дарру |
الضار |
Зиян келтіруші. Азап ретінде кейбір құлдарына күнәлары үшін зиян келтіреді. |
92 |
Ән-Нафиғ |
النافع |
Пайда беруші. Өз жаратқан мақұлықтарына пайда береді. Кейбір құлдарының пайдасын көбейтеді. |
93 |
Ән-Нур |
النور |
Нұр, Нұр шашушы. Әр түрлі жетіспеушіліктерден пәк. Бұл дүниені Өз нұрымен нұрландырып тұрады. Соқырға нұрды көру үшін көз нұрын, жанар береді. Адасқандарды тура жолға салады. Осы керемет есімді қайталап жүрген адам қайғыға салынбайды. |
94 |
Әл-Һәди |
الهادئ |
Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші. Мустақим жолға салушы. Жүректерді хақты табу үшін бағыттайды. Дінде немесе дүниауи амалда пайда беретін нәрсеге жолықтырады. |
95 |
Әл-Бәдиғ |
البديع |
Жаратушы. Ешбір нұсқа, мысалсыз жаратады. Оның биік сипаттарына ешкім жете алмайды. |
96 |
Әл-Бақи |
الباقي |
Бақи, Мәңгі. Ол соңсыз мәңгілік жасайды. Ол тірілмейді де, өлмейді. |
97 |
Әл-Уарис |
الوارث |
Мұра Иесі. Барлық мұра Алла тағалада. |
98 |
Әр-Рашид |
الرشيد |
Салушы. Ол Өз құлдарын пайда беретін жолға салады. Өз даналығымен билік жүргізеді. |
99 |
Әс-Сабуру |
الصبور |
Сабырлы. Ол сабырмен құлдарының күнәларын кешіріп, азабын тездетпейді. |