Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті

 

Республика Сарайында ардагерлерге, Отан қорғаушыларға, сондай-ақ әскери жоғары жәнеорта оқу орындарының курсанттарына арналғанмерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздарыМәдина Сәдуақасова, «Алашұлы» тобы, Сая Махамбет және т.б. артистер Отан, ел мен жертуралы ән салды.

Сонымен қатар, мерекелік кеште 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери ансамблі өнеркөрсетіп, патриоттық әндер айтып, би биледі.

Мереке армия генералы, тәуелсіз Қазақстанныңтұңғыш қорғаныс министрі, Халық ҚаһарманыСағадат Нұрмағамбетовтің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушы Рақымжан Қошқарбаевтың100 жылдығына арналды. Олардың құрметіне IL Canto квартеті «Сағадат» және «Мықты адамдар…» әнін орындады.

Концерттік бағдарлама эстрадалық-симфониялықоркестрдің сүйемелдеуімен әскери ансамбль солистері шырқаған «Менің Отаным» әніменаяқталды.

 

 

Отан қорғаушы күніне орай, Алматының барлықмектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу сайыстары және т.б. өткізілді.

7 мамырда Алматының аудандарында мерекелік іс-шаралар өтті.

Бостандық ауданында «Ел ертеңібүгінгі жастар» атты салтанатты іс-шара өтіп, әскери қызметшілермарапатталды, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылды.

Жетісу ауданында  «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Алатау ауданында әкімдік ғимаратының алдында«Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарықойылды