Америкалықтың қазақ тіліне құрметі… Ал біз ше?! (Видео)

Бұл бейнеде америкалық келіншектің екі қазақ қызымен ана тілімізде сөйлесіп отырғанын көреміз. Бір қызығы, ол біздің тілімізде сөйлеп қана қоймай, үш қызына да қазақтың есімдерін беріпті. Атап айтқанда: Жансамал, Құралай және Ақмарал. Бельгия жұртында америкалықтың қазақша сайрауы өз тілін шұбарлап сөйлейтін отандас, жерлес қара көздерімізге үлкен сабақ болары сөзсіз. Бірақ мұны ескеретін ағайын болса игі…