Америкада қазақ баласының тұсауын Головкин кесті

Мұхиттың арғы бетінде қазақ баласының тұсауы кесілді. АҚШ-та жүрген отандастарымыз жүруге ынталанған ұлдарының тұсауын әйгілі боксшы Генадий Головкиннің кескені жөн деп тауыпты. Жерлестерінің ниетін қабыл алған шаршы алаңның сайыпқыраны Америка төрінде қазақтың салт-жоралғысын орындады. Өзін үнемі «Қазақпын» деп жүретін Генаның салт-дәстүрлерімізді толықтай біле бермеуі мүмкін. Әйтсе де, шетелде қазақтың даңқын да, дәстүр-ғұрпында насихаттап жүрген спорт майталманына «Жарайсың» деуден басқа айтарымыз жоқ. Ал, тұсауы кесілген бүлдіршінге Генадийдей батыл да ақжүрек азаматтың жақсы қасиеттері жұғысты болғай!

 «ЕлАна»