АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАҒА ҚҰРМЕТ

Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналарға қандай құрмет көрсетсе де көптік етпейді.
Өйткені, нәзік жандылардың қай салада болмасын бәсі жоғары.
Шуақты көктемнің қарсаңында Таластық  аналар да шаттыққа бөленді.
Сонымен қатар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында көп  балалы, алтын құрсақты аналар  да назардан тыс қалған жоқ.

Осындай алтын құрсақты аналарымыздың бірі Талас ауданы, Тамды ауылының тұрғыны тоқсанның төріндегі Қанжан Сырымбетованың да тілегі елдің амандығы, заманның тыныштығы.

Соғыс жылдары тылда тынбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан. Шолақтау көкөніс-сүт савхозында егіншілікпен айналысқан.

Мемлекеттік жоспар мен социалистік міндеттемелерді асыра орындағаны үшін 1976 жылы «Құрмет», 1981 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

«Алтын алқа» иегері ардақты ананы аудан басшысы Қанатбек Мәдібек арнайы барып құттықтады.

БЕКНҰР САТЫБАЛДИЕВ, ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМГІ, ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ