ALTYNSARIN INSTITUTE-НЫҢ БАШҚҰРСТАНДА ЖАҢА СЕРІКТЕСІ БАР
М. Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өткен ұлттық педагогикалық форум аясында Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ делегациясының сапары университеттер арасындағы өзара әрекеттесудің бастамасы болды.
Делегация Ақмулла университетінің ректоры және оқытушыларымен кездесті. Кездесу барысында ректорлар Салават Сағитов пен Әмірбекұлы Ержан өзара қарым-қатынас жүргізудің басым бағыттарын анықтап, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«Қазақстанда жаңа серіктес пайда болғанына өте қуаныштымын. Біздің халықтарымызды ортақ тарих біріктіреді, біздің дәстүріміз, мәдениетіміз бен тіліміз өте жақын. Біз Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның жоғары оқу орындарымен белсенді өзара байланыс жасай аламыз. Арқалық педагогикалық институтымен ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімді әрі жемісті болатынына сенімдімін»,-деп атап өтті Салават Талғатұлы.
Қол қойылған келісім негізінде ЖОО-лар бірлескен ғылыми жобаларды іске асырады, дәрістер, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады, сондай-ақ академиялық алмасуды жолға қояды.
Өз кезегінде Ержан Әмірбекұлы өзара ынтымақтастықты дамытуға және орыс және шет тілдері мұғалімдерін даярлау бағдарламаларына, мектепке дейінгі оқыту және музыкалық білім беру саласындағы бағыттарға қызығушылық танытты.
«Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қою біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жалпы Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарды нығайта түсетін дамытудың жаңа перспективалары. Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, оқытушылардың біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар – конференциялар, семинарлар өткізу бағытындағы жұмыстарға зор ниет білдіріп отырмыз. Біз Башқұрт педагогикалық университеті ашқан мүмкіндіктерге өте қуаныштымыз. Ақмуллин университетімен уағдаластықты стратегиялық ынтымақтастық ретінде қарастырамыз»,-деді Ержан Әмірбекұлы.
Ақмуллин университетінің стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Алмаз Мұстаев және оқу бөлімшелерінің басшылары технопарктің конференц-залында қонақтармен болашақ ынтымақтастықтың егжей-тегжейін талқылады. Филологиялық білім беру және мәдениетаралық коммуникациялар институтының директоры Халида Галимова мен педагогика институтының директоры Ирина Боронилова қолданыстағы оқыту бағыттары, ғылыми және білім беру жобалары туралы сөз қозғады. ШЫҰ желілік университеті аясындағы жұмыс туралы Кәсіптік және әлеуметтік білім беру кафедрасының меңгерушісі Екатерина Трофимова айтып берді.
Тараптар алғашқы бірлескен жобаларды жаңа оқу семестрінде бастауға келісті.
Altynsarin institute
Маркетинг және коммуникация бөлімі