Алматыда баласын алдына алып көлік жүргізген әйел жазаланды
Желіде бір баланы алдына алып, екіншісін алдыңғы орындыққа отырғызып, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген әйелдің видеосы тарады.
Алматы полициясы ол әйелді анықтап, әкімшілік жауапқа тартқанын хабарлады.
Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының мәліметінше, 1982 жылы туған Ш. есімді әйел Toyota маркалы автокөлігін жүргізген.
«Көлік құралын жүргізген қолында жас балалары бар азаматша ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ оған жалпы 10 АЕК сомасында айыппұл салынды. Жүргізушімен мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілді», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
turkystan.kz.