Алтын дауыс иелері анықталды

Павлодардағы Торайғыров университеті ұйымдастырған Golden Voice байқауының ақтық мәресінде үздік тоғыз әнші кездесті. Ариана Гранде, Фреди Меркури, Рэй Чарльз және өзге де жарқын образдар көрермендерді таңқалдырды.  

Шоу-бағдарламада әлемдік хиттер орындалды. Көрермендер онлайн дауыс берудің көмегімен жеңімпаздарды анықтап жатқанда, жүргізуші мен қазылар алқасы демеушілер тіккен сыйлықтарды таратты: киім-кешек, суши, дәмді кофе және тағы басқа сыйлықтар болды.

Марув образын сомдаған Томирис Алиханова бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орынға Сандуғаш Андасбек иеболды. “Айтаберсін” әнін орындаған Армангүл Монхбат үшінші орынды місе тұтты.

ТоU байқауының ұйымдастырушылары – Event&Promotion.

Тілеуберді Сахаба

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.