«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына 1600-ден астам кәсіпкер атсалысты

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалықнауқанына қала тұрғындары, экобелсенділер, эстрада, спорт жұлдыздары, кәсіпкерлер, еріктілержәне т.б. ұзын-ырғасы 409 203 адам атсалысты. Олар түрлі акцияларға, квесттерге, флешмобтарғақатысты.

Бірнеше акция халық арасында үлкенқызығушылық тудырды. Соның бірі «Қоршауыңды/ орындығыңды/ беседкаңды боя» бойынша қалатұрғындарына 4 240 л бояу және 590 л еріткішберілді. Іс-шара үй маңындағы аумақтыңэстетикалық мазмұнын және жеке тұрғын үйлердіңқоршауын жақсартуға бағытталған. Акцияғақатысқысы келетіндерге лак-бояу материалдарытегін берілді.

2 300 кг қайта өңдеуге арналған материалдытұрғындар сыйлық купонына айырбастау арқылықайталама шикізатты (пластикалық бөтелке, макулатура, алюминий банка, мөлдір шыны) жинауды ынталандыруға бағытталған «Қоқыстытамаққа айырбаста» акциясы аясында жинады. Барлығы 11 қабылдау пункті жұмылдырылды, акцияға қатысушыларға 1 867 азық-түлік купоны берілді.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындабиыл 3 мамырда Арбатта техникалық режимдепластикалық бөтелке мен сусыннан алюминий банкаларды қабылдау бойынша алғашқы фандоматорнатылды. Жиналған қайталама өңделетіншикізатты пайдалы тауарлар өндіретінкәсіпорындарға қайта өңдеуге беріледі. Оныңорнына тұрғындар ақшалай түрде бонустар ала алады немесе оларды қайырымдылық мақсатқабере алады.

Науқан аясында «Таза қасбеттер» акциясы өтіп, ғимараттардың іргелес аумақтары тазаланды, терезелер мен витраждар жуылды, маңдайшалармен билбордтар ретке келтірілді. Акцияға 1 600-ден астам коммерциялық ұйымірі сауда-ойын-сауықорталықтары, бизнес-орталықтар, қонақ үйлер, базарлар, супермаркеттер, дәріханалар, азық-түлікдүкендері және т.б. қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысыныңтапсырмасымен елді мекендердің аумағынабаттандыру және көгалдандыру туралы «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы қаласыәкімдігі 2024 жылғы 8 сәуір мен 8 мамыраралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын өткізді. Науқанның негізгі мақсатықалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарауқұндылығын қалыптастыру, халық арасындажоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялықмәдениетті тәрбиелеу. «Алматы – біздің ортақүйіміз» науқаны аясында өткізілген барлық іс-шара ұзақ мерзімді әрі жалғасын табады.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА