Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтты

 

Қала басшылығы әрбір инвестормен жеке жұмыстанып, әкімшілік кедергілерді алып тастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жеке инвестицияларды тарту, қалаға қажетті кәсіпорындар мен нысандарды іске қосу, жаңа жұмыс орындарын құру үшін тұрақты негізде инвестициялық кеңестер өткіземіз, деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында. «Әрбір инвестормен жеке жұмыстанып, әкімшілік кедергілерді алып тастаймыз. Бұған дейін инвестициялық кеңесте дәрі-дәрмектерді тарату орталығының (қоймасы), көтерме — тарату орталықтарының құрылысы сияқты жобалар қолдау тапты. Пандемия осы жобалардың қажет екенін көрсетті. Қазір оларды жүзеге асырумен айналысып жатырмыз», – деді Алтай Көлгінов. Инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жобалардың ішінде әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа да жобалар бар. «Мысалы, көлемдік-блоктық үй құрылысы зауытының құрылысы әлеуметтік үй құрылысының уақытын қысқартуға және шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Полиэтилен және полипропиленді құбырлар, корпустық жиһаз, асфальт-бетон зауыты, ет өңдеу кешені, қарды кәдеге жарату бойынша заманауи технологиялар, электр автобус паркі және т. б.жобалар да қолдау тапты», – деді Нұр-Сұлтан әкімі.