Алтын алған алғашқы әйел. Өзбекстандық дзюдошы Диёра кім?

Дзюдошы Диёра Келдиёрова  Олимпиада ойындарында дзюдодан Өзбекстан тарихында тұңғыш олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ, Өзбекстан тарихында алтын алған алғашқы әйел болды, деп хабарлайды.

САМАРҚАНДТЫҢ СҰЛУЫ

Диёра Бахтиёровна Келдиёрова 1998 жылы 13 шілдеде Самарқанд облысы, Пастдаргом ауданында дүниеге келген. 52 кг салмақ санатында өнер көрсететін өзбекстандық дзюдошы. 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия чемпионы, әлем чемпионаттары мен Дүниежүзілік әскери ойындарының жүлдегері. Дзюдодан «Үлкен шлем» турнирін жеңген алғашқы өзбек қызы.

ЖЕҢІС ЖОЛЫ

2013 жылы Нанкинде (Қытай) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 44 кг салмақ санатында қола медаль жеңіп алды. 2016 және 2018 жылдары жасөспірімдер арасындағы Азия дзюдо чемпионатында қола медальдарға ие болды.

2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен жазғы Азия ойындарында 48 кг салмақ санатында екінші айналымда жапониялық Олимпиада жүлдегері Ами Кондодан 10:0 есебімен жеңілді, кейін ол турнирдің финалына шықты. Жұбаныш айналымында кореялық дзюдошы Джон Ю-сунмен кездесті, бірақ 1:10 есебімен жеңіліп, турнирдегі өнер көрсетуін аяқтады.

2019 жылы Әл-Фуджайрада (БАӘ) өткен Азия дзюдо чемпионатында 52 кг салмақ санатында турнир финалында моңғолиялық дзюдошы Лхагвасуренгийн Сосорбарамды жеңіп, алтын медаль иеленді. Неапольде (Италия) өткен Жазғы Универсиадада 52 кг салмақ санатында қола медаль жеңіп алды. Уханьда (Қытай) өткен жазғы Дүниежүзілік әскери ойындарында да қола медаль иеленді.

“ҮЛКЕН ШЛЕМДЕ” АЛТЫН АЛҒАН АЛҒАШҚЫ ӨЗБЕК ҚЫЗЫ

2021 жылы Анталияда (Түркия) өткен дзюдодан «Үлкен шлем» турнирінде финалда Испаниядан келген Эстрелла Лопесті жеңді. Осы жеңістің арқасында дзюдодан «Үлкен шлем» турнирінде алтын медаль алған алғашқы өзбек қызы атанды. Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия дзюдо чемпионатында 52 кг салмақ санатында күміс медаль жеңіп алды, финалда кореялық дзюдошы Пак Да-Солдан жеңілді. 2021 жылдың шілдесінде Будапештте (Венгрия) өткен дзюдодан әлем чемпионатында командалық сайыста қола медаль жеңіп алды, бірақ 52 кг салмақ санатында қола үшін күресте израильдік дзюдошы Гефен Примодан 10:0 есебімен жеңілді. Токиодағы (Жапония) Жазғы Олимпиада ойындарында бірінші айналымда тағы да моңғолиялық дзюдошы Лхагвасүрен Сосорбарамнан жеңілді.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

2023 жылдың мамырында Катар астанасында өткен әлем чемпионатында 52 кг салмақ санатында күміс медаль иегері атанды, финалда жапониялық спортшы Ута Абэден жеңілді. 2024 жылдың сәуірінде Азия чемпионатында қола медаль үшін күресте Оңтүстік Кореядан шыққан Ерин Джунгты жеңіп, қола медаль иеленді. Сол жылдың 20 мамырында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Олимпиада алдындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, финалда италиялық спортшы Одетта Джуффридадан жеңілді.

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫ

Париж Олимпиадасының 1/16 финалда 2023 жылғы Катарда жеңіліп қалған жапониялық спортшы Ута Абэден таза ниппонмен 10:1 есебімен реванш алды. Финалда косоволық спортшы Дистрия Красничиді жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды.

ЖЕКЕ ӨМІРІ

Диераның жеке өмірі де көрерменге қызық болып жатқанған ұқсайды. Дзюдошы қыздың сұлулығына тамсанып жатқан қазақстандықтар көп. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай қыздың құрметіне бірнеше қаланы да атап жіберді.

Самарқанттың сұлуы! Самарқанттың гүлі! Өзбекстан тарихында дзюдодан тұңғыш алтын алып келді. Кеше Елдос, бүгін Сен! Қос ағайын ел қатар шаба берсін! Жаным Диёра Келдиёрова! Парижден аман-есен кел. Өзіңе арнайы барам! Гүзелім. гүлім! Бір басыңа Бұқара мен Самарқанды қиямын.Оған қосып Алматы мен Астананы да бердім. Күт,қалқам”, — деп жазды  ол.

Айта кетейік, Диераның басы бос емес. 2022 жылы Келдиёрова дзюдошы Азамат Матёкубовқа тұрмысқа шықққан екен. Оның күйеуі туралы желіде ақпарат аз, тек Еуропа ашық кубогында күміс медаль, Тәжікстан президенті кубогы үшін өткен жарыста алтын медаль алғаны туралы жазылған.

qaz.ulysmedia.kz  Сайтынан Алынған