Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда 10 қаңтар сағат 04:12 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

Зілзаланың MPV магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

halyq-uni.kz