AMANAT-та партияның Әйелдер қанатын дамыту мәселесі талқыланды
«AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова Парламенттегі әйел депутаттармен кездесуде партияның Әйелдер қанатын дамытуға қатысты мәселені талқылады.
Өздеріңіз білетіндей, партияның әйелдер қанатын құру бастамасын осы жылдың ақпан айында «AMANAT»-тың ұйымдастыруымен өткен Әйелдердің республикалық форумының қатысушылары көтеріп, оны партия Төрағасы Ерлан Қошанов қолдаған болатын. Қазіргі таңда әйелдер қанатын құрудың тұжырымдамалық тәсілдері бойынша пікірлер мен ұсыныстар жинау жұмысы жүргізілуде.
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі