«Алматы Марафоны» жеңімпаздары белгілі болды (Фото)
Алтыншы рет өткізілген «Алматы Марафон» шарасы өз мәресіне жетті. 10, 21, 42 шақырымға жүгіргендер арасында бірінші болып келгендердің және «Экиден» эстафетасының (42 километра 195 метров) жеңімпаздары анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15-17 жас аралығында 10 шақырымға жүгіргендер арасында талдықорғандық Данияр Арманғали бірінші болып (00:32:08) келді. Қыздар арасында алтын медальді алматылық Райана Зейналлова жеңіп алды (00:37:59). 19 жастан жоғары жарыста ерлер арасында Максим Крят (00:31:05) бірінші болып келді.
Қыздар арасында осы марафонға бірнеше мәрте қатысқан алматылық Надежда Мелькова (00:31:05) жеңіске жетті.
21 шақырым қашықтықта: ерлер — Алексей Гусаров (1:12:41), әйелдер — Жанна Мамаржанова (01:18:46). Марафондық қашықтықта (42 шақырым 195 метр) ерлер арасында Ресейдің Барнаул қаласынан келген Николай Григоров (02:30:08) бірінші болып келді, екінші орында өскемендік Әмір Байтуқанов (02:33:07), ал елордалық Айдын Қасен қола медальді (02:35:50) иеленді.
Әйелдер арасында бірінші орынды Полина Репина (03:16:11), екінші Алена Уварова (03:23:07), үшінші орынды Мария Киреева (03:23:11) иеленді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл «Алматы Марафон» шарасына 20 мың адам қатысқан. Көбісі 10 шақырым қашықтыққа жүгірген.