Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі болды
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 17:13-те болған.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен): Алматы облысының Шонжы ауылы, Көкпек ауылы, Шелек ауылы; Жетісу облысының Жаркент қаласы, Сарыөзек ауылы — 2 балл”, – делінген хабарламада.
Картадан скрин
Министрлік зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспегенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік.