Алматы облысында суармалы су тарифтері негізсіз көтерілген
Алматы облысы прокуратурасы облыстың су шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін тексеру нәтижесінде, суармалы су тарифтерінің негізсіз көтерілу деректерін анықтап, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне келтірілетін шығынның алдын алды.
Талдау барысында «Талғарирригация», «Балқаширригация», «Көлсайирригация» және «Үшқоңырирригация» ұйымдарының су тасымалына, су беру құрылыстарын күтіп ұстауға және салық аударымдарына жұмсалатын шығындарды асыра бағалауы себебінен түпкі пайдаланушылар үшін суармалы судың құны негізсіз көтерілгені анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі аясында өтемдік тарифтер енгізіліп, 1 м³ суармалы судың құны 38%-ға төмендетілді. Бұл шараның нәтижесінде облыстың 1300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілерінің құқықтары қорғалды және шығындардың өсуі жағдайында олардың ұстанымдары нығайтылды.
Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/251227-almaty-oblysynda-suarmaly-su-tarifteri-negizsiz-koterilgen