АЛМАТЫДА «ТАҒЗЫМ» МЕМОРИАЛЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының орталығында қаңтар оқиғаларының құрбандарына арналған мемориалды ашты. Бұл ескерткіш қаңтар оқиғасында қаза болғандарға тағзым әрі Тәңірдің сыйындай болған Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау керектігін көрсететін ескерткіш.
Қасіретті Қаңтар оқиғасынан кейін біз ынтымақ пен бірлікті ту еткен айбынды ел екенімізді көрсеттік.
Қаңтар оқиғасына арналған бұл мемориал тұрақтылықты бір күнде қалай жоғалтуға болатынын еске салып тұрғандай.
«Тағзым» мемориалы – көп сатылы сәулет кешені. Бұл ескерткіш әртүрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді.
Атап айтқанда, ақшыл сұр бөлігі еңсеруді, қара түс қаңтар оқиғасы кезіндегі дүрбелең мен үрейді бейнелейді, ал сұр бөлігі – құрбан болғандар мен адам шығынының символы, ақ түс тұрақтылық пен дамуға ұмтылуды, қоғамның әл-ауқатын, ұлттың өзін-өзі тануын, күш пен әділетті мемлекетке деген сенімді білдіреді. Әр бөлікте халқымыздың ұлы тұлғаларының қанатты сөздері жазылған тастар мен стеллалар орнатылған.
✅Жобаның авторлары – қазақстандық жас сәулетшілер Алексей Ивженко және Ғайни Сағидуллаева.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі