Алуан тақырыпты қозғайтын басылым

Құрметті оқырман! Жылдағы дәстүр бойынша халықаралық, қоғамдық-саяси «Qazaqstan dauiri» газетінің өткен жылғы нөміріне шолу жасап, халық көңілінен шығады-ау деген ең үздік көкейкесті материалдарды таңдап, сұрыптап назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

«Ұлттыққұндылығыңжойылса, ұлылығыңнан не пайда?»

№1 (1480) 18 қаңтар 2024 ж. Жаңа жылдың алғашқы нөміріне «Парламент үні» айдарымен астаналық тілшіміз Н.Қабылбек «Жаңа Қазақстан» құрушы депутаттар ел сенімін ақтай алды ма? Мәдениетіміз қашанғы мәңгіріп тұрмақ?», «Жанайқайға Үкімет неге бей-жай қарайды?», «Тіл мәселесі тұғырына қашан қонады?» тақырыптарымен қалам тербеді. «Астана ажары» бетінде журналист Е.Сейтқали, Н.Қабылбектер «Қызылша неге өршіп тұр?» «Қазақстан халқына» қорына түскен 196,6 млрд қайда жұмсалды?», «Елорда агрессорларымен қалай күрес жүргізуде?» атты мақалаларын жариялады. «Дүбірлі дүние – саясат 2023: Әлем құлақ түрген оқиғалар» (Е.Сейтқали). Қамшыбасар-тұжырым, «Ана тілім қор болды-ау!» (Н.Жүнісбай) «Қоғам өзгеру үшін адам өзгеруі тиіс» (Н.Қабылбек). «Алаяқтарға алданған қайран халқым» (Е.Айғалиұлы), «Халық және Президент» айдарында С.Мешітбайқызының «Ұлттық мүдде жолындағы күрес – ең әділетті күрес» атты мақаласы берілген. Ал «Жанайқайда» тілшіміз Р.Мутаирдың «Ауылдар құлдық бұғаудан қашан құтылады?» материалы жарияланған.
№2-3 (1481) 25 қаңтар. С.Мешітбайқызының «Ұлттық құндылығың жойылса, ұлылығыңнан не пайда?», «Жастарымыз неге азғындап барады?» (Н.Қабылбек) атты проблемалық мақалалары берілген. «Қамшыбасар» айдарымен газетіміздің тұрақты авторы Б.Батыр, «Қазақтардың қанына семірген «Горилла» мақаласы басылған. Желтоқсан батырларының қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел туралы бетті дайындаған – тілшіміз Ш.Қасымханқызы.
№4 (1482) 1 ақпан. «Саясат» айдарымен Е.Сейтқалидың «Адам ағзасын ауыстыру тығырықтан шығар жол ма?», «Қамшыбасар» айдарында «Халық сендерді кешірмейді» (Н.Бектемірова), «Парламент үні» – «Қазақ тілінің мәртебесі қашан биіктейді?» (Н.Қабылбек) «Алты алаштың ардағы» – «Халық батыры атанған Аманкелді кім?» (Б.Оспан). «Жанайқай» – «Сусыз, қауынсыз, клубсыз Аққыр қалай күн көрер?» (Т.Адис) материалдары осы нөмірдің үлкен жүгін арқалап тұр десе де болады. «Орыс тілінен төніп тұрған 4 қатер» (Е.Айғалиұлы), «Халық және Президент» – «Ұлттық идеологияның темірқазығы – ұлттық құндылық». (С.Мешітбайқызы), «Қалың елім – қазағым» – «Күншілдік талай қазақтың түбіне жеткен» (М.Малдарбеков) мақалалары жарық көрді.
№7 (1489) 22 ақпан «Ырду-дырду жиынды қоятын кез жеткен жоқ па?» (Е.Айғалиұлы) мақаласында автор діни сөздер, экономикалық және медиа форумдар, ЭКСПО секілді қажетсіз басқосулар мен жиналыстарды сынға алады. «Түркі дүниесі» айдарында «Жалаңтөс баһадүр» (Е.Сейтқали) материалы жарияланған. Ал «Қамшыбасарда» Н.Қабылбектің «Бүгінгі оқығандар зиялы ма, зиянды ма?», «Халық және Президентте» ақын С.Адайдың «Амал – алаштың тойы, ұлттық идеологияның нақ өзі!», ал «Ұлттық рух» айдарында «Министрлік тұжырымдаманы неге бұрмалаған?» (С.Ерғали), «Тұлға» – «Ұлтын сату қанша тұрады?» (жазушы П.Дүйсенбин. Белгілі журналист Б.Төлепбергеннің 90 жас мерейтойы) секілді еңбектері жарық көрген екен. №8 (1486) 29 ақпан «Қамшыбасар» – «Арабқұл» дегеніміз кімдер?» (М.Тоқашбаев), «Парламент үні» – «Еркектердің құқығы қашан заңмен қорғалады?» (Н.Қабылбек), «Халық және Президент» – «Тарихтың жеті томдығын шығару тоқтатылсын!» атты тарихшы Б. Мергенбаевтың Қ.Тоқаевқа үндеуі.

«Ұлттық мүддежолындағы күрес –ең әділетті күрес»

№9 (1487) 7 наурыз. «Меншік иесіне биліктің қауқары неге жетпей отыр?» (Р.Мутаир), «Астана ажары» – Қазақстан ғылымын қалай дамытамыз?» (А.Баешев) «Саясат» – «Қоғам дерті – құмар ойын» (Р.Мутаир) «Қамшыбасар» – «Жастарымыз Америкаға баруға неге құмар?» (С.Бакеева), «Тұлға» – «Өмірі қолы босамайтын адам». Т.Айтбайдың 70 жас мерейтойына арналған (Б.Оңғарбай) мақалалары өзектілігімен алда тұр. №10 (1488) 14 наурыз «Әділетсіздіктің құрбаны болған Азаттың жанайқайын кім естиді?» (С.Мешітбайқызы) атты кәсіпкер А. Кәрімұлы туралы мақала осы нөмірдің жүгін арқалап тұр. Азат Кәрімұлы газетіміздің араласуымен бостандыққа шықты. Кейін газетімізге алғысын айтты.
№11 (1489) 21 наурыз. «Астана ажары» – «Цифрландыруды дамыту басты назарда», «Халық денсаулығын қадірлейтін ел» (Е. Сейтқали), «Наурыз ұлттық идеологияға айналуы тиіс» (С. Мешітбайқызы), «Тарих қатпары» – «Ұлт тарихын ұлықтаған «Қазақ жолы». (Г. Шонабай).
№ 14 (1492) «Су тасқыны қорғанысымыз бен қорғанышымыздың бет-бейнесін сыпырды» (С. Мешітбайқызы), «Әдебиет айдыны» – «Толымбек және сатира» (Б.Шарахымбай).
№15 (1493) 18 сәуір С.Мешітбайқызының «Бұл күн де өтер де кетер, сабыр, халқым, сабыр!» атты мақаласы елдегі су тасқыны жайлы жазылған. «Отбасын қорғайтын заң кімді кімнен қорғайды?» материалы, аты айтып тұрғандай, отбасын қорғау және сақтау туралы заң жайында Е.Айғалиұлы қалам тербейді.
№16 (1494) 25 сәуір. «Мағажан су қоймасының бұзылуына кім кінәлі?», «Ұлттық мүдде» айдарымен Т. Қанағатұлы жазушы Б.Шарахымбайдың 2 кітабы туралы «Ұлттық рухты оятатын қос кітап» деп қалам тербеген.
№17-18 (1495) 2 мамыр «Ата-аналар балаларын әскерге жіберуге неге қорқады?» (Е. Айғалиұлы), «Бір облыстың тізесін дірілдеткен Елмұратова кім?» (С. Мешітбайқызы), «Біліп қой, қазақ тілі баяғыдан ғылым тілі» (А. Мауқараұлы), «Жанайқай» – «8 ай сергелдеңге салған Кемертоған мәселесі» (Е. Айғалиұлы), «Біздің сұхбат» – «Үш көшті бастап, қазағыма рух бердім» (Ш. Қасымханқызы).
№19 (1496) 16 мамыр. Е.Айғалиұлының «Құлдық бұғаудан құтылғың келсе, күрес!» мақаласы Кемертоған ауылының тұрғындарының проблемалары және қайсарлығы туралы жазылған. Ал «Саясат» айдарымен Е.Сейтқали «Ислам әлемімен ынтымақтастық артып келеді» материалын ұсыныпты. «Біздің сұхбатта» Ш.Қасымханқызының «Өтейбойдақ – қазақ шипагерлігінің тұңғыш зерттеушісі» сұхбаты берілген.
№20 (1496) 23 мамыр. Таңдаулы мақалалар: «Тоқымдай жер бұйырмай қаңғып жүрген қазақ көп» (Е.Айғалиұлы), «Алматы – бизнес жүргізуге қолайлы қала» (кәсіпкерлікті қолдау туралы) (Г.Тұрсынқожа) «Ауыл – ел бесігі» (кәсіпкер Ә.Ашимовпен сұхбат) (Е.Айғалиұлы, А.Сулейманов).
№21(1498) 30 мамыр. «Ескі Қазақстанды аңсайтындардың көксегені не?» (Н. Қабылбек), «Полигоннан зардап шеккендерге жаңа заң керек» (Ж. Тойбек).
№22 (1499) 6 маусым. «Қыздан ұят кетсе, ұлттан қадір қашады» (Н. Қабылбек), «Набат» операциясы – шынайы оқиға» (Г. Шонабай), Желтоқсан ардагері, жазушы Б. Шарахымбаймен сыр-сұхбат (Ш.Қасымханқызы).

«Жақсы адамдар журналистерге қанат бітіреді»

№23 (1500) 13 маусым. «Қытайға бара жатқан қайран байлық!» (Е. Айғалиұлы), «100 жылдығын ойлаған ел ұрпақ тәрбиелейді» (Д. Байтұрсынұлы), «Жұмақ мекені Тұран даласында ма?» (Н. Киікбай).
№24 (1501) 20 маусым. «Қазақ жазушыларына әлем есігін ашқан» (Б.Шарахымбай), «Жақсы адамдар журналистерге қанат бітіреді» (М.Малдарбеков).
№25 (1502) 27 маусым. Бұл нөмірде Астанадағы тілшілер Н.Қабылбек, Е.Сейтқалидың «Ауыл аманатына» адалдық танытқан экспедиция ел тілегін билікке жеткізді» атты дөңгелек үстел туралы материалы жарияланды. Сондай-ақ С.Рахымжанның жазушы Ж. Сүлейменов туралы «Сәулелі ғұмыр» сыры берілген.
№27 (1501) 11 шілде. «Президентке айтарым көп еді» (Е. Айғалиұлы), «Гүлденген Астана туған күнін тойлады» (Н.Қабылбек), «Алты алаштың ардағы» айдарымен Жұмабай Шаяхметов туралы «Шығыс қыраны» мақалалары жарияланды. (Т.Сейтқалиұлы, Е. Мұқанғалиев).
№28 (1508) 18 шілде. «Оқушының ынтасы неге төмен?» (Қ. Есқұлова), ҚР Оқу-ағарту министрлігінің назарына ұсынылған мақала. «Үлпек» айдарымен 9-сынып оқушысы М. Нұртайдың «Аждаһаға айналған батыр» атты ертегісі жарық көрді.
№29 (1506) 25 шілде. «Ақсақалы бар ел азбайды» (Д. Байтұрсынұлы) Түркістандағы дөңгелек үстел туралы жазылған материал. «Ұрпағымызды алдымен қазақ етейік!» (Е. Айғалиұлы), «Дәуір көшінен шұғыла шашқан» (түркітанушы А.Мектептегі.
№30 (1507) 1 тамыз. «8 жыл күткен алтын қоржынымызға түсті» (Е. Айғалиұлы), «Биназар баба – ұлт батыры» (Н.Қабылбектің «Биназар» қорының төрағасы С. Алдабергеновпен сұхбаты). №31 (1507) 8 тамыз. «Абайдың жаңа әні табылды» (өнертанушы, композитор Ә. Қазақбаев), «Спортқа да, халқымызға да ұлттық рух жетіспей тұр» (С. Мешітбайқызы) Париж олимпиадасының спортшылары туралы сыр.
№32 (1508) 15 тамыз. «Киелі мекенді қорлап, алаш баласын мазақ еткендерге жаза бар ма?» (С. Мешітбайқызы) Ақтауда мейрамханада иттерді үйлендіріп, тойлап жүргендерге жазылған сын мақала. «Жаңа қоныста». Абайдың соңғы серпілісі туралы естелік (Б. Дүйсенбеков, жазушы).
№33 (1509) 22 тамыз. «Дәретханасы жоқ қара жол» (Н. Қабылбек), «Қазіргі қазақ ғылымы тамырынан ажыраған қаңбақ секілді» (Т. Есдәулет) Академик М. Жұрыновпен сұхбат.
№34 (1510) 29 тамыз. «Кемертоған: 11 айлық сергелдеңге нүкте қоятын кез жетті» (Е. Айғалиұлы), «Батыр ана Тасбике» (Ш.Байдилдин, өнертанушы), «Батырлар қорымы қараусыз қалмасын» (Д. Шөкшир).

«Ауыл мәселесінсөзбен емес, іспен шешетін кез келді»

№35 (1511) 5 қыркүйек. «Астана V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына тас-түйін дайын» (Е. Сейтқали), «Жағдайың қалай, мектебім?» (Ш.Қасымханқызы), «Ұлттық болмысын жоғалтқан қыздар қауіпті» (Н.Қабылбек), «Қаламгерлердің авторлық құқығы туралы нені білуіміз керек?» (А.Рақыш).
№36 (1512) 12 қыркүйек. «Ауыл мәселесін сөзбен емес, іспен шешетін кез келді» (Е.Тоғжановпен сұхбат) (Е.Сейтқали, Н.Қабылбек), «Есірткіге қарсы күрес ел ертеңі үшін керек» (А.Сансызбай).
№41 (1517) 17 қазан. «Тойшылдық пен қыдырымпаздық түбімізге жетеді» (Ә.Жаңбыршиев), «Шұбар атты Бөдес батыр» (Т.Тезеков, тарихшы).
№42 (1518) 24 қазан. «Әлекке түскен Александр», «Шерзаттың өлімі шерлі жүректерге ауыр тиді» (С.Мешітбайқызы, Е.Сейтқали), «Дені сау халық – бай халық» (А.Жайлауқызы).
№43 (1519) 31 қазан. «Сүйінші! Халықтың газеті «Qazaqstan dauiri» газетіне алғысымыз шексіз!» Кәсіпкер А.Кәрімовтың алғыс хаты. «Александрға араша!» (Б.Шақарбекұлы) («Ұлт бірлігі» қоғамдық қоры президенті).
№44 (1520) 7 қараша «Әділдікті ел Президентінен сұра, Александр!» (Б.Бейсенов), «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» (Оқушылардың Б.Соқпақбаев туралы жазылған шығармалары). «Мөлдір бұлақ» қонақта. «Қыз-Жібек» фильмі қалай түсірілді?» (А.Айтбаева).
№45 (1521) 14 қараша. «Көкшеде тау-тау астық қар астында жатыр» (Е.Айғалиұлы, Д.Шөкшир), «Әйелдің ары – адамзат ары білгенге» (Ж.Ауғанбайқызы), «Туған кентінен зауыт ашқан Жақсылық» (Т.Адисұлы).
№46 (1522) 21 қараша. «Қақпақылға түскен тағдыр» (Е.Сейтқали) (Александр Лакай әділеттілікке жеткенше күреспек). «Квадробер – ұлт болашағына қауіпті дерт» (С.Мешітбайқызы), «Кемертоған: күрмеулер мен түйткілдер бірте-бірте шешілуде. Бірақ…» (Е.Айғалиұлы).
№47 (1523) 28 қараша. «Тал түсте шығыста қараңғылық бастырған…» (Д.Байтұрсынұлы), «Арқаның боранында да қайнаған тіршілік бар» (Е.Айғалиұлы) (Экспедиция Қарағанды облысында), «Ғұламалар тоғысады» (Ж.Сәрсенбай), «Тарихи мекенге сапар» (Батыс Қазақстан облысы) (С.Мешітбайқызы, Л.Қажымова), «Алтайдың абыз ақсақалы» (Жанәбіл Смағұлұлы туралы) А.Ахметбекұлы.
№ 49-50 (1525) 12 желтоқсан. «Әулиеаталықтардың той мәдениеті туралы үндеуі қолдауға лайық!» (С.Мешітбайқызы), Желтоқсан ардагері Б.Базарбайқызымен сұхбат (Ш.Қасымханқызы).
№51-52 (1526) 19 желтоқсан. «Біз сіздермен қоштасқымыз келмейді, қадірлі оқырман!» (Е.Айғалиұлы), «Ыстық ықыласқа толы жүздесулер» (Газетіміздің экспедициясы іссапарын Жамбыл облысында түйіндеді (М.Құлибаев).

Материалдарға шолу жасаған –Шаргүл Қасымханқызы