Алманың жұмақ мекені Үржар – заманауи жұмақ мекен өлкесі.
Бір апталық саяхатты ұйымдастыруды «Тұрақты даму» Жер Қоры өз жауапкершілігіне алды және оның басшысы экспедицияның қатысушысы Алан Бесен болды.
Табиғатқа деген әсемдік пен махаббатты сақтап қалуға, саяхатқа деген құштарлық және жаңа дүниені тануға деген ниет, алып ұшқан жүректер мен әлемге деген сенім, біздің эко-туристер тобын Қазақстанның оңтүстік-шығысына жұмбақ саяхатқа жетеледі.
Қазіргі адам толыққанды салауатты және бақытты өмір сүру үшін құрылған көптеген энергоинформациялық құрылымдар өзгертілген немесе жоғалған әлемде өмір сүреді. Жасанды жасалған, генномодифицирленген тамақ өнімдері, синтетикалық материалдар, жағымсыз әсер ағындары, адамның танымын, тіпті өзінің құрылымын деформациялайды.
Біздің өз ішіміздегі табиғатымызды табиғи қалпына келтіру, өзіміздің сезімімізді қалағанымызша ояту үшін, көптеген адамдар елді мекендерден алыс орналасқан табиғи объектілермен, ормандардың, таудың, даланың түзімен, таза су қоймаларымен, жабайы өсімдіктермен өзара қарым-қатынас жасау қажеттілігін іштей сезінеді.
Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында Тарбағатай жотасының баурайларында жабайы алма ағашы, тіпті алғашқы генді жеміс беретін біртұтас алма ағаштары да гүлдендіреді. Ғылыми тұрғыда бұд алмалар Сиверс алмалары және Недзвец алмалары деп ғылым әлемінде жаңалық ашушылардың аты бойынша аталған.
Адамның санасында жұмақ бақ туралы түсінік, хош иісті жемісті — алма ағаштарымен тығыз байланысты. Мүмкін, адам түйсігі, тілегі адамдарды жанды табиғатпен бірге өмір сүруге тартады, жер бетінде жұмақ орнын іздеп, тіпті өзіндік жұмақ бақшасын қалыптастыруға жетелейді. Егер планетамыздағы жұмақ бағы немесе алма ағашы мол, жылы климатты және сенімді, қолайлы өмір сүру ортасын қажет етсек, онда ол жер Тарбағатай, онда бәрі бар болғандықтан онда барудың нақты мүмкіндігі бар.
Сурет 1.
Қорықтық баптау
Біздің экспедиция Үржар ауданының орталығынан зерттеу, сақтау және туризмді дамыту мақсатында, 2018 жылы құрылған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мекемесінен басталды. Осы мақсатта құрылып отырған парк қызмет еткенде алмалы ормандар кәмілсіз қорғалатын болады.
Біздің сапарымыздың негізгі мақсаты, агротуризм (ауыл туризмі) тақырыбымен аймақтың ресурстарын зерттеуге, сондай-ақ алма ағаштарының арғы атасын көруге, тылсым Алакөл көлінде шомылуға, жол салу кезінде, алтын бас киімінде қасиетті құс Самұрық бейнеленген Үржар ханшайымы табылған жерлерді аралауға, ең жақсы тау балынан дәм татып, қасиетті таза суын ішу мақсатымыз болатын.
Біз ұлттық табиғи парк кеңсесінен, ерекше қорғалатын табиғи аумақты аралауға рұқсат алған кезде, еншімізге ең мықты көшбасшыны бөлген еді. Көшбасшымен көп ұзамай бірден, тауларға, өзен шатқалдарына, ормандарға, жайқалған дала шөптерін, түрлі-түсті гүлге оралған аумақтарды аралауға жолға шықтық.
Сапар, 2019 жылдың қыркүйек айының алғашқы аптасында, алма маусымының пісу қызу кезеңінде болды. Бірақ, бұл жыл алма ағаштарының жеміссіз болатыны сирек кездесетін ерекше жыл болған екен. Табиғат сынақтарына өте төзімді жабайы алма ағаштары, бірен-саран ғана жеміс берген екен. Бірақ! Біз ең барлық жағдайға ең төзімді жабайы жемісті ағаштарды таптық. Ия, расында, жабайы алма ағаштарынан тұратын ормандар бар екен. Бұл алмалар тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем қауымдастығы үшін үлкен құндылық болып табылады, өйткені олар планетаның генофондын білдіреді. Кәдімгі мәдени сортқа егілген жабайы алма ағашының бір бұтағы, ол алма ағашының барлық қасиеттерін едәуір жақсартады. Яғни, нағыз эко өнім осы жерде. Сондықтан олар жақсы қорғауға алынып, тұқымдары мен көшеттері таратылмайды, сіз оларды тек таңдана қарап, дәмін татуға мүмкіндік ала аласыз. Парк осындай алма ағаштарын көбейту мақсатында тұқымбақ салуда екен, тұқымбақта өсірілген алма көшеттерін кейін олардан сатып алуға болады екен.
Жабайы алма ормандары, керемет өсімдіктермен, емдік және хош иісті шөптермен, тау өзендерінің гүрілдеген сарқырамалары бар Тарбағатай жотасының оңтүстік баурайында өседі.
Ұлттық табиғи паркте өткен екі күн ішінде, біздің топ дайындалған төрт туристік маршруттың екі бағыты бойынша жүріп өтті. Осы уақыт ішінде көптеген сұлулықты көріп, Үржар тау өзенінде шомылып, үш түрлі сорты бар долана, таңқурай, сиыр бүлдіргеннің дәмін татып, киікотынан демделген шай ішіп, тау жалбызы, сәлбен, күреңот және қара, қызыл итмұрындарды кездестірдік. Тағы біз тауда орналасқан омарташыға және жергілікті тұрғындардың үйіне бардық. Олар бізді жылы шыраймен, қонақжайлылықпен қарсы алды, тіпті жергілікті табиғи ас-дәмдермен: құрт, қолдан жасалған сүзбе және бақ алмаларын жеп денсаулығымызды нығайттып, күш қуат жинадық. Ал Үржардың қарбыздарына келсек қандай тәтті, қарбызды өз алқаптарында өсіретіндіктен оны балмұздаққа теңерсің …, бұған ұқсасын басқа еш жерде кездестірмеп едік. Эко, эко, эко.
Тау етегіндегі үйлердің арасынан ерекшеленген үйде суретші Бағдат тұрады екен, ол өз үйінің сыртын көлемді суреттерімен өз қолымен әдемі безендірген екен, тіпті, оның кішкентай қызы суретті жақсы салады екен, ал әйелі гүлді жақсы көріп, ауланы гүлмен көзтартарлық безендірген. Бұл жерде сұлулық сұлулықты туғызатыны анық.
Бізге жол көшбасшы ретінде тағайындалған Ережеп Мұқанұлы жабайы аңдар қайда мекендейді, неліктен кейбір түрлері жоғалып кетті, таудағы әр бұта мен ағаш, жидек қай жерлерде өседі, өзендер, үңгірлер мен жартастар, барлық жолдарды, бұл жерлер туралы бар тарихты біледі екен. Оның бүкіл өмірі осы аумақпен байланысқан. Біздің көшбасшымыздың барлық жағдайға дайын екен, сонымен қатар өзі баянмен ән айтатыны бар екен, айтқан әнін ұйып тыңдайсын, біз бұндай әнді бұрын-соңды естімеген екенбіз. Бұл адамның жүрегінде туған жерінің бүкіл табиғатына деген жанашырлық және сүйіспеншілік мықты сақталған. Ұлттық паркте мұндай адамдар болған кезде, асыл мұралары сенімді қолда деуге болады.
Сурет 2.
Түрлі-түсті Алакөл
Үржар ауданының ерекше қорғалатын аумағына Алакөл көлі де кіреді.
Көл жағалауы Алматы және Шығыс Қазақстан болып 2-ге бөлінген. Біз көлге Шығыс Қазақстандағы көл жағалауына, Қабанбай ауылы арқылы жеттік. Жағажайға кіре берісте түрлі жағажай инфрақұрылымы орналасқан.
Бүгінгі күн жылы және шуақты болды, көл жарқырап, бізге сергектік, жұмсақтық пен жылы сезімдерін жіберді. Көлдің кішкентай таулармен қоршалған және аралмен безендірілген, ландшафты көз куантарлық. Су жылы, тұзды және таза болып шықты, ал көлдің түбі мен жағасы жанартау жыныстарының кішкентай дөңгелек қиыршық тастарымен жабылған. Мұндай керемет байланыс көптеген жағымды эмоциялар қалдырды. Керемет жер!
Кешке, аспанға бұлт үйірілгенде, көл түсі өзгере бастады, ал келесі күні желді жауын тұрған кезінде ол түсін басқаша өзгертті. Көл өз атауынның мағынасын дәлелдеді — Алакөл аудармада түрлі-түсті көл дегенді білдіретіні осыдан болар.
Теңіз шомылушы әуесқойларына алысқа барудың қажеті жоқ, өйткені бұл жерде қайта оралғың келетін Алакөл бар. Көлдегі жағажай маусымы жаз бойы созылып, қыркүйектің басында аяқталады екен.
Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің Алакөлде ақпараттық орталығын ашуы жоспары да бар екен, келешекте демалушылар жағажай демалысын кейін, тауларға бағыт алып баруды әртараптандыруға мүмкіндік болары нақ.
Сурет 3.
Итальяндық дәм татқан қазақ бауырсақтары
Біздің сапарымыздың келесі бағыты Ақшоқы ауылы болды.
Мыңнан астам халқы бар шағын ауыл бізге жағымды әсерін қалдырды. Бұрынғы әкім мен қазіргі әкім бастаған жергілікті тұрғындар өздерінің дамуы және шығармашылығы үшін ауылдан жайлы орын жасаған. Ауылдағы барлық үйлер сумен қамтамасыз етілген, көшелері таза. Ауылдың орталығында Интернетке қосылған тамаша интернет-кафе бар. Мектепке қарама-қарсы жерде балалар мен жасөспірімдерге арналған үлкен спорт алаңы бар.
Мектеп туралы бөлек айту керек. Мектеп ауласын көргеннен бастап таңдана бастадық. Мұндай әдемі алдыңғы қатардағы бақтарды тіпті, үлкен мегаполистерден де кездестіре алмайсыз. Қалалардан шалғай жердегі ауылда, көңіліңе қуаныш әкелетін керемет гүлдендіру дизайнымен өңделген бақ. Оқушылар санының аздығына қарамастан, үлкен мектеп жақсы жағдайда және қазіргі білім алу үшін қажетті ресурстар да бар, балалар үшін тіпті 3D принтерлері қолданыста бар екен. Бұл жердегі еңбекте мектеп директорының үлкен ынта-жігері мен шабыттандыратын белсенділігі, сонымен қатар жергілікті әкімдердің қосқан үлестерін де атап өту керек. Оқушылар мен мұғалімдер тобы туған жері, табиғаты, халқы, батырлары туралы барлық ақпаратты мұқият жинайды екен. Ақшоқаның алдыңғы әкімі Төлеген Жирентаевтың жас ұрпаққа сапалы білім беруді ұйымдастыруға арнаған ерекше қабілеті бар адам екені туралы көптеген жылы сөздер естідік. Бұл кісінің ауылдағы істерінің арқасында, оның тұрғындары арасында ерекше, мейірімді, жылы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасалған. Біздің туристер тобы, Төлеген Бәкейұлы Мәуленге қонаққа келдік, халқы оны құрметтейді және жақсы көреді екен.
Бізді қымбатты қонақтар ретінде жергілікті кәсіпкер Мәулен мен оның жұбайы Гүлзат үйінде қарсы алды. Жергілікті тағамдармен бірге үстел басында әңгіме өрбіді. Қожайындар үйіне алыстан келген қонақтарды бірнеше рет қабылдағап тұрмағандығы көрініп ақ тұр. Бірде, бір итальяндық қонаққа келіп, қазақтың ұлттық бауырсағынан дәм татыпты, ол таудың таза балын бауырсақ ішіне құйып, шаймен рахаттана жепті. Бізге де итальяндық турист көрсеткендей, қазақ бауырсағы ортасына бал құйып жеген ұнады, өйткені бауырсақ та, бал да дәмді болды. Үй иелерінен біз бұл жерлердің көптеген табиғи көрікті жерлері туралы білдік. Көздеріміз жанып, бәрін көргіміз келіп, әр жерге барғымыз келді, бірақ бізде барлық бағытқа 2 күн кане бөлінген еді.
Сурет 4.
Жұмақ жерде, маса да жоқ
Таңертең біз жол талғамайтын көліктермен тауға шықтық. Тағы бір жағымды жаңалық, тауда масаға қарсы қорғанудың қажеті болмады, себебі, бұл жерде олар мүлдем жоқ.
Ақшоқы ауылынан біз жоталы жерлермен өттік, жолымыз Тарбағатай жотасының етегіне қарай бет алды. Тарбағатай атауы суырдың бір түрі — Тарбағаннан шыққан екен. Шынында да, таулы алқапта суыр індері өте жиі кездеседі екен, сондықтан әсіресе атқа мінгенде, қозғалыс кезінде жолды мұқият қарау керек.
Біз қыстауға жеттік. Қыстаудағы үйде бұл жабық, жылы бөлмелерден тұрады екен. Мұнда жануарлар жазғы салқын мезгілде еркін жайылады, ал қыста бұл жерлерде қар жамылғысы үш метргедейін жетеді екен. Мұндай жердегі жануарларды үй жануары деп атауға қиын, олардың ерік-жігері көп, шөптері мол, ауасы кең, үнемі қозғалыста, сондықтан олардан жасалған өнімдер мүлдем басқа дәмге ие болары анық.
Алдымызда Подгорный ауылы алақанда тұрғандай толығымен көрінді. Ауылдың тұрақты тұрғындары аз, жазда ауыл айтарлықтай өмірге кенеледі екен. Тау ауасындағы демалыс денсаулық пен күш-қуат береді, қаншама бақытты сәттер болды … Біз жергілікті омарташы Бейбіттің үйіне де жеттік. Көптеген адамдар жергілікті балды жоғары бағалайды, тіпті барлық жердегі балдың дәмін татып көрген едік. Акшоқы ауылының әкімі Подгорныйдан алынған бал — дәмділердің ішіндегі ең дәмдісі деп еді. Біз аса үлкен жауапкершілікпен бұл балды «ең дәмді» бал, — деп айта алдық.
Әрі қарайғы жол сарқырамаға апарды. Жалпы бұл жердің өзенінде бірнеше сарқырама бар екен, біз ең жақын жердегісіне жеттік, ағынның күші мен сұлулығына тамсану, сарқырама биіктігі қажеттік етпеді. Сарқырамада жергілікті тұрғындар, кішкентай балықтар — алабалықтарды оңай аулайды екен. Балық аулау процесі үшін тыныштық болу керек, осы қызықты процесс су шуымен үйлесімін тауып, бізді таң қалдырды.
Кезекті саяхаттауда жазғы жайылым жайлауына келдік. Жайлауды қалай елестетсек те, көргеніміз күткеннен асып түсті. Бұл кең кеңістікті табиғат өзі басқарады, бәрін де өзі ыңғайлы етіп ұйымдастырады екен, оның заңдары мен ережелері, сұлулық заңдарына сәйкесті. Сонымен адам табиғаттың құшағында өзін қалай сезінеді? Біріншіден, тірі жан, оның өзі өмірінің бөлшегі, өзара тәуелді, жауапты. Мұнда қала мәртебесіне қарағанда, нақты мүмкіндіктер мен қабілеттер, көріп, білу мен дағдылары өте бағалы. Бұл жерге келгендердің бәрінің көңілі көтеріліп, жүрегі дірілдеп, санасы оянып, тіпті ән айтқысы келеді …
Атпен серуендеудің өзі адамды қуантады, содан-ақ айналадағы көріністер керемет екен. Жергілікті тұрғындардың «жақын жерде» деп айтқан сөзі, негізініен алыстау қашықтықты білдіреді екен. Жер бедері тегіс болмағандықтан жаяу жүрген туристтерге жүру оңай еместі. Мұндай жерлерде аттармен жүру әлдеқайда ыңғайлы. Таулы алқапта өсімдіктер мол, ылғал жеткілікті, кей жерде өзендер, кей жерде бұлақтар көзі кездесті. Өзен жағасында жабайы алма, көктерек, бөріқарақат және қара итмұрындар өсіп тұр екен. Жалбыз бен киікотының хош иістері ауаны толтырады. Дәрілік өсімдіктердің мол қорының арқасында кез келген жағдайда қажетті шөпті таба аласың. Сондай ақ бұл таудың етегінде әдемі асыл тұқымды сиырларды да кездестірдік. Пейзаждың сұлулығы мен табиғаты үйлесімділікті тудырып тұр.
Кеш батқанда, атпен сеуендеуден қайтып келе жатқанда, бақташылар үйінің қасында бізді жағымды тосынсый күтіп тұрды. Ол — үлкен тас, оның астында таза дәмі бұлақтары бар. Тас, көрініп тұрған тегіс өрістің ортасында тұр, кеңістіктегі инверсияны тудырып тұр. Мен оның жанында болып, оған қолымды тигізіп, су ішуден ләззат алып, содан кейін көзіммен ағып жатқан кішкене ағынды шығарып салдым. Қызықты селбесу мен тартымды күш орын алды. Қойшылар сүт пен қаймақты, үй астындағы тастың астына салқындатып қойып, сақтайды екен.
Ия, жайлау үйлеріндегі табиғи тамақ, сол жерде жасалған. Ал сүт пен қаймақ мұнда ең дәмді, ал үй нандары қол пештерде пісіріледі екен. Бұл барлық тіршілік түрі, маусымдық өмірлері тірі табиғатта, күн мен түннің арасында өтуде. Біз ол жерде ұзақ бір күн бойы болдық.
Қайта оралу уақыты келді. Таудан Ақшоқы ауылына оралғанда бізді 85 жастағы Үмітхан әжеміз жылы құшақпен, туыстары сияқты қарсы алды. Үмітхан әжеміз жақсы мінезді адам қане болып қоймай, өте көңілді адам болып шықты. Өз өмірі туралы тек жақсы әңгіме айтты. Кездесу соңында әрқайсымызға батасын берді. Әженің ерекше мақтанышы және оның ең үлкен шабыты — ол кісінің ұлы екен. Ауыл әкімімен ол кісі туралы сөйлескен кезде, ол кісінің күлімсіреген жүзі жарқырай түсті. Мен мұндай рухани, мейірімді әжеден алысқа кеткім келмеді. Бірақ, үйге барар жол бізді күтіп тұрды. Біз көптеген жағымды және таңғажайып әсерлерге қанығып қайттық.
Бірақ, өзімізді шынымен де, жұмақтың төрінде болғандай сезіндік.
Сурет 5.
Көкжиектің арғы жағында не қалды
Біздің сапарымызда, жергілікті тұрғындар өздерінің табиғи байлығын біздің қалай қабылдағанымызға шын жүректен қызығушылық танытты және Үржар аймағында тағы жақсы не бар екендігі туралы ақпараттармен бөлісті.
Бірнеше адам бізге, Шығыс Қазақстан жағында орналсқан Алакөл көлінің бұлағы мен балшығының емдік қасиеті бар жерлер кездесетіндігін айтты.
Ақшоқы ауылының маңында Қарабас тауынан петроглифтері табылған екен. Археологтар оларға әлі жете қойған жоқ, бірақ оны Үржар ауданындағы ұлттық парк зерттеу жүргізуге экскурсия жасауды жоспарлап отыр екен. Бұл туристердің танымдық белсенділігін демалыспен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Тарбағатай жотасының баурайында да әдемі жерлер көп. Бұл – Жасылкөл мұзды көлі, оған біз кездестірген адамдардың тек үшеуі ғана жетіп, оған біреуінің ғана жүзуге батылы барған. Бұл жерде тек сұлулық қана емес, сонымен қатар өсімдіктердің сан алуан түрі сақталған шатқал. Онда өзінің «қасиетті орны» бар алтын тамыр өседі.
Ал әлемге әйгілі дәрілік кәдімгі таушымылдық өсімдігі, жаздың басында жол жиектерінде гүлдейтін шоқтарға айналып, сол бөліктерде көркейте өседі.
Жергілікті тұрғындар бізді тағы да өз жерлеріне келуге шақырды, олар өз табиғатының қай мезгілде керемет болатынын біледі. Барлығының бірауыздан айтқандары — гүлденген көктем мезгіліне келіңіз!
Егер сіз сондай табиғаттың тазалығымен байланысуды армандайтын болсаңыз, сізді Үржар аумағында «жұмақ бағы» күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. Біздің саяхатымыздағы бақылауымыз бойынша, ол жерлер адамды бақытқа, бейбітшілікке және шығармашылық шабытқа кенелтеді.
Сапар барысында біздің топ «Тұрақты даму» Жер Қорының жобалары іс жүзінде табиғатты қорғауға және оған деген адамның көзқарасын жақсартуға ықпал ететініне сенімді болды. Әзірге Қор Қазақстанның аймақтарында жобаларды жүзеге асыруда. Біз оған бүкіл жер бетін «жұмақтың бағына» айналдыруы үшін даму жолында жұмыс істеуіне сәттілік тілейміз.
Виктория Геленджикская