«Алтын адам» мекендеген өңірдің жетістіктері

Алматы облысының  халқы тығыз орналасқан ең ірі аудандарының бірі — Еңбекшіқазақ ауданы. Бүгінгі күні осы аудан аумағында  54 ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралған 300 мыңнан астам тұрғын  қоныс тапқан.  Ал, ресми тіркелмегендерді қоса есептегенде,   79 елді мекендегі халықтың саны 350 мыңнан асып кетеді екен.   Алматы қаласының дәл іргесінде орын тепкен осындай үлкен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл жөнінде соңғы бес жыл бойы  ауданды  басқарып, талай телегей теңіз  табыс көздерін ашып, жетістіктерге қол жеткізген.  Халықтың жағдайын жасап отырған ғалым-әкім Бинәлі Әбдіқапасұлы  Ысқақ мырза Есік қаласында өткен  облыстық  өңірлік  коммуникация қызметі ұйымдастырған  брифингте  толық ақпарат берді.  Осы брифингтегі   аудан әкімінің   баянсөзін   назарларыңызға ұсынамыз. 

«Жол қуған қазынаға жолығады»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аяқ басу кезеніңде, біз жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беретін, сонымен бірге бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі уақыт талабына бейімделе алатын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымыздың іргетасын қалауды бастадық.

«Өткелді саяз деме,

Таяғыңды салып бойлат,

Ісімді мақұл деме,

Ағайынға салып ойлат», — деп Бәйдібек би бабамыз айтпақшы, ортақ ниет пен бір мақсат аясында негізделген Елбасының келешектің қамы, болашақтың баяны үшін құрған жоспарының жүзеге асуы бойынша ауданның нәтижелі жетістіктеріне тоқталып өтпекшімін. «100 нақты қадам». Бұл ерекше құжатта мемлекеттiң, қоғамның алдында орындалуы аса қажет болып тұрған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жолдары көрсетілген. «Жол қуған қазынаға жолығар» деген халықпыз, бүгінгі таңда ауданның әлеуметтікэкономикалық салаларында тұрақты даму көрсеткіштері жылдан-жылға жақсаруда. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданында «100 нақты қадам», «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамту — 2020», «Агробизнес — 2020» және басқа да әлеуметтік маңызы бар бағдарламалардың жүзеге асуы бойынша атқарылған жұмыстарды легімен таныстырып өткім келеді.

Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында ауданда арнайы іс-шаралар жоспары құрылған болатын. Бұл бағыттар бойынша жұмыстардың атқарылуы аудандық әкімдіктің, «Нұр Отан» партиясының, аудандық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің назарында. 2015 жылдың және 2016 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ұлттық жоспар бағдарламасы тиімді қарқынмен жүзеге асырылуда. Ауданда әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіштері тұрақты өсуде, жаңа өндіріс орындары ашылуда, әлеуметтік проблемалар бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Өнеркәсіп өнімі 29 млрд. теңгеге жетеді

Ауданда жылдан-жылға индустрияландыру жұмысы белсенді қарқынмен жүргізіліп келеді. Мысалы, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, 1991 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімі 0,3 млн. теңгені құраса, өткен 2015 жылы бұл көрсеткіш 27,2 млрд. теңгеге жетті. Ал 2016 жылы бұл көрсеткішті 29 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Бұл батыл қадамның жүзеге асуына жаңа салынған және күрделі жөндеуден өткізілген өндіріс орындарының ашылуы өз үлесін қоспақшы. 2016 жылдың 9 айында ауданға 41 млрд. 581 млн. теңге инвестиция тартылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 млрд. 890 млн. теңгеге артық. Нақты индекс көлемі — 134,5 пайыз. Ауданда жаңа энергия көздерінің құрылысын салуға бүгінгі таңда көп көңіл бөлінуде. Өткен жылы Есік өзені бойында салынған екі ГЭС-ке осы жылдың соңына дейін тағы екі ГЭС қосу жоспарлануда, осылайша ГЭС каскадының қуаты 14,1 МВт құрайды. Сонымен қатар, осы жылдың желтоқсан айында ел игілігіне Түрген өзенінде қуаты 5 МВт ГЭС ұсынылмақ.

%d0%b5%d2%a3%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d1%88%d1%96%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b

Жасыл энергетика саласын дамыту үрдісі бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы қуаттылығы 300 МВт Шелек дәлізіндегі жел электр станциясының құрылысын, германиялық «Солар» фирмасы қуаты 50 МВт дейінгі күн электр станциясының құрылысын жүргізуді бастап кетті. Соңғы 25 жылда ауданда әлемдік стандарттарға сай «Фудмастер» АҚ, «Адал» АҚ сияқты республикалық флагмандар қатарына енген, сүт өңдеу мен сүт өнімдерін шығару зауыттары ашылды. Сонымен қатар, ауданда көкөністерді өңдеу, жеміс-жидек және шарап өндіру «Голд продукт» АҚ, «Био Тау жер» ЖШС, «Арба вайн» ЖШС, «Дионис» ЖШС, «Есік жеміс-консерві зауыты» ЖШС сияқты өндіріс орындары Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерге белгілі. Біз жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмай, ары қарайда бұл бағытта даму көрсеткішін жетілдірудеміз. Осыған сәйкес, биылғы жылы көкөніс пен жеміс-жидекті қайта өңдейтін, қуаттылығы 30,5 мың тонна ЖШС «Нур Каз Агро» ірі өндіріс орны, қуаттылығы 380 мың литр «Балтабай сүт» ЖШС зауыты ашылды. Жылдың соңына дейін жылдық өнімі бройлерлік тауық етті 3800 тоннаны құрайтын ЖШС «Нұрлы құс» құс фабрикасын ашу жоспарлануда. Бұл жаңа 120 орындық жұмыс орны құрылады деген сөз. Жобаның жалпы құны 1,8 млрд. теңге. Сонымен қатар, ауданда шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалуда, мысалы: кредиттік жүйенің, материалдық ресурстардың қолжетімділігі, әкімшілік кедергілердің алды алынуы. 2016 жылдың үшінші тоқсаны бойынша ауданда 49 мың адамды жұмыспен қамтыған 16 455 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің тарапынан түскен салық көлемі 3,7 млрд. теңге, ал ағымдағы жылға болжамды күтім көрсеткіші 3,8 млрд. теңгені құрайды.

Бағдарламалардың игілігін ел көруде

Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы бойынша ең ірі аграрлық аймақ болып есептеледі. Оның үлес салмағы агроөнеркәсіптік кешен құрылымында 15%ды құрайды. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығының дамуының маңызы өте зор. «Агробизнес — 2020» бағдарламасы негізінде мал шаруашылығын дамыту үшін 2016 жылы субсидияға 310 млн. теңге бөлініп, оның 22 млн. теңгесі асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін, 203 млн. теңгесі дайын өнімді шығару үшін игерілді. Осы бағыттағы жұмыстар өзінің жемісін көрсету үстінде. Салыстырмалы көрсеткішке көз жүгіртсек, 2011 жылы ауылшаруашылық өнімі 38 млрд. теңге көлемінде шығарылса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 58 млрд. теңгеге ұлғайды. Ендігі биылғы жылдың жоспары ауылшаруашылық өнімінің көрсеткішін 61 млрд. теңгеге жеткізу болып отыр. Осындай жетістіктерге жетуге қазақстандық және шетелдік ірі ғылыми ауылшаруашылық ұйымдарымен жүргізілген тығыз байланыс себеп болуда. Мұндай ынтымақтастық ауыл шаруашылығын озық технологиялар арқасында экстенсивті бағыттан интенсивті қарқынмен дамуға жол берді. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің, әлеуметтік нысандар құрылысының жүргізілуінің басты факторының бірі «Жұмыспен қамту — 2020» жол картасы бағдарламасы болып отыр. «Жұмыспен қамту — 2020» жол картасының бірінші бағыты бойынша ауданда 4 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, шілде айының аяғында «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында қосымша бөлінген ақшалай қаражат — 694 817 мың теңгеге 7 елді мекеннің су құбырлары және 30 ауылдың жолдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша ағымдағы жылы жұмысқа 2753 адам орналастырылды, ол 2015 жылмен салыстырғанда 28 пайызға артық. 1977 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 7 жоба бойынша жұмыс басталды, оның ішінде 3-і аяқталды.

Ұрпақ қамы — басты міндет

Ауданның 84 мектебінде 45 427 оқушы білім алуда. Жалпы, аралас мектептер саны — 47. 2015-2016 оқу жылының және ҰБТ қорытындысы бойынша оқушылары өз білімдерін дәлелдей алған мектептер саны өсіп, 80 пайыз оқу сапа көрсеткішін көрсете алды. Ғылыми жобаны қорғау аясында И.Жансүгіров атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Будапештте тегін оқуға, Терешкова мектебінің 2 оқушысы Венгрияға жазғы ағылшын тілінен оқыту мектебіне, Есік, Көлді, Байтұрсынов, ӘлФараби атындағы орта мектептердің оқушылары Алматы қаласындағы Гульсар-лингвист университетіне жолдама алды. Биылғы жылы Азат ауылында 300 орындық, Бәйтерек ауылында 600 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Есік қаласы мен Шелек ауылындағы 600 орындық мектептердің құрылысына 1 млрд. 654 млн. теңге бөлінген. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айларында Шелек ауылында 280 орындық, Ташкенсаз ауылында 100 орындық, Достық ауылында 100 орындық үш мемлекеттік балабақша ашылды. Бәйдібек би ауылында («Достық» балабақшасы) 50 орындық, Есік қаласында 75 және 50 орындық екі балабақша, Ащысай ауылында 60 орындық, Жаңашар ауылында 75 орындық, Түрген ауылында 50 орындық, Космос ауылында 35 орындық жекеменшік балабақшалар ашылған. Осы балабақшалардың ашылуының нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 80,6 пайызға жетті (2015 жылы — 77,3 пайыз). Әлі де ұрпақ қамы үшін жүзеге асуы тиіс шаруалар жетерлік. Алаштың асқақ азаматы Әлихан Бөкейханұлының «Әр ұрпақ өзіне арналар жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс. Олай болмағанда болашаққа аса көп жүк қалдырамыз» деген сөзімен астасып жатыр. Біз осы міндеттерді орындау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Брифинг соңында аудан әкімі БАҚ өкілдерінің көптеген сұрақтарына жауап берді.

— Аудан көлемінде 176 мың дана басылым таратылады. Шынымды айтсам, әрбір отбасының басылымдарды жаздырып алғанын қалаймын. Халық мерзімді басылымдарды оқып, болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы керек. Жас кадрларды мемлекеттік қызметке тәрбиелеуге баса назар аударудамыз. Жастарға сенім артуымыз керек. Бір кезде өзімде солар сияқты әкім боламын деген алдыма мақсат қойып, мемлекеттік қызметте еңбек жолымды бастағанмын. Осы өткен бес жыл ішінде мектепті жақсы бітірген тұрмысы төмен отбасыларының, жетім балаларды грантқа оқыту ісін ұйымдастырып келеміз. Жоғары білім алып келген жастарды да қызметке алып, тәжірибе жинақтауына мүмкіншілік берудеміз. Солардың бірі — Ислам Момынжан, ол ішкі саясаттың бөлім басшысы, — деді қосымша өзінің сөзінде Бинәлі Әбдіқапасұлы.

Сонымен қатар баспасөз қызметкерлері Есік қаласындағы «Алтын адам» мұражайын, «Алтын Есік» форель шаруашылығын, «Аяла» санаторлық балабақшасын, «Асфальтбетон» ЖШС мен түйеқұс фермасын аралап көріп, жұмыстарымен танысты. Мысалы, республика көлеміне ғана емес, шетелге де әйгілі Есік мемлекеттік %d0%b5%d2%a3%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d1%88%d1%96%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b-%d1%81%d0%b0%d2%9b-%d0%b4%d3%99%d1%83%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%ba%d3%a9%d1%81%d0%b5%d0%bc%d1%96тарихи-мәдени қорық мұражайын аралап көрдік. Мұнда бізді мұражай директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Мұхтарова қарсы алып, мұражайдың тарихымен таныстырды. Мұражайдың бір залы толығымен «Алтын адам» тарихына арналған. Оның тарихын дәріптеу мақсатында арнайы экскурсиялық мәтіндер дайындалған. Деректі фильмдердің түпнұсқалары мұрағатта жиналған. Есік қорық мұражайы «Алтын адам: Аңыз бен ақиқат» атты «Алтын адамның» тарихын зерттеу жобасын 2012 жылы бастап, әлі күнге шейін жүргізуде екен. Қазіргі кезде 3 мың қоры бар мұражай халықтың көп келетін орнына айналған. — Алтын адамның «сүйегі» Есік қорықмұражайында сақтаулы. Алтын адаммен бірге табылған ыдыс-аяқ, айна, 19 дана моншақ осы қорық мұражайда тұр, ал үстіне киген киімі және басқа да заттары Астана қаласы Ұлттық мұражайда сақтаулы. Есік қаласы маңындағы қорғандарды сақтап, болашақ ұрпаққа тапсыру жолында ерен еңбек атқарған, жуырда өмірден көшкен белгілі археолог Бекен Нұрмұханбетовтың жұмыс бөлмесі де сол қалпында тұр, — дейді «Есік мемлекеттік тарихи мәдени қорықмұражайының ғалым хатшысы Досым Зікірия өз әңгімесінде. Біз келесі барған «Аяла» санаторлық балабақшасы «Балапан» бағдарламасы аясында 2015 жылдың қараша айында ашылған. Қазіргі кезде 75 балаға арналған 6 топ бар. Мұнда негізінен өкпе ауруымен ауырған ата-аналардың балалары ем алып, тәрбиеленеді. Балабақша меңгерушісі Динара Жарасованың айтуынша, бұл балабақша бюджеттен бөлінген қаржы есебінен барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Алты мезгіл тамақ, арнайы киімкешек, кеңселік тауарлар да жеткілікті. Топтардағы бүлдіршіндер ән-күй, сурет және тағы басқа үйірмелерге қатыстырылады. БАҚ өкілдерін түйеқұс фермасында шаруа қожалықтың басшысы Бекетбай Дәуренқұлов қарсы алды. Негізінен, жылы жақты мекендейтін алып түйеқұстар ферманың алаңында емін-еркін қыдырып жүр. Ала жаздай аналық бастары әрқайсысы 2 келіге шейін жететін 30-40 жұмыртқа табатын түйеқұстар сағатына 80 шақырымға шейін жүгіре алады екен. Бір қызығы, түйеқұстың еркегі балапандарын асырайтын көрінеді. — Қазір мұнда 40 бас түйеқұс өсіріліп жатыр. Ала жаздай 16-17 мыңға жуық туристер келіп, осы құстарды көрді, — дейді Бекетбай аға. Тіпті, «Алматының ішінде түйеқұс мініп серуендеді» деген көрініс те біздің осы фермада түсірілген. Түйеқұсты мініп жүруге де болады. Еркек түйеқұстың салмағы 120 келі болса, аналық басының салмағы 70 келі. Жылы жақтан әкелінген бұл түйеқұстар 30 градус аязға шыдайды.

Бізді «Асфальтбетон» ЖШС-де филиалдың басшысы Марат Дүйсебаев қарсы алды. Бұл кәсіпорынның сапалы асфальтына сұраныс жоғары. Негізінен, Алматы қаласының Әл-Фараби, Фурманов сияқты көшелеріне төселген сапалы асфальт осы кәсіпорынның өнімі екен. Қазіргі кезде 128 адам, екі ауысымда жұмыс істеп, Ресейден сатып алынған құрал-жабдықтармен асфальт шығаруда. Қуаттылығы сағатына 100,0 тоннаны құрайды. Бұл кәсіпорын мамандарының жалақысы 200 мың теңге көлемінде, тамақтары тегін беріледі. Оның үстіне жыл сайын емдеу жәрдемақысы да қосымша төленеді екен. Сондықтан мұндағы мамандар мен жұмысшылар ұзақ жылдары еңбек етіп, кәсіпорынның көрсеткішін жақсартуға өз үлестерін қосуда.

Түйін сөз: Еңбекшіқазақ ауданы — өзіне тән жетістіктері айшықты, әлеуметтікэкономикалық дамуы барысында қарышты қадам жасап келе жатқан, бұрынғы екі ауданның жүгін көтеріп отырған өңір. Тарих соқпағы да сан ғасырлар қатпарында жатыр, өйткені «Алтын адамның» осы ауданнан табылуы да алыс-жақын елдердің назарын өзіне аударды. Тіпті, көптеген тұрғындар өздерін «Алтын адамның» еліміз деп мақтанышпен айтуына да негіз бар. Жылдан-жылға көркіне көрік қосқан елді мекендерінде халық өз тіршіліктерін жасап, ерен табыстарға ие болуда. Оны көзімізбен көріп, көңілімізге түйіп қайттық.

Нұрила Бектемірова