Ана мен бала денсаулығы — басты назарда

Байзақ аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында -1243 әйел, 2022 жылы -1131 әйел босанды. Перзентхана бөлімі 20 төсек орынға арналып жабдықталған және соның 5 –уі жүкті әйелдер патологиясына арналған. Перзентханаға жүкті әйелдер жедел және жоспарлы түрде қабылданады. Жоспарлы түрдегі отаға жүкті әйелдер жатырдың 1,2-ші тыртығымен келіп жатады. Жоспарлы түрде ота жасалған әйелдер 3-ші -4 -ші тәулікте үйге шығарылады. Қазіргі таңда 2022 жылдың 6 айында перзентхана бөлімшесінде 233 жүкті әйел босанды, оның ішінде жоспарлы ота арқылы 33 әйел босанды. 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында жоспарлы түрде 7 ота жасалынған болса, 2022 жылда 33 операция жасалынды, яғни 5 есеге артқан. Алдағы уақытта ауданда ана мен бала денсаулығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіле беретін болады, себебі бұл бағыттағы жұмыстар — ұлт саулығын қалыптастыру жолындағы басты қадамдар.

Асет Калиев, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы