Ана мен баланы, отбасы мен неке институтын қолдау бойынша Қазақстанда қолданып жатқан кешенді шаралар

Ана мен баланы, отбасы мен неке институтын қолдау бойынша
Қазақстанда қолданып жатқан кешенді шаралар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатында
әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, әл-ауқат деңгейін арттыру,
отбасының экономикалық дербестігі мен өзін-өзі дамытуын арттыруға қажетті
жағдайлар жасау басым сипатқа ие әрі солай болып қалады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдауында
нақты көрсетілген отбасылық саясаттың және ана болуды көтермелеу
қызметінің негізгі бағыттары, сенімді әлеуметтік кепілдіктер отбасын, ана мен
баланы мемлекеттік қолдаудың тұтас жүйесін құруға алып келді.

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделі бүгінгі
күні мемлекеттік жәрдемақы мен қызмет жүйесі арқылы ұсынылған, ол
мыналарға бағытталған:
а) бала тууды ынталандыру
— отбасының табысына қарамастан, бюджеттен төленетін бала туғанда
берілетін жәрдемақы, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне
байланысты берілетін жәрдемақы – олардың көлемі отбасындағы балалардың
санына байланысты сараланған және бүгінде олар енгізілген кезеңдегі
мөлшерінен тиісінше 5,3 және 3,1 есеге артық. Мұндай көмекті бүгінгі күні
591 мың ана алады;
Анықтама ретінде: 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала
туғанда берілетін жәрдемақыны төлеуге шығыс көлемі 26,1 млрд. теңгені,
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақыны
төлеуге шығыс көлемі 31,1 млрд. теңгені құрады.
— 2008 жылдан бастап енгізілген жүктілікке және босануға, жаңа туған
баланы (балаларды) асырап алуға, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік қатерлер
басталған кезде МӘСҚ-дан берілетін әлеуметтік төлемдер. 2014 жылы мұндай
әлеуметтік төлемдерді 184 мың ана алды;
Анықтама ретінде:
2014 жылы жүктілік және босану, жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алу жағдайларына МӘСҚ-дан жүзеге асырылған әлеуметтік
төлемдердің сомасы 44 622,9 млн. теңгені, бала бір жасқа толғанға дейін
оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан
төленген әлеуметтік төлемдердің сомасы 50 091,4 млн. теңгені құрады.
б) көпбалалы аналардың беделі мен абыройын арттыру
— бұған мемлекеттік наградалармен марапатталған көпбалалы аналарға
табысына қарамастан 12 685 теңге (2014 жылы – 11 853 теңге) мөлшерінде
төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы бағытталған. Олардың саны орташа
есеппен алғанда еліміз бойынша шамамен 245,8 мыңды құрады, өткен жылы
бюджеттен шамамен 34,6 млрд. теңге төленді;
2
— осы секілді 8246 теңге (2014 жылы – 7705 теңге) мөлшеріндегі
мемлекеттік қолдауды төрт және одан көп бірге тұратын кәмелет жасына
толмаған балалары бар 220 мыңға жуық көпбалалы отбасылар алады. Өткен
жылы осы мақсаттарға 20,6 млрд. теңге жұмсалған;
в) мүгедек балалары бар отбасыларды қолдау
— 2010 жылдан бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға
қамқоршыларға және асырап алушыларға бала кәмелет жасына толғанға дейін
ең төменгі жалақы мөлшерінде (1,05) жәрдемақы төленеді, бүгінгі күні ол
22 433 теңгені құрайды (2014 жылы – 20 965 теңге). Елімізде бұл қолдауға
65,8 мың отбасы ие болды. Аталған жәрдемақыны төлеуге бюджеттен
2014 жылы 16,8 млрд. теңге жұмсалған;
— тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық аурулары бар
балалар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынылады. Жартылай стационар
және үйде күтім жасау жағдайларында көрсетілетін қызметтердің түрлерін
кеңейтуге және ден қоюды қолдайтын дәстүрлі схемадан соңғы нәтижеге
бағытталған оңалту схемасына көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берген
жаңа стандарттар енгізілді.
Мәселен, 2008 жылы психоневрологиялық аурулары бар балаларға
арналған интернат үйлерінде 2,5 мыңға жуық бала тәрбиеленді және осы
интернат үйлерге түсу үшін 2 мың бала өз кезектерін күтті. Бүгінде жүргізіліп
жатқан реформаның арқасында жағдай түпкілікті өзгерді, еліміздің 15 өңірінде
жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік мекемелердің базасында
35 күндіз болу бөлімшесі ашылды. Бөлімшелерде қызметтермен
қамтылғандардың саны 988 мүгедек баланы құрайды. Бұл ретте 2 мыңнан
астам балаға әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдар қызмет
көрсетеді.
Нәтижесінде интернат үйлерінен 391 бала отбасына оралды, балалары
күндіз болу бөлімшелерінде қызмет алатын 514 ана жұмысқа
орналастырылды.
г) табысы аз отбасыларды қолдау
— табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (ең төмен күнкөріс
деңгейінен 60 %) отбасыларға 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы
мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Аталған жәрдемақымен 2014 жылы
562,6 мың бала қамтылған, тағайындау сомасы 9,5 млрд. теңгені құрады.
— 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алған отбасылардың
жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспаса (ең төмен күнкөріс
деңгейінен 40 %), орта есеппен жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік
шегінің арасындағы айырма түрінде есептелетін атаулы әлеуметтік көмек
төленеді. Өткен жылы ол 1,3 млрд. теңге сомасында 56,1 мың азаматқа
тағайындалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек
көрсету идеологиясын өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті 13,2 мың отбасы, балаларға төленетін
жәрдемақыны табысы аз 177 мың отбасы алады.
3
Оларды жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тарту және
отбасылар кедейшілігінің алдын алу үшін Ақмола, Шығыс Қазақстан және
Жамбыл облыстарында пилоттық режимде «Өрлеу» жобасы іске асырылуда,
ол отбасының еңбек етуге қабілетті мүшесі жұмыспен қамту
бағдарламаларына қатысу және әлеуметтік келісімшартқа қол қою шартымен
табысы аз отбасыға мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 %-ына дейін
ұлғайтылған әлеуметтік көмекті алу мүмкіндігін қарастырады.
Өткен жылы жобаға 4 мыңға жуық отбасы қатысты. Жұмыспен
қамтудың белсенді нысандарына 5 066 адам тартылды немесе «Өрлеу»
жобасының еңбек етуге қабілетті қатысушыларының жалпы санының 88 %-ы.
Нәтижесінде жобаға қатысушылардың табысы 2 еседен артық ұлғайды, атаулы
әлеуметтік көмек алушылар құрылымында еңбек етуге қабілетті халықтың
үлесі 21,1 %-ға, АӘК мен балалар жәрдемақысын алушылардың саны
сәйкесінше 16 %-ға және 3,7 %-ға қысқарды.
Қабылданып жатқан кешенді шаралар еліміздегі демографиялық
ахуалға қолайлы әсер етті, оған туылғандар санының жыл сайын артуы
дәлел болады. Мәселен, 2003 жылы елімізде 248 мың бала өмірге келсе,
2014 жылы 400 мың бала туылған.
Әйелдер үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен лайықты еңбек
жағдайларын жасау жөніндегі шаралар іске асырылуда:
1) еңбек заңнамасында әйелдердің, жүкті әйелдердің және балалы
әйелдердің (балалары бар) еңбегін реттеудің ерекшелігі заңды түрде
бекітілген. Бұл, еңбектің ауыр жұмыстарында, еңбек жағдайлары зиянды
(ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда әйелдердің еңбегін
қолдануға тыйым салу; бір жарым жасқа толмаған баласы бар әйелдер үшін
жұмыс режимінің ерекшелігі, жүктілігі және босануы бойынша демалыс беру
және т.б. Қолданыстағы заңнаманың халықаралық нормаларға сәйкес келуі
Қазақстанға бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялауға мүмкіндік
берді.
2) әлеуметтік басымдықпен қорғалуға мұқтаж отбасылардан шыққан
қызметкерлерді еңбек нарығында жұмыспен қамту кепілдіктерін күшейту
бойынша шаралар іске асырылуда
Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен еңбек табысын өсіруге
бағытталған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы (бұдан әрі —
Бағдарлама) осыған мысал болып табылады.
Бағдарламаның барлық бағыттарына қатысуға әйелдер, зейнеткерлік
жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар, жалпыға бірдей белгіленген
зейнетақы жасына дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер құқылы.
Жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша 2014
жылы Бағдарламаның іс-шараларына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту
орталықтары мен 193,7 мың адам, оның ішінде 48,2 % – әйелдер, олардың
жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұратындар арасында әлеуметтік
келісімшартқа қол қойылды.
4
Жұмысқа орналасқандардың жалпы санындағы әйелдердің үлесі 45,9%-
ды (76,7 мың), оның ішінде тұрақты жұмыс орындарындағы үлесі (69,2%) 53,1
мың адамды құрады.
Әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, аумақтарды абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық
жобаларда 23,8 мың адам, оның ішінде 2,9 мың әйел жұмыс істейді.
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану мақсатында 3,3 мың әйел кәсіпкерлік
негіздері бойынша оқытудан өтті, 2,4 мың әйел өз ісін ашты және ісін жаңа
бастаған кәсіпкер атанды. Бұл ретте, микрокредит алушылар құрған тұрақты
жұмыс орындарына 537 әйел жұмысқа орналастырылды.
Еңбек нарығында Бағдарламаға қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру мақсатында кәсіптік оқытумен 11,3 мың адам қамтылды және оқуды
аяқтағаннан кейін олардың 71%-ы жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік
жұмыс орындары мен жастар практикасына 20,6 мың әйел орналастырылды.
2011-2014 жылдар аралығында Бағдарлама шеңберінде 4,7 мың отбасы
қоныс аударды.
Ұлттық еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері соңғы жылдары тұрақты
оң динамиканы көрсетуде. Жұмыспен қамту деңгейі өсіп, жұмыссыздық
төмендеуде.
Әйелдерді жұмыспен қамту көрсеткіштеріндегі ұқсас жағдай.
Экономикалық белсенді халық құрылымында жұмыспен қамтылған
әйелдердің саны (2014 жылғы 3-тоқсанда) 4 477,5 мың адамды (2013
жылғы 3-тоқсанда – 4 466,2 мың адамды) құрады. Өз бетінше жұмыспен
қамтылған әйелдердің саны 2014 жылғы 3-тоқсанда 1 246,5 мың адамды
құрап, төмендеді. 2013 жылғы 3-тоқсанда 1 253,9 мың адамды құрады.
Бұл ретте, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық тармаққа
төмендеп, 5,7%-ды құрады.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысты
Үкімет өзіне алған әлеуметтік міндеттерді толық көлемде орындап жатыр.
Барлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап
9 %-ға, базалық зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері 7 %-ға
арттырылды, бұл шамамен 4 млн.-ға жуық алушыны қамтиды. Жергілікті
жерлерде әлеуметтік төлемдердің уақтылылығы қамтамасыз етілді.
Зейнетақымен қамсыздандыруды жаңғырту шеңберінде кепілдіктерді
күшейтуге, 55 жастан асқан адамдардың жұмысқа орналасуы кезінде
кемсітушіліктерді болдырмауға және жұмыспен қамтылуын сақтап қалуға
бағытталған нормативтік құқықтық актілерге (Еңбек кодексі, Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодекс, «Халықты жұмыспен қамту туралы» және
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдар) өзгерістер енгізілді.
2013 жылғы 21 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен
2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы кезең-кезеңімен (жыл
сайын 6 айға) 10 жыл ішінде 5 жылға арттырылады.
5
Әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуын ұлғайту
зейнетақы жинақтары көлемінің ұлғаюына алып келеді, бұл өз кезегінде
жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар әйелдер үшін
зейнеткерлікке ерте шығу құқығы сақталатынын атап өткен жөн:
— 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа
дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жаста;
— төтенше және Семей ядролық сынақ полигонының ең жоғары
радиациялық қатер аймақтарында кемінде 5 жыл тұрған, 20 жылдан кем
болмайтын жалпы еңбек өтілі бар әйелдер 45 жаста зейнеткерлікке шыға
алады.
Сондай-ақ, жұмыс істемейтін аналардың сәби балаларына күтім жасаған,
бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейінгі жалпы саны 12 жыл көлеміндегі
уақыт еңбек өтіліне есептеледі.
Зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің қатысушылары үшін зейнетақы аннуитетін иеленген жағдайда,
жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін зейнетақы төлемдерін 50 жаста
тағайындауға құқық сақталып қалды.
Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты
тапсырмаларын орындау мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін
қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді. 2014 жылы жұмыс берушілер 328 мың
қызметкерге 26 млрд. теңгеден астам қаражат аударған;
2) жұмыс істейтін әйелдердің бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі
бойынша демалыста жүрген кезеңдерінде міндетті зейнетақы жарналарын
субсидиялау институты енгізілген. 2014 жылы 109 мыңға жуық алушылардың
жеке зейнетақы шоттарына 4 млрд. теңгеден астам қаражат аударылды
(субсидияның орта мөлшері – 4 010 теңге).
3) Мемлекет басшысының Жарлығымен 2014 жылғы 18 шілдеде
«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» қабылданды. Оны іске асыру
мақсатында қазіргі уақытта тиісті заң жобасы әзірленді.
Деңсаулық сақтау саласында
Азаматтардың репродуктивтік денсаулығын нығайту және ана мен бала
денсаулығын сақтау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын
дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) негізгі міндеттерінің
бірі болып табылады.
Ана мен бала денсаулығын сақтау Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, Қазақстан
Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық
6
тұжырымдамасында, «Қазақстан — 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты стратегиясында» және басқа да құжаттарда көрсетілген.
Бағдарламалық құжаттарды іске асыру үшін Министрлік медициналық-
санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) деңгейінде ана мен бала
өлім-жітімін төмендету бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Фертильді
жастағы әйелдердің репродуктивтік денсаулығын жақсарту, ауруларды ерте
анықтау, диспансерлік бақылау және оларды сауықтыру бойынша іс-шаралар
өткізілуде, отбасын жоспарлау және контрацепция әдісін таңдау бойынша
консультациялар, сондай-ақ жүктілікке дайындау іс-шаралары жүзеге
асырылады.
Қазіргі уақытта 21 перинаталдық орталық және 3 деңгейдегі
8 перзентхана жұмыс істейді, бұл ұйымдардың медициналық жабдықтармен
жарақтандырылу деңгейі 2013 жылғы 63,3 %-дан 2014 жылы 65 %-ға дейін,
республикалық балалар стационарлары 2013 жылғы 63,4 %-дан
2014 жылы 63,9 %-ға дейін өсті.
2006 жылы ДДҰ-ның «Ана болу қауіпсіздігі» стратегиясы қабылданды.
Тууға дейін күтім жағдайлары жасалған, елімізде әйелдер консультациясы
және кабинеттері бар 759 ұйымы жұмыс істейді, олардың құрылымында
аналар мектептері көзделген, жүкті әйелдер тіркелімі құрылған, қатер
факторлары бар әйелдерді емдеуге жатқызуды бақылау жүзеге асырылады.
Күн сайын жүкті әйелдердің, босанатын және босанған әйелдердің қиын
жағдайына мониторинг, жүкті әйелдерді босандыру үшін уақтылы емдеуге
жатқызу мониторингі жүргізіледі, бұл қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін
шұғыл шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Қиын жағдайларды
мониторингілеу шеңберінде шамамен 2000 жүкті және босанатын әйелге
шұғыл көмек көрсетілді.
Жол карталары әзірленіп, балаларға неонатальдық хирургия,
кардиохирургиялық көмек сәтті іске асырылуда, балаларға онкологиялық
көмек көрсету тәртібі жетілдірілуде.
Халықаралық талаптарға сәйкес ана мен бала денсаулығын сақтау
бойынша диагностика және емдеу хаттамалары жетілдірілуде. 2014 жылы
77 клиникалық хаттама әзірленіп, жетілдірілді.
Министрлік ЮНИСЕФ және ДДҰ бірлесіп, 5 жасқа дейінгі балаларды
күту қағидалары жөнінде аналарды хабардар ету бойынша кең ауқымды
науқан жүргізеді. Жас аналар үшін «Баланың 0 жастан 5 жасқа дейінгі дамуы
бойынша жеке карта» шағарылды. Медицина қызметкерлері үшін «0 жастан
бастап 5 жасқа дейінгі баланың физикалық дамуы» әдістемелік құралы
әзірленді. ДДҰ бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Балалық шақтағы
ауруларды ықпалдастыра емдеу» 5 жасқа дейінгі балаларды патронаждық
профилактикалық бақылау жүргізіледі, 600-ден астам дені сау бала
кабинеттері ұйымдастырылған, онда медицина қызметкерлері ерте жастағы
балалардың психофизикалық скринингін, тамақтандыру мәселелері бойынша
ата-аналарды оқыту және оларға консультация беруді жүргізеді.
Бедеу неке бұл маңызды әрі күрделі медициналық-әлеуметтік
проблеманың бірі болып табылады. Әлемде бедеу некелердің жиілігі 15 %
7
деңгейіне жетсе немесе артса онда бедеулік мемлекеттік маңызды проблемаға
айналады, себебі ол тек жеке басқа емес, жалпы қоғамға әсер етеді, ол
азаматтардың ұрпақты болу жасындағы әлеуметтік және кәсіби белсенділігін
төмендетеді. Мысалы, Ресей аумағында бедеу некелердің үлесі 8 %-дан 17,5 %
шегінде тұр және төмендеу үрдісі байқалмайды.
Сонымен бірге, Қазақстандық репродуктивтік медицина
қауымдастығының деректері бойынша Қазақстанда бедеу неке жиілігі 14-15 %
арасында ауытқып тұр. Медицинаның заманауи даму кезеңінде
экстракорпоральдық ұрықтандыру (бұдан әрі – ЭКҰ) бедеулік проблемасының
басты шешімі болып табылады. Елде проблеманың өзектілігін ескере отырып,
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізімі кеңейтілді,
экстракорпоральдық ұрықтандыру бойынша көмек көлемі жылына 350-ден
600 циклге дейін ұлғайтылды. 2015 жылы 750 цикл жасау жоспарланған. ЭКҰ
жасаудың нәтижелілігі жылдан жылға артып келетінін атап өткен жөн.
Отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шаларады іске асыру үшін Салауатты
өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрі —
СӨСҚҰО) филиалдары арқылы халықты ақпараттандыру жұмысы күшейтілді
және ҮЕҰ арқылы әлеуметтік жобалар іске асырылуда. 350-ден астам отбасын
жоспарлау кабинеті жұмыс істейді. СӨСҚҰО және оның облыстардағы
филиалдары «Отбасын жоспарлау», «Репродуктивтік денсаулықты сақтау»
тақырыбында 1,4 млн. данадан астам ақпараттық-білім беру материалдары
әзірленіп, көбейтілді.
Жыл сайын 15 мамырда Қазақстан Республикасында Халықаралық
отбасы күні өткізіледі. 2014 жылы аталған іс-шара «Мен отбасымды жақсы
көремін!» ұранымен өтті. Репродуктивтік денсаулық, отбасын жоспарлау,
қаламаған жүктілік профилактикасы мен ерте жасөспірімдік жүктілік
мәселелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру акцияның
негізгі мақсаты болып табылады.
Білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер, ЖОО-ларда)
репродуктивтік денсаулық және қаламаған жүктілік профилактикасы жөнінде
семинар-тренингтер және «Қауіпсіздік бағдары» интерактивтік көрмесі
өткізілуде.
Сонымен қатар, жастар денсаулық орталығы арқылы жасөсіпірімдер мен
жастар арасында жыныс жолдарымен берілетін инфекциялардың алдын алу
жұмыстары жалғасуда.
Республикада жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,
мінез-құлықтық қатер факторларына және аурулардың профилактикасы
мақсатында 101 темекімен қарсы күрес орталығы, 87 Жастар денсаулық
орталығы (бұдан әрі – ЖДО), 4 582 денсаулық мектебі ашылып, жұмыс
істеуде.
ЖДО 14-29 жас аралығындағы жастарға кешенді (медициналық,
психологиялық, заң және әлеуметтік) көмек алу бойынша анағұрлым ауқымды
қызмет түрлерін көрсетеді. ЖДО-ның профилактикалық қызметінің басым
бөлігі еріктілік, қолжетімділік, ізгілік, құпиялылық және сенім қағидаттарында
негізделген.
8
Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыру
шеңберінде республиканың барлық өңірлерінде халық, оның ішінде жастар
арасында да салауатты өмір салтын насихаттау, мінез-құлықтық қатер
факторлары мен аурулардың алдын алу жөніндегі ақпараттық науқандар,
айлықтар, онкүндіктер, бұқаралық спорт іс-шаралары, БАҚ арқылы
ақпараттық науқандар және т.б. ұйымдастырылып, өткізілді.
Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылдан бастап үкіметтік емес
ұйымдардың қатысумен әлеуметтік жобаларды іске асырады, оның басым
көпшілігі ана мен бала денсаулығын сақтауға бағытталған, атап айтқанда,
«Саламатты отбасы», «Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің денсаулығын
сақтау», «Ана мен бала», «Отбасының қолынан бәрі келеді» және басқалар.
Сондай-ақ «BI Group» Холдингінің қолдауымен «Ана Үйі» жобасы іске
асырылуда. Бірінші пилоттық жоба 2013 жылдың мамыр айында Астана
қаласында іске асырылды, қазіргі уақытта 20 Үй ашылды. Ашылғаннан бастап
оларда 568 адам тұрды (2013 жылдың мамыр-желтоқсан айларында – барлығы
34, 2014 жылы – 534). Жоба іске қосылған уақытта 70 % әйел өмірде өз
орындарын тапты, олардың 50 %-ы жанұяларына оралды, 20 %-ы жұмыспен
қамту орталықтарының жәрдемдесуімен жұмысқа орналастырылды.
Анықтама ретінде. «Ана Үйі» өмірлік қиын жағдайға тап болған
аналардың уақытша тұруына арналған. Аналар мұнда жүктілік кезеңінен
бастап бала 1,5 жасқа толғанға дейін толық қамсыздандыруда (тамақтану,
балаға арналған киім, гигиеналық заттар, телефон келіссөздері, теміржол
билеттері және т.б.) бола алады.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде азаматтардың репродуктивтік
денсаулығын, ана мен баланың денсаулығын сақтауды күшейту бойынша іске
асырылып жатқан іс-шаралар кешені демографиялық көрсеткіштерге оң әсерін
тигізді, бала туудың өсуі, табиғи өсу және жалпы өлім-жітімнің төмендеуі
байқалады.
Статистика комитетінің 2014 жылғы 1 желтоқсандағы деректері
бойынша 1000 халық санына шаққандағы көрсеткіштердің мынадай мәндеріне
иеміз: халықтың табиғи өсімі – 15,68 (2013 жылдың ұқсас кезеңінде –
15,17); бала туу – 23,32 (2013 жылы – 23,29); өлім-жітім – 7,64 (2013 жылы
– 8,12). Бұл ретте, ана өлім-жітімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғанға
шаққанда 11,5-ті құрады немесе 2013 жылдың ұқсас кезеңімен
салыстырғанда 8,7 %-ға төмендеді, нәресте шетінеушілігі 1000 тірі
туғанға шаққанда – 9,8 немесе 13,3 %-ға төмендеді.
Білім беру саласында
Балалар мен жастарды адамгершілік-рухани тәрбиелеу, отбасы мен
балалықты қорғау жөнінде қабылданатын шаралар «Білім беру туралы»,
«Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында Бiлiм
берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі
стратегиялық даму жоспарында, Білім берудің барлық ұйымдарында оқыту
9
процесінің тәрбиелік құрамдауышын күшейту жөніндегі кешенді үлгілік
жоспарда және т.б. құқықтық нормативтік актілерде айқындалған.
Тұрақты негізінде балалықты қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық базаны жетілдіру жұмысы жүргізіледі.
Білімге және тәрбиелеуге балалардың құқықтарын іске асыруға
жағдайлар жасау
Өңірлердің білім басқармаларының деректері бойынша 2014 жылғы
1 қазанға республикада мектепке дейінгі 8 467 ұйым жұмыс істейді (2013 ж. –
8 764), оның ішінде 3 832-сі балабақша (2013 ж.- 3340) және 4 635-і (2013 ж. —
5424) шағын орталық, оларға 727,4 мың бала барады, бұл өткен жылмен
салыстырғанда 53,6 мың балаға артық (2013 ж.- 673,7).
Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 52 балабақша салу, 546 балабақша
және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 17 балабақша ашу есебінен
ұлғайтылды.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту
52,3 %-ды (2013 ж. 48,8 %), 3-6 жастағы – 78,6 %-ды (2013 ж. — 73,4%)
құрайды немесе 2013 жылмен салыстырғанда тиісінше 3,5 және 5,2 пайыздық
тармаққа ұлғайтылды.
Бастауыш, негізгі және орта білім беру бағдарламалары іске асырылатын
жалпы білім беру мекемелерінің желісі құрылған, материалдық-техникалық
базасы нығайтылуда.
2014-2015 оқу жылында республикада жалпы білім беретін мемлекеттік
7 222 мектеп пен 99 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Олардың қатарында
231 гимназия, 95 лицей және пәндерді тереңдетіп оқытатын 1270 мектеп,
111 тірек мектеп (ресурстық орталықтар) жұмыс істейді. Жалпы, орта білім
беру мекемелерімен 2 615 897 бала қамтылған.
Орта білім беру жүйесінде білім беру мазмұнының сапасын жақсарту
жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. 2013 – 2014 оқу жылынан бастап
республика мектептерінде Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа
стандарттары енгізілді, Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары іске
асырылуда, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісін дамыту жалғасуда
(2014ж. – 16, 2013 ж. – 15, 2012 ж. – 7), олардың тәжірибесі республиканың
жалпы білім беретін мектептеріне тарату қолға алынған.
Балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу
Білім берудің барлық деңгейлерінде интеграциялық сипаты бар және
әлеуметтік-гуманитардық пәннен (этика, психология, философия, социология,
құқықтану) тұратын білімді қамтитын «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани
білім беру бағдарламасы енгізілген.
Бағдарлама жалпы адамдық рухани құндылықтарға негізделген және
отбасының бала тәрбиелеудегі ұстанымының белсенділігін арттыруға
бағытталған.
Отбасы институтының беделін арттыруға, қоғамда ең үздік отбасы
дәстүрлерін насихаттауға физикалық және адамгершілік тұрғыдан дені сау
ұрпақ тәрбиелеуде отбасының еңбегін тануға бағытталған бірқатар іс-шаралар
10
жүзеге асырылуда.
Республиканың барлық өңірлерінде «Мөлдір бұлақтан…» — «От чистого
истока» отбасылық шығармашылық фестивалі өткізіледі. Ағымдағы жылы 15
мың отбасы отбасылық шығармашылық фестивалінің қатысушысы атанды.
Қазақстан Республикасы БҒМ қолдауымен отбасылық қатынастар
саласында Астана қаласында қоғамдық ағартушылық және білім беру
орталығы «Отбасылық тәрбие институты» жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап
республиканың 8 өңірінде Отбасылық тәрбие орталықтары ашылды,
Қазақстан және халықаралық сарапшылардың қатысуымен отбасылық тәрбие
бойынша педагогтарға, психологтарға арналған семинарлар, тренингтер,
мастер-кластар өткізеді.
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Балаға мейірімді қала»
халықаралық бастамасы іске асырылуда, оның шеңберінде отбасы
құндылықтарын насихаттау, отбасындағы балалардың тәрбиесіне ата-ана
жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмысы
жүргізілуде.
Баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығын іске
асыруға бағытталған шаралар
2015 жылдан бастап жетім балаларды және ата-анасының қарауынсыз
қалған бабаларды асырап алуға байланысты 75 АЕК мөлшерінде біржолғы
ақшалай төлем енгізілді.
«Отбасын қолдау орталығы», «Асырап алған отбасы» пилоттық
жобалары іске асыру бойынша дайындық жұмысы басталды.
Жетім балаларды асырып алу және оларды қандас отбасыға қайтару,
қамқорлық, қорғаншылық пен патронатқа тапсыру қызметі балалар
үйлеріндегі тәрбиеленушілер санының төмендеуіне алып келді (2010 ж. –
14052, 2011 ж. – 12925, 2012 ж. – 10887, 2013 ж. – 9879, 2014 ж. – 9192).
Балалар үйлерінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз етуде оң үрдіс
байқалады, мәселен 2013 жылы заңнамалық деңгейде жетім балалардың, ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бірінші кезекте тұрғын үй алу
құқығы бекітілген.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалардын саны ұлғайды.
Егер 2006 — 2013 жылдар аралығында осы санат бойынша 1441 пәтер берілсе,
2014 жылдың өзінде – 951 пәтер берілген.
Балалар мен балалы отбасыларды қолдау жөніндегі іс-шаралар
«Қамқорлық», «Мектепке жол» акциялары шеңберінде табысы аз және
көпбалалы отбасылардан шыққан 487 145 балаға 2 млрд. 915,3 мың теңге
сомасында көмек көрсетілді. Бұдан басқа табысы аз және көпбалалы
отбасылардан шыққан 256 220 (99,7%) балаға тегін тамақ ұйымдастырылған
(2013 ж. – 99%).
Тамақты дәрумендеу, оқушылардың тамақтану рационына бал мен сүт
қосу шаралары қабылдануда. Республика мектептеріндегі оқушыларды балмен
және сүтпен қамтамасыз ету мониторингі бүгінгі күні 1 844 (25,5%) мектеп
11
452 556 (17%) оқушыны балмен қамтамасыз ететінін, 2 291 (32%) мектептің
446 335 оқушысының тамақтану рационына сүт қосылғанын көрсетіп отыр.
Спорт саласында
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»
1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 Заңына сәйкес мемлекеттік саясат
халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге, дене шынықтыру мен
спортты дамытуға бағытталған және барлық азаматтар үшiн еріктілік теңдік
пен жалпы қолжетімділік қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Бүгінде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын
азаматтардың саны артып келеді, яғни 4316 мың адамды құрайды, олардың
ішінде әйелдердің саны 1098,4 мың адам.
Спорт және дене шынықтыру саласында 44,3 мың штаттағы дене
шынықтыру қызметкері жұмыс істейді, олардың ішінде әйелдердің саны –
8,3 мың.
Қазіргі уақытта республика бойынша 435 балалар мен жасөспірімдердің
спорт мектебі (бұдан әрі – БЖСМ) жұмыс істейді, оның ішінде біреуінің
республикалық маңызы бар. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылдың
қорытындысы бойынша БЖСМ-інде контингент саны 11,9 мың адамға
көбейді.
105 Балалар мен жасөспірімдердің дене дайындық клубында 31,4 мың
бала мен жасөспірім дене шынықтырумен және спортпен айналысады.
Бүгінгі күні дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар
мен жасөспірімдердің саны 332,5 мың немесе 13 %-ды құрайды(2013 жылы
318,1 мың адам немесе 12,5 %).
Министрлік әйелдер арасындағы спорт және дене шынықтыруды
дамытуда бірқатар жұмыстар атқаруда. 2014 жылы Инчхон (Корея) қаласында
өткен XVII жазғы Азия ойындарына қатысқан 414 спортшының 53 %-ын
әйелдер құрады.
Бұдан басқа, біздің еліміз жеңіп алған 84 медальдің 33-ін жеке және
командалық жарыстарда әйелдер жеңіп алды. Аталған көрсеткіштер әйелдер
арасындағы спорттың жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.
Құқық қорғау жүйесінде
Жыл сайын отбасындағы құқық бұзушылықтар үшін 35 мыңнан астам,
соққыға жығу үшін 4 мың, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіргені үшін
16 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Аталған құқық бұзушылықтар үшін 18 мың адамға қатысты әкімшілік
қамауға алу түрінде жазалау шаралары қолданылған.
2014 жылғы 18 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды, онда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
құрбандарына әлеуметтік жәрдем мен көмектің құқықтық механизмдері
12
көзделген, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар
жасағаны үшін жазалау күшейтілуде.
Қорғау ұйғарымдарын дербес шығару бойынша инспекторларға
өкілеттіліктер беру жөніндегі нормалардың енгізілуі тұрмыстық зорлық-
зомбылықтан жәбір көргендерді қорғау жөнінде шешім қабылдаудың
жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.
Жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау
мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға, өзін баламалы
тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігінің болуы анықталған жағдайда
жәбірленушімен тұрғын үйде тұруға тыйым салу нормасы енгізілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету ұйымдарын
(дағдарыс орталықтары) құру бойынша жергілікті атқарушы органдардың
өкілеттіліктері кеңейтілді.
Заңнамалық шаралармен қатар, ұйымдастырушылық-тәжірибелік
шаралар да қабылдануды, олар:
— 1999 жылы ішкі істер органдарының құрылымында 133 полицей
қызметкері жұмыс істейтін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау
бөлімшелерінің құрылуы (бұдан әрі – Бөлімшелер). 2014 жылы бөлімшелерге
40 мыңнан астам әйел жүгінген, олардың ішінде 5 мыңнан астамы заңгерлік
және психологиялық көмек көрсету үшін дағдарыс орталықтарына жіберілді.
Республикада 28 дағдарыс орталығы жұмыс істейді;
— тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге
жәрдемдесу үшін Бөлімшелерде сенім телефондары қызметінің қамтамасыз
етілуі. 2014 жылы сенім телефонына 13 мыңнан астам қоңырау келіп түскен
(2013 ж. – 20 мың), олар бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданған;
— жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға
бағытталған лекциялар, әңгімелесулер, тренингтер, акциялар, интернет-
конференциялар өткізіледі. Өткен жылы оқу орындарында, ұйымдар мен
мекемелерде 17 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды;
— ІІМ-нің БАҚ-пен белсенді өзара іс-қимыл жасау бойынша
ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізуі. Биылғы жылы республикалық және
өңірлік БАҚ-тарда 4,5 мыңнан астам ақпарат, оның ішінде 1715 мақала,
телевизияға 845, радиоға 649 материал жарияланған. БАҚ-та 90-нан астам
құқықтық бағдарламалар, арнайы айдарлар және құқық қорғау бағытындағы
хабарлар жұмыс істейді;
— акция кезінде өткізілген іс-шаралар туралы бейнероликтер,
ақпарат ІІМ сайтында, «Google.kz», «Twitter», «Facebook», Қазақстандағы
Әйелдердің БҰҰ өкілдігінің сайтында орналастырылған;
— тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу іс-шараларының
жоспарларын бекіте отырып, барлық өңірлерде 35 ҮЕҰ-мен меморандумдар
жасалған.
Бұдан басқа, 2014 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында
«Үйдегі бейбітшіліктен Жердегі бейбітшілікке – әйелдерге қатысты зорлық-
зомбылықты тоқтатамыз» ұранымен «әйелдерге қатысты зорлық-
зомбылықсыз16 күн» акциясы өткізілді. Акцияны өткізуге 23 мыңнан астам
13
адам атсалысты, оның ішінде 17 мың полиция қызметкері, 2 мыңнан астам
жергілікті атқарушы органдардың, білім беру, денсаулық сақтау салаларының,
облыстар әкімдіктері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-
демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, үкіметтік емес
ұйымдардың, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, сондай-ақ еріктілер,
пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері бар.
Аталған мәселе бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде
180 мыңнан астам ақпараттық тарату материалы (буклеттер, жадынамалар,
билбордтар, плакаттар, брошюралар және т.б.) дайындалып, оқу орындарында,
ұйымдар мен өзге де мекемелерде 7 мыңнан астам іс-шара өткізілген.
Қабылданып жатқан шаралар тұрмыстық қылмыстылықты жыл
сайын орташа есеппен 10 %-ға тұрақты төмендетуге ықпал етті. 2005
жылмен салыстырғанда тұрмыстық қылмыстылық көрсеткіші 2014
жылы 2,5 есеге, 1,6 мың қылмыстан 620-ға дейін, тұрмыс саласындағы
адам өлтіру саны 3 есеге, 578 қылмыстан 188-ге дейін төмендеген.
Балалардың құқығын қорғауға қатысты
Мемлекеттің кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық
бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау
мәселелеріндегі стратегиясын айқындайтын маңызды заңнамалық актілердің
ішінен «Балалар құқығы туралы» конвенцияның ратификациялануын (1994
ж.), «Балалар құқығы туралы» (2002 ж.) және «Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» (2004 ж.) заңдардың
қабылдануын атауға болады.
2010 жылдың қарашасында қолданыстағы балалар құқығын қорғауды
қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамаға кәмелетке толмағандарға
қатысты қылмыстық саясатты гуманизациялауға және кәмелетке толмаған
балаларға қатысты жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті
қатаңдатуға бағытталған түзетулер енгізілген болатын.
Еңбек кодексіне кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен білім
беру, медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету,
мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен мекемелерге кәмелетке
толмағандарға қатысты қылмысы үшін сотталған адамдармен еңбек шартын
жасауға тыйым салатын түзетулер енгізілді.
Қылмыстық кодекс кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдаланғаны
үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін, кәмелетке жетпегендердің
қатысуымен жасалған іс-әрекеттерді жеке құрамға бөлуді көздейтін баптармен
толықтырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау
үшін жаңа Қылмыстық кодексте балаларға қарсы жасалған қылмыстар үшін
жазалар қатаңдатылып, сондай-ақ Әкімшілік кодексінің балалар құқығын
қорғауға қатысты бірқатар баптары қылмыстық іс-әрекеттер разрядына
ауыстырылды.
14
Кәмелетке жетпегендер арасындағы қылмыс бұзушылықтардың
профилактикасы мен алдын алудың түрлі бағыттары, сондай-ақ олардың
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдармен
және ҮЕҰ-мен акциялар және интернет-конференциялар өткізілуде,
іс-шаралар жоспары, бұйрықтар, келісімдер іске асырылуда.
2014 жылы мектептерде «Сексуалдық зорлық-зомбылықтан өзіңді қалай
қорғау керек» деген буклеттер тарата отырып, полиция қызметкерлері
7 мыңнан астам тематикалық лекция өткізді.
Тұрмысы қолайсыз отбасыларда тұратын кәмелетке толмаған
балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында
балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін өткен жылы
5 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналар
немесе олардың міндеттерін орындайтын адамдар тарапынан балаларға
жасалған қатыгез іс-әрекет фактілері бойынша 46 қылмыстық іс, кәмелетке
толмаған балаларды қоғамдық қарсы іс-әрекеттерді жасағаны үшін –
8 қылмыстық іс қозғалған.
2014 жылы 2013 жылғымен салыстырғанда кәмелетке
толмағандарға қатысты жасалған қылмыстың 16,9%-ға (4284-тен 3561-
ге) төмендегені байқалады. Бұл ретте қылмыстың басым массасын (60%)
мүліктік пайда табу сипатындағы қылмыстар құрайды.
Неке мен отбасыны қолдау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясымен бекітілген азаматтардың
отбасы, ананы және балалықты мемлекет тарапынан қолдауға құқықтарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында
анықталған міндеттерді іске асыру мақсатында әділет органдары оң неке
имиджін қалыптастыру, ана, әке болудың, балалықтың мәртебесін және
қоғамдық маңыздылығын арттыру, отбасы құндылықтарын, дәстүрлерді
насихаттау және отбасы беделін арттыру жөнінде жұмыстарын жүргізуде.
Оның ішінде неғұрлым дәстүрлілері салтанатты түрде неке қиюды
тіркеу, балалардың туылуын салтанатты тіркеу, ұзақ ғұмыр жасағандарды
дәріптеу, бірге өмір сүргендерінің мерейтойын атап өткен жұбайлар жұбын
құттықтау болып табылады.
2014 жылдың қыркүйек айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасын
қамтамасыз ету шеңберінде еліміздің барлық аумағындағы Отбасы күніне (14
қырқүйек) орайластырылған жалпы республикалық шаралар (102 отбасы
мерекесі мен 53 ұрпақтар кездесуі) өткізілді. Мәселен, Батыс-Қазақстан
облысында әкелердің жиналысы өткізілген.
Өткен жылы некеге тұруға ниетті тұлғалар және отбасылық жұптармен
белсенді түрде жұмыс жүргізетін жас отбасы клубтары құрылған. Клубтар
ұйымдастыратын кездесулерде, дәріс, семинар және кеңес берумен шектеліп
қоймай, отбасы мерекелерін және қызығушылықтарына байланысты әртүрлі
кездесулер өткізілетінін айта кетуге болады. Көптеген жағдайда бұл жұмысқа
«Жас Отан» жас қанатының өкілдері жұмылдыруда.
15
Мемлекеттік отбасылық саясатты жүзеге асыру үшін өткізіліп жатқан
шаралардың ішіндегі бастысы — қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, 2014
жылы республикалық және облыстық телеарналарда 92 сөз сөйлеу, баспасөзде
369 мақала, радиодан 47 сөз сөйлеу өкізілді.
Әр түрлі ұйымдарда, соның ішіне оқу орындарында лекция оқу кең
тараған. Жоғарғы сынып оқушылары және студенттермен талқыланатын
негізгі тақырып неке — отбасылық заңнаманы, ерлі-зайыптылардың, ата-
аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар аналықты,
әкелікті және балалықты қорғау мәселелерін түсіндіру болып табылады.
Есеп беру кезеңінде барлық аумақтықтарда құзырлы мемлекеттік
органдардың, мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы, үкіметтік емес
ұйымдардың қатысуымен әртүрлі «дөңгелек үстелдер» өткізілді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында
өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, азаматтық хал актілерін
тіркеу функциялары жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілген.
Әділет органдарында азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылау жасау,
нормативтік-әдістемелік сүйемелдеу, тиісті дерекқорлардың («АХАЖ тіркеу
пункті» ақпараттық жүйесі және «Жеке тұлғалар» МДҚ) жұмыс істеуін
қамтамасыз ету жөніндегі функциялары қалған. Аумақтарға функцияларды
беру орындаушы органдарға қоғамдық сұрақтар бойынша жұмыстарды жүйелі
түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
2009 – 2013 жылдардағы статистика тіркелген некелері санының
жыл сайын өсуін көрсетеді (2009 – 141 518, 2010 – 147 862, 2011 – 162 036,
2012 – 165 483, 2013 – 167 411). Бұл ретте 2014 жылғы тіркелген неке
санының 2013 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеп, 164 953-ті
құрады.
Сонымен бірге, бұзылған некелердің де саны өсуде (2009 – 38 871,
2010 – 40 982, 2011 – 44 722, 2012 – 47 598, 2013 – 51 305, 2014 – 54 438).
Жасалған және бұзылған некелердің арақатынасы 3:1 деңгейінде
сақталып отыр.
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында (бұдан әрі –
Бағдарлама) жеке кәсіпкерлікті жаңадан бастаған субъектілерге, жас
кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға
экономиканың басым секторлары шеңберіндегі жаңа бизнес-идеяларды жүзеге
асыру үшін орын толтырусыз және қайтарымсыз негізде нысаналы гранттар
бөлініп жатыр.
Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде соңынан әйел кәсіпкерлігін
микрокредит беру үшін Қаражатты шартты орналастыру бағдарламасы іске
асырылуда.
Бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы кәсіпкерлік
қызметін жеке кәсіпкерлік нысанында заңды тұлға қалыптастырмай жүзеге
асырып жатқан әйелдер және жарғылық капиталындағы әйелдердің қатысу
16
үлесі 50%-дан кем емес, жұмыс істейтін әйелдердің саны жалпы жұмысшылар
санының 30%-нан кем емес әйел басқаратын заңды тұлғалар
қаржыландырылады.
Ауыл әйелдерінің кредит қаражатына тең қолжетімділігі шарттарының
қамтамасыз етудегі гендерлік аспектіге айрықша назар бөлініп отырғанын
атап өту қажет. Нәтижесінде әйелдердің кәсіпкерлікке деген қызығушылығы
өсуде, олардың қаржылық сауаттылығы және елде шағын бизнесті дамыту
мақсатында іске асырылып жатқан түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы
хабардарлығы артуда.
Қазақстан Республикасындағы Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес 2020» салалық
бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында АӨК субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасалып жатыр (2013ж.18.02. № 151
ҚРҮҚ).
Бағдарлама АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау аспаптарының толық
кешенінен, атап айтқанда ауылда бизнесті дамытуға қажетті тиісті
инфрақұрылымды дамытуға бағытталған кешенінен тұрады және
қаржыландыру жас және жыныс белгілері бойынша шек қойылмайды. Одан
басқа, Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығының әрбір
кіші саласы үшін 15 мастер-жоспар әзірленген, олар жаңа жұмыс орындарын,
әсіресе ауылды жерлерде, құра отырып жаңа кәсіпорындардың белгілі бір
санын құруды қарастырады.
Ауылда тұратындарға шынайы көмек көрсетуге «ҚазАгро» ұлттық
холдингі» АҚ құрамына кіретін даму институттарының қызметі де
бағытталған. Осылайша, микрокредиттік қаржы институттары республиканың
агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландырудың тұрақты жүйесін қамтамасыз
етеді, сондай-ақ агробизнестің жандануына, оның әрі қарай дамуын
ынталандыруға, жұмыссыздар санының және жұмыссыздық деңгейінің
төмендеуіне, соңында халық табысының өсуіне мүмкіндік береді.
Ауылда әйел кәсіпкерлігін дамыту – бұл көп еңбекті қажет ететін
процесс, ауыл әйелдерін кәсіпкерлік қызметке тарту қала жағдайындағы ұқсас
процеске қарағында айтарлықтай қиын.
«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор)
ауылдық жерлердегі әйелдердің кәсіпкерлігін ауыл тұрғындары мен
ауылшаруашылық өндірушілерге микрокредит беру арқылы дамытып жатқан
негізгі компаниялардың бірі.
Өткен жылы Қор қаржыландырған қарыздың 30 пайызы әйелдерге берілді.
26 633,6 млн.теңге сомасында берілген 10 045 несиенің ішінде 8 799,4 млн.
теңге көлеміндегі 3 445 несие әйелдерге берілді.
Әйелдердің сұранысына ие кредит беру бағдарламалары – Жұмыспен
қамтудың жол картасы – 2020 (алынған қарыздардың 34%-ы), «Кәсіпкер»
ауылдағы бизнестің ауылшаруашылық / ауылшаруашылық түріне жатпайтын
түрлерін кредиттеу бағдарламасы (47%), «Бизнес-Өңірлер» шағын және орта
кәсіпкерлікке кредит беру бағдарламасы.
17
Шағын кредиттеу/шағын қаржыландыру ұйымдарын кредиттеу
шеңберінде ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін
кредиттеуді әрі қарай жалғастыру үшін Қор республиканың барлық өңірлерін
қамтыды, 44 ШКҰ құрылды. 19 ШКҰ-ның басшылары немесе жалпы санның
43%-ның басшылары әйелдер болып табылатынын айта кету қажет, соңғы
қарыз алушылар қатарындағы әйелдердің үлесі 36%.
Соңымен қатар «ШКҰ-ды қолдау орталығы» ЖШС әйелдер үшін заң,
қаржылық және т.б консультацияларды тегін береді, оның ішінде әйелдерге
арналған «Ауылдық жерлердегі әйелдерге арналған шағын бизнес» және
Батыс Қазақстан облысында БиДжи Қазақстанмен бірігіп әйелдер мен жастар
арасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.
«Ауылдық жерлердегі әйелдерге арналған шағын бизнес» жобасының
шеңберінде Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында 20 тренинг
жүргізілді, ауылдық жерлерде тұратын 318 кәсіпкер әйел оқытылды, Атырау
мен Орал қалаларында кәсіпкер әйелдер Одағы мен облыстар әкімшілігі
өкілдерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» өтті.
АӨК субъектілеріне оның ішінде әйелдерге «Казагромаркетинг» АҚ
(бұдан әрі – Қоғам) өңірлік желісі арқылы арқылы ақпарат пен консультация
беру жұмыстары, сонымен қатар «Персоналды қызмет көрсету» қызмет түрін
көрсету жұмыстары жалғасуда. Жасасқан келісімдер негізінде есепті кезең
бойынша 312 473 қызметтер көрсетілді.
АӨК субъектілері Қоғамның ауылдық ақпараттық-консультациялық
орталықтарына жүгінген кезде өңірлік өкілдер келісім жасаусыз «орындарда
тікелей консультация беруді» қамтамасыз етеді, 38 512 қызмет (оның ішінде
4 260 – әйелдерге) көрсетілді.
Барлық қызығушылық танытқан адамдарға Қазақстан бойынша тегін
қоңырау шалу (тел. 8 800 080 70 80) қызметін ұйымдастыру жолымен қажетті
ақпарат ұсынылады, 2014 жылы орталыққа 3691 адам қоңырау шалған.
www.kam.kz веб-сайтында АӨК-ге арналған материалды-техникалық
ресурстарды өндірушілер мен жеткізушілер туралы анықтама-байланыс
ақпараттары деректер қорларына, сондай-ақ қызмет көрсету саласының
ұйымдары бойынша есепті кезеңде 7 487 адам жүгінді.
2013 жылы шағын және орта бизнес субъектілерін басқаратын
әйелдердің үлес салмағы 40-тан астам пайызды құрады.
Көлік саласындағы қызметтердің қол жетімділігі
Қазақстан қалалары арасындағы әуе қатынастарының қол жетімділігін
ұлғайту мақсатында 2002 жылдан бастап Астана қаласынан Қазақстанның
облыс орталықтарына әлеуметті-маңызды авиарейстерді, сонымен бірге, ірі
облысаралық орталықтарды өзара байланыстыруды субсидиялау
бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 9 авиа бағыт
субсидиялануда.
«Эйр Астана», «SCAT» авиакомпаниялары балалар мен сәбилерге
бірнеше жеңілдіктер, сонымен бірге балалар мен сүйемелдеусіз кәмелет жасқа
толмағандар үшін арнайы қызмет ұсынады. Ішкі және халықаралық рейстерде
18
ересек коммерциялық жолаушылармен саяхаттайтын балалар үшін (2 жастан
14* жасқа дейін) билеттердің құны қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын
құрайды.
Автомобиль және теміржол көлігі саласында белгілі бір санаттағы
азаматтарға жеңілдетілген тарифтер ұсынылады. Жолаушылар өзімен бірге
жеті жасқа дейінгі бір баланы ақысыз алып жүруге құқығы бар, 5 жастан 15**
жасқа дейінгі балаларға 50 пайызын төлеп билет алуға болады
(* халықаралаық рейстерде 11 жасқа дейін **, халықаралаық рейстерде
12 жасқа дейін).
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында, жолаушылар және
олардың заттарын жеке тексеру жүргізу тәртібіне қатысты түзетулер енгізілді.
Жеке тексеру тек тексерілушімен бір жынысты тұлғаларға, барлық
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талабына сай арнайы
бөлінген орында қарастырылған.
Көптеген авто және теміржол вокзалдарында аналар мен балаларға
арналған демалу бөлмелері қарастырылған.
Гендерлік саясат мәселесін БАҚ-та жариялау
2014 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсан арлығында республикалық және
өңірлік БАҚ гендер мәселесі бойынша 2481 материал шықты. Олардың ішінде
телеканалдарда 426 сюжет, газеттерде – 282 мақала, ақпарат агенттіктерінде –
280 жарияланым, өңірлік БАҚ – 1493 материал шықты.
Негізгі белсенділіктің шыңы наурыз айында болды, бұның маңызды
ақпараттық себебі – Халықаралық әйелдер күнін тойлауға байланысты. Бұл
кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ-тарда әртүрлі қызметтерде
жетістіктерге жеткен әйелдер туралы бейтарапты-позитивтік материалдар
шықты.
Бұдан басқа республикалық және өңірлік БАҚ-тарда гендерлік саясатты
дамыту аясында өтетін әртүрлі іс-шаралар (конференциялар, «дөңгелек
үстелдер», форумдар) шықты. «Қазақстан — 2050» стратегиясы»: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдаудағы
тармақтардың бірі әйелдер мәртебесін жоғарылату мәселесіне өзекті мәселе
ретінде ерекше назар аударылған. Сонымен бірге, мамыр айында VIІ-ші
Астаналық экономикалық форумының аясында өткен «G-Global: жаңа
экономикадағы әйелдің рөлі» халықаралық форумы кеңінен жарияланды.
Мақала жобасына ұсыныстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатында
әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, әл-ауқат деңгейін жақсарту,
экономикалық дербестікті және отбасының өзін-өзі дамытуды арттыру үшін
қажетті жағдай жасау басымдыққа ие болған және солай қала береді.
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында нақты
көрсетілген отбасылық саясаттың негізгі бағыттары мен ана болуды
19
көтермелеу қызметі, сенімді әлеуметтік кепілдіктер отбасын, ана мен баланы
мемлекеттік қолдаудың тұтас жүйесін құруға алып келді.
Балалы отбасыларды әлеуметтік қорғаудың ұлттық моделі бүгінгі күні
мемлекеттік жәрдемақы және қызмет жүйесі арқылы ұсынылған, ол
мыналарға:
а) бала тууды ынталандыру;
б) көп балалы аналардың мәртебесі мен абыройын арттыруға;
в) мүгедек балалары бар отбасыларын қолдауға;
г) табысы аз отбасыларды қолдауға бағытталған.
Биылдан бастап жетім балаларды және ата-анасының қарауынсыз қалған
балаларды асырап алумен байланысты 75 АЕК немесе шамамен 149 мың теңге
жаңа біржолғы ақшалай төлемді енгіздік.
Менің тапсырмам бойынша республикамыздың үш пилоттық өңірінде
атаулы әлеуметтік көмек көрсету идеологиясын өзгерту жұмыстары
жүргізілуде. Бұл табысы аз отбасыларының еңбек етуге қабілетті мүшелері
жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан және әлеуметтік
келісімшарт жасаған жағдайда әлеуметтік көмектің жаңа мөлшерін алуға
ынталандырады.
Өткен жылы жобаға 4 мыңдай отбасы қатысқан. Жұмыспен қамтудың
белсенді нысандарына 5 мыңға жуық отбасы немесе жоба қатысушыларының
еңбекке қабілетті жалпы санының 88 %-ы тартылған болатын. Бұл жұмысты
жалғастыру керек.
Балалы отбасыларды қолдау нәтиже беріп отырғанын көруге болады.
Жыл сайын елімізде туылған қазақстандықтардың саны артуда. Егер 2003
жылы елімізде 248 мың бала туған болса, 2014 жылы олардың саны – 400
мыңнан асты.
Қазіргі кезде біз зейнетақымен қамсыздандыру саясатын
жаңғыртудамыз. Менің тапсырмам бойынша 2014 жылдан бастап жұмыс
істейтін әйелдерге олардың бала күтімі бойынша ол бір жасқа толғанға дейінгі
демалыста болған кезеңіне міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау
енгізілді. Өткен жылы 100 мыңнан астам жас аналардың дербес зейнетақы
шоттарына 4 млрд. теңгеге жуық қаражат аударылды.
Әйелдеріміздің еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуда белсенділік
танытып отырғандығы қуантады. Күн санап кәсіпкерлікпен айналысуға
қызығушылық артуда. Жұмыс істейтін адамдардың қатарында әйелдердің
үлесі 50%-дан асты. Шағын және орта бизнес субъектілері басшыларының
40%-дан астамы кәсіпкер әйелдер.
Заңнамалық тұрғыда әйелдеріміздің лайықты еңбек жағдайларына
құқығын бекіттік. Әйелдер жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қызметін алуда
басымдыққа ие.
Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі баса назар аударуды талап
етеді. «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды
дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары да осы мақсаттарға
бағытталған.
20
Соңғы 5 жыл ішінде қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70,4 жасқа
дейін ұзарды, өлім-жітім деңгейі, оның ішінде аналар арасында 2 есеге және
нәрестелер арасында 1,7 есеге азайды.
Тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру шаралары
қабылдануда. Менің тапсырмам бойынша жалға берілетін тұрғын үйлерді
салудың жаңа механизмдері әзірленіп, 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту
бағдарламаларына енгізілді. Тұрғын үйдің қолжетімділігі механизмдерінің
артықшылығы жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығымен жас
отбасылардың жасына қойылған шектеу 29 жастан 35 жасқа дейін
арттырылды. Халыққа жалға тұрғын үй беру оны сатып алудың түпкілікті
құнын төмендету мақсатында тікелей, нарықтық бағадан төмен және бастапқы
жарнасыз жүзеге асырылатын болады. Енді жер-жерлерде жаңа тәсілдерді
енгізуді қамтамасыз ету қажет.
Былтырғы жылы менің тапсырмам бойынша Қазақстан
Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және
рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015-2017 жылдарға
арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленіп, қазіргі таңда іске
асырылуда.
Соған қарамастан, өткен жылы ғана отбасыларда 620 тұрмыстық
қылмыс, кәмелетке толмаған балаларды қатысты жасалған 3,5 мыңнан астам
қылмыс тіркелген. Ажырасқан отбасылардың саны артуда.
Қолдағы бар диалогтық алаңшаларды пайдаланып, отбасы институтын
нығайту жөніндегі идеологиялық жұмысты күшейту қажет. Үкіметтік емес
сектор осы жұмысқа белсенді түрде қатысуға тиіс.

ДСӘДМ-нің стратегиялық даму департаменті
әлеуметтік-еңбек саласындағы саясатты талдау,
стратегиялық жоспарлау және мониторинг
басқармасының басшысы С. Омарова