Ана ақысы
Ас үйде тамақ әзірлеумен әбігерге түсіп жатқан анасының жанына ұлы жүгіріп келді. Ештеңе деместен, бір жапырақ қағазды қалтасына салып кетті. Анасы жай ғана жымиды да, қолдарын алжапқышқа сүрте бастады. Бұрыштағы орындыққа отырып, қағазды ашты. Былай жазылған екен:
Ауладағы жапырақтарды тазаладым – 100 теңге
Бөлмемді жинадым – 80 теңге
Дүкенге бардым – 200 теңге
Қоқыс шығардым – 50 теңге
Үй тапсырмасын орындадым – 150 теңге
Көршінің затын апарып бердім – 90 теңге
БАРЛЫҒЫ: 670 теңге
Осы сәтте баласы анасын аңдып отырған болатын. Қағазды оқып болған соң, ақша бере ме деп күтті. Алайда, анасының терең ойға батып кеткенін байқайды.
Ана көп ұзамай қолына қаламсап алды да, парақты теріс айналдырып мынаны жазуға кірісті:
Тоғыз ай бойы барлық ауырлықтарға шыдап, толғақтың қиындығын бастан өткердім: ТЕГІН
Түні бойы жылағаныңда ұйықтамадым, ауырғаныңда дәрігерге апардым, үнемі жаныңда болдым: ТЕГІН
Сені жуындырып, нәжісіңді тазаладым, киімдеріңді үтіктедім: ТЕГІН
Ойыншықтар, тамақ, киім, тіпті мұрныңды сүрткенім де:ТЕГІН
Сені жығылып қала ма деп уайымдаған және әлі де уайымдайтын сәттерім: ТЕГІН
Балапаным, менің саған деген жүрек толы махаббатым да : ТЕГІН
Жазылғандарды оқып біткен баланың жанары жасқа толып, анасына қарады да: «Анашым, мен сені қатты, қатты жақсы көремін!» деп, қапсыра құшақтады да көзіндегі жасын бұлақтай төгіп, жазған қағазына БАРЛЫҒЫ ТӨЛЕНДІ деп жазып қойды. Бүгін ең керемет әйелдер күні. Сенде əдемі үлкен үй, керемет жанұя жəне сүйкті жұмыс болсын. Бақытты өмір, адал дос, қолдайтын сүйкті адамдар қоршасын. Күліп жүр. Сен əдемісің, қарапайымсың, нəзіксің ғажайыпсың. Сен өте жақсысың, кереметсің. Осы смсты өзіңе жақын əйелдерге жібер. Ештеңе де болмайды. Тек жəй ғана олар өздерінің керемет жан екенін ұмытпасын.
ӘЙЕЛДЕР…
Әйел барда, әнде күйде төгілген
Әйел барда еркек сорлы семірген.
Әйел қанша нәзік, әлсіз болсада,
Еркек байғұс әйелдерден жеңілген…
Әйел сенің, ақылшыңда серігің.
Болмаса әйел, түсінеді сені кім?!
Әйел сенің — мойныңдағы тұмарың
Әйел сенің — сұлулығың, көрігің…
Әйелдерсіз қызық емес сауығың
Олар жоқта қара түнек бәрі мұң…
Көңлің болмай мына өмірден зеріксең
Әйел алшы, әйел алшы бауырым…
Әйеліңді еркелетте, жалын бер
Сонда ғана жақсы көріп жаным дер
Сенен артық, сенің тәтті немерең
Қартайғанда әйел сені шалым дер…
Әйелдерді — еркектерден жаратқан
Еркектерді — әйелдерден таратқан
Еркектердің барлық тыным тірлігін
Айналып кеп әйелдерге қаратқан…
Әйеліңді — жарқыраған күнім де
Оған әр кез жылы қара күлімде
Әйелдерге керек емес қаталдық
Олар сенің — анаң, әкпең бүгінде…
Сондықтанда ашуланба, бүлінбе…
Әйелдердің бар қаруы тілінде
Жақсы өмір сүрем десең бауырым?!
Әйелдерге дұрыс сөйлеп, күлімде…
Әйелімді жеңем десең осылай
Тыныш өтпес, күнің түгіл түніңде
Әйел сенің — қабырғаңнан жаралған…
Түзей алмай, жеңілесің — түбінде….