АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!

Халқымыз: «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді», – дейді. Бүгінгі көп балалы аналарымыз соның жарқын үлгісі деуге болады. Үш-төрт, кейбірі жеті, тіпті сегіз балаға дейін тәрбиелеп отыр.
Еңбекте әрі отбасында өзгелерге үлгі болған аналарымызға қандай құрмет болса да лайық.
Осы орайда ел бірлігі – ең бірінші, қазақтың бірлігі. Табысымызды еселеп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек екендігі анық.
Берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ.
Бақыт балалы, базарлы үйге қонады.
Ел мен жердің иесі ретінде жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсеуіміз керек.
Осындай өнегелі, жас та болса сегіз баланы дүниеге әкелген, алтын құрсақ ана Байзақ ауданы Сарыкемер ауылынын тұрғыны Қазиева Гөзалханды ұлыстың ұлы күнімен құттықтап шықтым.
Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды.
Көп балалы ана болу оңай емес.
Сондықтан қашанда бар құрмет аналарға көрсетіледі.
Ұлыс оң, отбасында бақытты сәттер мол болсын деген тілегімді білдіріп, сый сияпатымды жасап қайттым.
Мырзағали Мадимаров, Байзақ аудандық маслихатының депутаты