«Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының лауреаттары белгілі болды
Алматы қаласында Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында 11-шы мерейтойлы «Алтын Жүрек» сыйлығының салтанататты марапаттау рәсімі өтті.
«Алтын Жүрек» – сыйлығын Қазақстандағы ең қайырымды марапат деп атауға болады. Өзгеге мейірбандылықпен қарап, қол ұшын соза білетін атымтай жандырды марапаттайтын сыйлық өмірге 2007 жылы дүниеге келді. «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдаструымен жанданған бұл жоба жыл санап өз мәртебесі мен деңгейін жоғалтпай келеді.
Содан бері 27 қазан еліміз бойынша қайырымдылар бір жерде жиналып, мейірімділік тоғыстырған ортаға жиналады. «100 қайырымды іс» көрмесінен басталған мерекелік күн қайырымдылық әлемінің басты оқиғаларын қамтиды. Залда бос орын болмады. Қайырымдылармен танысуға 1000-ға жуық халық жиналды. Мерейтойлы салтанатты марапаттау рәсімі керемет декорациялар мен жүрекке жылу ұялататын концерттік бағдарламамен ұласты. Кеште Нұрғали Нүсіпжанов, «Ұлытау», «Алашұлы», АлишерКаримов, Ситора Назарова және тағы басқалар көрермендерге қуаныш сыйлап мерекелік көңіл-күй сыйлады. Лауреаттардың өмір тынысы мен өмірлік оқиғалары шынымен де әрбір жанның жүрегін елжіретеді.
Жұлдыз Омарбекова «Алтын жүрек» сыйлығының негізін салушы
«Алтын жүрек»- бұл менің өмірімнің мәні десем болады. 11 жыл қатарынан мен мыңдаған адамдардың жасап жатқан қайырымды істерінің шынайы куәгері болып келемін. Әрбір мейірбан жанға үлкен шексіз алғысымды білдіре олардың алтын жүректеріне бас иемін.
Гүлзат Сахова «Алтын жүрек» сыйлығының бас үйлестірушісі
Мейірімділік- жан жылуы бар жерде мекендейді. Сондықтан мен үшін халықтың бұл сыйлық жайлы жылы лебіздерін естіп, қайырымдылық жолында жүрген адамдардың жыл санап артып келетіні қуантады. Биылғы 11-жылдық мерейтойлы сыйлық өзінің шынайы алтын жүрек иегерлерін тапты деп ойлаймын.
Салтанатты рәсімнің шарықтау шегі сахна төріне «Жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін» номинациясы бойынша лауреат атанған –Екатерина Яценкошықты. Екібастұз қаласының тұрғыны Екатерина Яценко мен оның күйеуі Херман Петрович 13 баланы өсіріп, тағы 12 бала тәрбиелеп жатыр. Бүгінгі күні отбасында тек бір бала қамқорлыққа алынған. Қалғандарын Екатерина Яценко өз қамқорлығына алған. Ең бастысы ата – аналар балалардың ешқайсысын бөліп жармай ұлтына да қарамастан бауырына басқан. Олардың отбасыларында өте ауыр ауруға шалдыққан балалар да бар. Жеңімпазға сыйлықтыҚР мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мен 2016 жылғы «Алтын жүрек» сыйлығының «Жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін» номинациясы бойынша лауреат атанған Рада Хайрушева табыстады.
«Мен үшін бұл күтпеген жаңалық. Сонда да өте қуаныштымын. Мен әр асырап алған баланы емес, жүрегімнің қалауы бойынша бауырыма бастым» деді, лауреат атанған Екатерина Яценко.
Келесі «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы бойынша марапатталған Біржан Қожақов.2015 жылдың қазан айында үшінші топтағы, жазатайым оқиға салдарынан, екі аяғынан айырылған мүгедек Біржан Қожақов, БЦП мен ауыратын мүгедек жандарға көмек ретінде арнайы вертикализаторлық – техникалық құрылғыны ойлап тапқан. Түркия, Ресей және Германиядан шыққан осы құрылғылардың аналогтары мүгедектерге қолжетімсіз, себебі олардың құны жоғары. Вертикализаторларды дайындау қағидаттарымен танысып, медициналық мамандардың ұсынымдарын алды, өзінің кішігірім кәсіпорны «Демеуді» ашып, оларды шығара бастады. Бүгінгі таңда оның кішігірім цехында мүмкіндігі шектеулі 15 адам жұмыс істейді.
Біржан Қожақов лауреат
Өте қуаныштымын. Мен өзге мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын өзім осы жағдайға түскеннен соң түсіндім. Сондықтан қайырымдылықпен айналысып осы жарым-жан адамдардың өмірге деген құлшыныстарын арттыру жолында еңбек етуді мақсат тұттым.
«Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша лауреат«Алматы марафон» бұл қайырымдылық спорттық іс-шарасы атанды.Шараның басты мақсаты Республикалық маңызы бар қайырымдылық жобаларын іске асыру болып табылады. Марафонға қатысудан түскен алымдар қайырымдылыққа беріледі. «Алматы марафоны» ғана емес, дәріптеуде салауатты өмір салты және жүгіру және орындайды, аса маңызды қоғамдық функцияларды тарта отырып, қоғам әлеуметтік жауапкершілік және мүмкіндік береді. Орташа есеппен алғанда бір марафонды ұйымдастыру 157 млн теңгені құрайды, үлкен соманың бір бөлігі «Алматы марафон» демеушілерінен корпоративтік қорына беріледі.
Тағы бір лауреат жайлы айтар болсақ, ол Алматы облысының тұрғыны Темірлан Шайнүсіпов. Жамбыл ауданының кәсіпкері Темірлан Шайнүсіпов өзінің туған ауылы Ақтеректі құрылыс алаңына айналдырды. Өзінің туған жерінде өз есебінен жолдарды жөндеді және ауыл тұрғындарына үйлер бөліп берді. Темірланның негізгі қызметі — бұл ауыл шаруашылығы. Оның арманы – Ақтеректі үлгі тұту. Бүгінгі таңда ол 58 үй тұрғызды. Темірлан Шайнүсіпов жастар жақын арада өз туған ауылына қоныс аударатынына сенімді.«Жылдың қайырымды адамы» номинациясы бойынша лауреатқа сыйлықты танымал қазақстандық тележүргізуші Салтанат Қалиева табыстады. 2016 жылдың 13 қаңтарында Мұрат Әділхановтың көмегімен 216 балаға әмбебап спорттық және ойын залы бар № 125 балабақша салынып Алматы қаласының меншішіне берілген. Балабақша әлемдік стандарттарға (Еврокод) сәйкес әзірленді, құрылыс соңында толық жиһазбен жабдықталған. «Білім саласына қосқан үлесі үшін» лауреатқа сыйлықты «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов табыстады.
Бірер жыл бұрын қатарға қосылған «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойыншаОн бес жыл бұрын американдық Виктория Шарбону мен Элизабет Турнок есімді еріктілер Тараз қаласындағы «Қамқор жүрек» қоғамдық қорын құрды. Қордың мақсаты – қауіпсіз орын үшін бұрынғы балалар үйінің түлектеріне, мұқтаж жалғыз басты аналар мен олардың балаларына қауіпсіз орын беру. Олардың жұмысы материалдық және азық-түлік қауіпсіздігімен ғана шектелмейді, Виктория өз қонақтарымен бірге өздерін және балаларына қамқорлық жасауға үйрету үшін үнемі жұмыс істейді, үздік ата-ана болу, әлеуметтік және кәсіби дағдыларды меңгеру, қоғамның толық мүшелері болуға және оларға пайда әкелуге мүмкіндік береді. Салтанатты кеште Алматы қаласының әкімі Бауыржа́н Қыдырғали́ұлы Байбе́к жеңімпаздарға өз жылы лебізін білдіріп, елімізде «Алтын жүрек» сынды сыйлықтың қоғамда ерекше маңызға ие екендігін баса атап өтті. Осымен биылғы жылғы қайырымдылық жолындағы ең айтулы шара да өз мәресіне жетті. Ең бастысы еліміздегі қайырымдылық деңгейінің жыл санап өсіп келетіні байқалды. Атымтай жомарт жандарға алдағы істеріне демеу болатын «Алтын жүрек» сыйлығы енді келесі жылға қамданады. Жақсылық пен мейірімділк бар жерде аталмыш сыйлықтың ғұмыры ұзақ болары хақ!
«Алтын жүрек» жыл сайынғы Ұлттық қоғамдық сыйлығын 11 жыл қатарынан «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық пенмеценаттық идеяларын насихаттау мақсатындаАлматы қаласы әкімдігі,«Нұр Отан» партиясы сонымен қатар, «Алтын Қыран» компаниялар тобы мен «ПетроҚазақстан» АҚ қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушылар комитетінің мәліметтері бойынша 2016-2017 жылдар ішінде Қазақстан бойынша 29,4 миллиардов теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. 16 спорт мектептері, 29 бала-бақша, 23 жалпы білім беретін мектерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 мүгедек балаларға арналған мамандандырылған бала-бақша салынды. 10 мыңнан астам жетім балалар жазғы демалыстарында түрлі демалыс лагерлеріне баруға жолдама алды. Демеушілер арқасында 33 компьютерлік сыныптар мен 8 аурухана жабдықталды. Жағдайлары төмен 800-ге тарта бала мектепке қажетті құралдармен қамтмасыз етілді. Ұлы отан соғысының 26 ардагерінің үйлеріне жөндеу жұмысы жүргізілді. 500 тыл ардагерлері мен соғыс ардагерлері қаржылай көмек алды.
«Алтын Жүрек» сыйлығының 2017 жылғы лауреаттары:
- «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
Екатерина Яценко (Екібастұз қаласы, павлодар обл)
- «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
Мұрат Әділханов (Алматы қ)
- «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
Біржан Қожақов (Орал қ)
- «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы
«Алматы марафон» қайырымдылық шарасы (Алматы қ)
- 5. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясы
Расима Темербаева (Алматы қ)
- «Жыл меценаты» номинациясы бойынша
Сергей Спицын (Алматы қ)
- «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы
Майра Абдрахманова (Алматы қ)
- «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы
Темірлан Шайнүсіпов (Ақтерек ауылы, Алматы обл)
- «Жыл ұйымы» номинациясы
«Kaspi Bank»
- «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы
«28 петель» клубы (Астана қ)
- «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы
Виктория Шарбону, Элизабет Турнок (АҚШ)