АЛЫП АДАМ ТУРАЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ДЕРЕКТЕР

Биыл қазақ халқының дара тұлғасы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

1. 🔷Қаныш Сәтбаевтың шын есімі – Ғабдулғани. «Ғани», «Ғаныш» еркелете келе «Қанышқа» айналған.
2. ⚙️Мәскеудің тапсырмасы бойынша Қазақстанның жерасты қазба байлығының картасын жасаған кезде Қаныш Сәтбаев төрт-бес ірі кенішті картаға кіргізбейді. «Бұл қалай?» деген орыс ғалымдарына: «Ондағы рудалар өте тереңде. Қаржыны да, теxниканы да көп қажет етеді. Сондықтан бұл жерді картаға кіргізуге әлі ерте», – дейді. Ал өзімен сырлас, сыртқа сыр шашпайтын достары Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұланға: «Әдейі жасырып алып қалдым. Кейінгі ұрпаққа да байлық керек шығар!» – деген.
3. ⚙️Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендері сияқты көптеген ірі нысандарды игеруге зор еңбек сіңірді.
4. ⚙️Қ.Сәтбаев Жезқазғанда тапқан марганец кені соғыс кезінде танк бронын жасауға жұмсалып, жеңіске жетуге үлкен септігін тигізеді.
5. 🔷Қаныш Сәтбаев 1946 жылы Алматыдағы Қазақ ғылым академиясының ғимаратының іргетасын қалаушылардың бірі, сол Академияның тұңғыш президенті. Осы жылдары 20-ға тарта ғылыми-зерттеу институттары ашылған.
6. 🔷1947 жылы делегация құрамында Анлгияға барған сапарында Ұлыбританияның әйгілі саясаткері Уинстон Черчилль зор денелі Қаныш ағаға тесірейе қарап: «Қазақтардың бәрі сіздей алып па?» – деп сұраса керек. Сонда Қанеке: «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын. Халқым менен де биік», – деп жауап беріпті.7. 🔷Академик Ә. Марғұланды қуғын-сүргін азабынан құтқарып, Алматыдағы КСРО Ғылым Академиясының филиалына жұмысқа алады.
8. 🔷Ашаршылық жылдары Баянауылға арнайы барып, жетім қалған 8 баланы Жезқазғанға әкеліп, толық қамқорлығына алған. Солардың 6-ы академик болып шығады. Оның бірі «Алтын адамды» тапқан археолог Кемел Ақышев.
9. 🔷 Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов дос болған. Семейдегі семинарияда бірге оқыған. Екеуі бір жатақханада, бір пәтерде тұрған, адал достықтары соңғы сәтке дейін жалғасқан.10. 🔷Қаныш Сәтбаев қазақ эпостық мұраларын,жыр дастандарын, оның ішінде Мұрын жыраудың жырларын жазып алуға қамқорлық жасаған.
11. 🔷Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 12. 🔷 «Ер Едіге» эпостық жырын және ұлттық ғылыми кадрларды қолдағаны үшін «ұлтшыл» деген айып тағылып, 1952 жылы Академия басшылығынан кетуге мәжбүр болады. Бірақ республика басшылығы өзгерген кезде осы қызметке қайта сайланып, жұмысын жалғастырады.
13. 🔷Домбыра мен гитарада тамаша ойнаған. Қазақ және украин әндерін орындауды ұнатқан. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына енген 25 әнді орындаған. Полька, мазурка, вальс билерін билеуге қызыққан.
14. 🔷 «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігін дәлелдеген.
15. 🔷Қаныш Сәтбаевтың жобасымен «Ертіс-Қарағанды» каналы салынған. Ертіс суы Екібастұзды жанамалай, 475 метр өрдегі Қарағанды мен Теміртау қалаларына жеткен.