«AMANAT» Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда
Қостанай облысында табиғи өрттен зардап шеккен ауыл тұрғындары гуманитарлық көмек жіберген барлық жанашыр қазақстандықтарға алғысын білдіріп жатыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.
«AMANAT» партиясының Хатшысы Ринат Кертаев атап өткендей, қазақстандықтар табиғи апат кезінде ынтымағы мен бірлігін танытты.
«Біз Әулиекөл ауылындағы «Болашақ» стадионында орналасқан штабта болдық. Онда бір де бір бос орын жоқ деп айтуға болады. Көп мөлшерде азық-түлік пен әр-түрлі заттар жеткізілді. Бұл шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі.
Адамдар қай өңірде тұрып жатқанына қарамастан, отандастарына көмектесу үшін жұдырықтай жұмылды», – деді ол.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі