АНА ТӘРБИЕСІ—ӨМІРДІҢ БАҒЫ.
(Оқырман әңгімесі.)
Жанжарым аяқ астынан қайтыс болып, төртке жаңа толған ұлыммен қалған едім. Ауылдық жерде үлкен отбасының мен үлкен келінімін, қайын жұртымда бізден де басқа бала-шағасы бар болатын. Сол заманның жұмыссыздығы бәрімізді қинады. Ата-енемдер малшы болған, бала-шаға болып бәріміз сол малға қарап қалғанбыз, жекешеленіп, атам аттан түспей бағып, біз әйелдер құрт май, ірімшік жасап, күнелтіп жүрміз. Бұрынғыдай колхоздан көмек жоқ, жаңа тірлікке үйрене алмай жұрт қиналып қалған уақыт еді.
Өз ауылымның жігітіне тұрмысқа шықанмын. Төркінімнен, кәрі Анам, ағам, екі әпкем, бір інім бар. Әпкелерім де осы ауылда тұрмыста, балалы-шағалы. Әкем өмірден ерте кеткен. Анам бізді жеткізіп, үш қызын ұзатып, үлкен ұлын үйлендіріп, немерелері де ер жетіп қалған болатын. Бәрімізді білімге құштар қылып өсірген Анам—ақылды кісі. Мен Кенже болғанмен менен кіші Кенжехан деген інім жоғары оқуын аяқтап келген еді. Ағам ауданда қызметте болатын, мансабы жоғарылап Алматыға шақыртыпты. (Сол уақытта сондай болған). Төркіндерім Алматы жаққа көшеміз деп уйғарыпты, оны естіп жүрегім ауырған, орын таппай тығылып жылап та алып жүрмін.
Енеме ақырындап:
—Менің төркінім түгел Алматы жаққа көшкелі жатыр. Ағам үй сатып алыпты, әпкелерім де кетеді екен, анам мен ініме де шағын болса да үй әпереміз деп айтты,—дедім.
Енем ойлана бетіме қарап отырды да:
-— Балам, егер де саған көмектесіп, жандарына ертеміз десе, біз қарсы болмаймыз. Алматы деген жақсы ғой, балаң өсіп келеді, қалада болашақ бар. Тек бізден жат қылмай көрсетіп тұрсаң болды,-деді көзінің жасын сүртіп.
—Апа, қойыңыз, мен кетейін дегем жоқ, —дедім жүрегім шаншығандай, бата ауырып.
-— Қудағидың көшетінін естіп жүргенімізге біраз болған. Атаңмен ақылдасқан соң мен қудағиға барып жолықанмын. Ол кісі саған айтпаған екен, мүмкін ол да дұрыс шығар,-деді күрсініп.
Төмен қарап үнсіз отырып көз жасын сүртіп алып:
-— Біз сені қумаймыз, жағдайды көріп тұрсың, басына тартсақ аяғына жеткізе алмай отырмыз. Заман мынау не айлық төлемейді. Сенің ағаңның болашағы бар, ауқатты, елден жұмыспен ауысып өсіп кетіп барады, ол деген мақтаныш. Егер де саған жәрдем беріп қастарына ілестірсе, біз аянып қалмаймыз, барымызды беріп көмектесеміз. Мына ауылда не жұмыс жоқ, не қамқор болар менің балам жоқ,,—деп жылап қалды.
-— Апа, не деп кеттіңіз, елмен бірге көрерміз, Абзал өсіп қалды, мен де бір жұмыс табармын, кетейін деген ойымда болмады,—деп бетінен сүйдім.
-— Қызым, қайталап айтам, қудалар ерітсе сен бізге қарайлама, бар. Өткен жолы қудағиға айтқанымда ол, «Маған қыз болғанымен, сендерге келін, өсіріп отырған ұлыңның артынан қалған туяғы бар, қалай сендерден суырып алып кетем, Қудайдан қорқам ғой»-деген. Ол сыйлағанына, түсінгеніне рахмет, ризамыз. Бірақ сен жассың, болашағың алда, оқығансың, көзің ашық, мінезіңді де, тәрбиеңді де білеміз. Қудағи қыздарын шоққа тастамас, көзіміз көріп отыр. Сендердің отбасылық тәрбиелерің, устанымдарыңның қандай екенін жақсы білеміз. Қудағидың марқұм ата-енесі де текті адамдар еді, көзіміз көрген, талай өнеге алғанбыз. Сен кетсең де жат болмайтыныңа мына мен де, атаң да толық сенімдіміз. Сен бізді тастамайсың, анаң да, бауырларың да оған жол бермейді.-деді нақты дауыспен көзіме тұра қарап.
Жақынырақ жылжып алақанымен қолымның сыртынан устап:
-— Сен көшіңнен қалма. Қудағи айтқан «келінің өзі шешсін, алып кеттің, болмаса ертіп кеттің» ,-деген сөз болмасын деген, енді сен қызым ойлан, болашағыңды ойла. Абзалымды ойлаған соң, біз осы шешімге келдік. Сен де сол Абзалды ойла, бізді умытпа, қалаған уақытыңда кел, мына бала-шаға сені сыйлағаны—сыйлаған, біреуі қарсы келмейді.-деді енем.
Сол әңгімеден соң біраз ойландым, үлкен қайын әпкелеріммен ақылдастым, олар да өз жұртыма қосылып барғаным жөн деп түсіндірді.
Кіші қайын іні, сіңілілерім:
—«Тәте, сіз Алматы жақта бір үй болсаңыз, біз Алматыға оқуға түсіп, сізге көмектесеміз, барып тұрамыз»,-дегенді айтты.
Енді анаммен сөйлесуім керек. Анам~жастайынан жесір болғандықтан, бар мәселені өзі шешіп, өзі соңғы сөзін айтатын жан. Бірден шорт кеспей ойға салып барып, шешімін айтатын. Біз балалары екі етпей орындап үйренген едік. «Сендердің әкелерің де мен»,- деп көп ойланып, тоқтауға келетін жан. Мен қанша ерке болсам да маған сөз тыңдауды үйретіп, ешқашан сөзін бөліп, өз ойымды батылдап айтуыма жол бермеген. Кешегі енеме айтқан сөздің де астары бар, «жүр бізбен»- деп ерте қоймасын ішім сезіп тұр. Бірақ енем өзі «ертіп кет»,- десе, Анам келісер деген үміт бар.
Анамның үйі қудайы тамақ бергенге әзірлік жасап жатқан болатын, енемді ертіп, көмектесуге келдік. Тоқаш пісіріп, мал сойылып біраз шаруа жасадық.
Енді дастарханға отырар алдында, әпкелерім мені жеке шақырып:
-— Кенже, біз сені тастап бара жатқан жоқпыз, сен олай ойлама. Егер де марқум Айдын тірі болғанда онымен бажалары ақылдасып ортамызға қосар едік, ал қазіргі уақытта, Айдынның жылы енді ғана өтті, сені суырып, алсақ қуда-жегжаттан ұят, өлімнен ұят күшті деген, мына ел не дейді?,-деді сыбырлап үлкен әпкем.
-— Біз барып біраз оң-солымызды таниық, сол аралықта тағы жыл өтер, Абзал мектепке барар уақытында келіп, ақылдасып, мән жәйді түсіндіріп, руқсат етсе, әкетеміз,-деді кіші әпкем.
-— Маған ата-енем сендермен кетуіме руқсат берді,—дедім қуанышты дауыспен.
-— Руқсат бергені жақсы болған екен, ол кісілер өте түсініктері терең жақсы адамдар ғой,-деді үлкен әпкем.
-— Иә,—деп мен мәзбін.
-— Кенже, сен түсін, қудалар өте жақсы адамдар, егер сен бізбен кетсең олардың бастарына түскен қайғыны одан әрі улғайтасың. -деді екінші әпкем.
—Сен тағы жыл күт, асықпа, қайғыларын түсін, келесі жылы кететініңе дайындап, үйретіп барып кет,-деді үлкен әпкем.
-— Тү үүу не өзі, енем «кет», дейді «жағдайыңды жаса»-дейді, сендер «қал»- дейсіңдер,—деп ашуландым.
-— Кенже, еркетай, тыңдашы!. Енең сені бізден айырғысы келмейді, «күйеуінен айырылды, енді төркіні кетсе іш қуса болып кете ме «,-деп ойлап сенің ырқыңа көніп отыр, ал сен неге ұлдарынан айырылған әке мен ананың қайғысын түсінбейсің! Олар немересін сағынып іш қуса болмай ма?-деді үлкен әпкем.
-— Келесі жылы кетсем де сағынады ғой.
-— Келесі жылға дейін бір жыл уақыт бар, оған олар дайындалады,-деді кіші әпкем.
-— Түүууу, Фууу, бәрі бір емес па?—деп жулындым.
-— Кенже, тыңда бері, ақымақ қыз, сен ана емессің бе, неге солай сараңдыққа салынып тұрсың? Неге ақылға келмей тұрсың? Біз саған не айтып тұрмыз? Сен не деп тұрсың?.-деді үлкен әпкем қабағын түйе даусын зілдей басып.
-— Қудай басымызға бермесін, біздің бауырымыз кетіп, келініміз де немересін алып кетіп қалса, анамыз қандай күйде болар еді, неге түсінбейсің, неге олардың жанын, жан күйзелісін ойламайсың?? Сен еркелікке салынып тұрсың, ана емессің бе? Айдынның аруағы риза бола ма? Аааа?-деді кіші әпкем зілді дауыспен.
-— Сен тек өз басыңды ойлап тұрсың, басқаның жанын түсінбейсің, ал біз~Анаң, ағаң, жезделерің бәрін түсініп отырмыз, осы шешімге келдік. Сен қаласың, сыйластықты бұзба, қырсықпа, еркелеме! Анам саған ескерт деген соң айттық, ерсі қылық көрсетпе, қазір анамыз не айтады сол болады!—деп, үлкен әпкем нақтылап айтып,үйге беттедік.
Ашу қысып, өксік тығылып, арттарынан ердім. Мені жау қолына тастап бара жатқандай екі әпкемнің шараларын түсінбедім.
Шайға отырғанда өзімше «Енем айтады, мені бәрі бір қосып жібереді»,—деп ішімнен қуанып отыр едім.
Анам:
-— Ал, қудағи, ертең амандық болса қош айтысып, көшкелі отырмыз,-деді.
—Қудағи, айтарым бар еді,—деп енем ыңғайланып даусын зор шығарып еді.
-— Не айтарыңызды білем, қудағи, сабырға келіңіз, мені тыңдаңыз,-деді, анам салмақты дауыспен.
Енем анамның жасын сыйлады ма, жолын сыйлады ма үндемей басын изеді.
—— Осы жердегі, анау үлкен ұл, мына отырған қыздар, өткен жолғы сіздің келіп, жаныңыз ауырса да, мына Кенже елде қалмай бізбен барсын деп айтқаныңызды естіді. Біз шешім қабылдадық, Кенже көшкен жұртта қалып бара жатқан жоқ, ол өз жұртында отыр, өз ошағында, өз отбасымен отыр. Ал мына екі қыз маған ерсе, олар менімен бір шаңырақта тұрғалы бара жатқан жоқ. Олар өз күйеуі, бала-шағаларымен, өздері шешім қабылдап көшіп барады. Алды он бес жыл, екіншісі оң екі жыл отау құрған әбден өз жұртына сіңген қыздар. Ал Кенже келін болғанына бес жыл болмай жесір қалды, ол аздай, сіз маған ерте кет дейсіз. Сонда ол қашан өз отбасына сіңеді? Сонда ол осылай кетсе алыстамай не болады? ЖОҚ ҚУДАҒИ!!! Маңдайына жазылған екен көрсін, қайғыны, азапты сіздермен бірге тартсын, сіздермен бөлісіп үйренсін. Анау Аконайды мына бауырларынан алшақтатпасын. Біз барайық қоныстанайық, жан-жағымызға үйренісейік, келер жылы ма, арғы жылы ма, есімізді жиған соң, сіздер барып көріп, келісіп жатсаңыздар сол Аконайға шаңырақ алып, анау қудашалардың бірін қасына қосып, көшірерсіздер,-деді, анам зор ашық дауыспен.
Енем көз жасын сүртіп:
-— Ақылыңыздан айналдым, қудағи!!!
Даналығыңызға басымды идім!!!,-деді енем өксік тығылған дауысымен.
Мен солқылдап жылап жіберіп едім.
-— Тәит, сен не дәл қазір Айдыннан айырылдың ба? Болмаса әкеңді жерлеп келдің бе?-деді Анам зілді дауыспен.
Мен тоқтай алмай солқылдай бердім, әпкем қушақтап алды.
-— Әкең өмірден кеткенде, Кенжехан іште, сен бірден жаңа асқан болатынсың, мынау үшеуі де белдері қатпаған балалар еді, дем берер, қолдау көрсетер не ене, не атам болмады, өлген жоқпыз. Текті шаңырақтың ошағын сөндірмеймін деп осы күнге жеткенмін. Амал жоқ, мына құрғыр денсаулық та сыр берді, балалар жұмыс бабымен өкіметте қызмет жасаған соң, ауысып жатыр. Кенжехан қайта келем деп уәде беріп отыр.» Тәжірибе алып аяғынан нықтанған соң , ауылға келем өз үйімнің отын қайта тұтатам,»-деді, сосын мен келістім. Болмаса көшпес едім, қара шаңырағымды қаңыратпас едім,—деп анам жылап жіберді.
—Апа, апа, қойыңыз, оты өшпейді, кіші әкенің ұлы, келіні тұра тұрады ғой,-деді үлкен ағам.
—Қарағым-ау, кіші әкеңнің ұлы, ол кіші әкенің баласы, ал бұл үй Мусаның үйі.-деп тағы жылады.
—А а апа, біз бұл жайлы талай мәрте сөйлестік емес пе, сіз емделесіз, Кенжехан аяғынан нықталсын, сосын келесіздер.-деді үлкен әпкем.
Мен жылағанымды баса алмай отыр едім, екінші әпкем аяғымды басып, көзін алартып, анамды көрсетті. Анам қатты солқылдап жылап отыр екен, мен тыйыла қалдым. Анамның да оңай келісім беріп отырмағанына көзім жетті, аяп кеттім, өзімді қолға алдым.
Сол дастарханнан тұрған соң, мен өзімнің қалатыныма көзім жетті.Түсінбедім, аздап ренжідім, «бауырларым неге анамды көндірмеді екен,»-деп ойлай бердім.
Ертесі Анамдар да, әпкелерім де көшті.
Анам көлікке мінгелі тұрып маңдайымнан сүйіп:
-— Мен тәрбиелеген қыз болсаң уятқа қалдырмассың, анау қарт ата-енеңе, ұлыңа қара, бәрімен тату бол, беліңді бекем бу. Тыңда қызым! Сен жау қолында емес, өз отауыңда ұлыңмен өз үйіңдесің, жылаушы болма!. Кішкентайым! Ақылды бол, сен менен туған қызсың, саған сенем,-деді жылы, нақты, мейірімді дауыспен.
Мен басымды изедім. Барлығы көшіп кетіп барады!…
Жылағым келсе де Анамның айтқан сөзі бір тамшы жас шығармады, ішіме сіңіп, бір түрлі сенімділікті, үмітті, батылдықты берді.
Сол сезім мені қанаттандырды, еш ренжуіме жол бермеді. Айлар өтіп жатты, өз тірліктерім
ізбен жүрміз. Ата-енем көңілді, тырпыңдап малдарын қарап, біздерге бас-көз болып жүрді.
Жеті ай дегенде кіші інім бір келіп кетті. Жағдайларын айтып үйренісіп келе жатқандарын айтты. Он ай дегенде үлкен әпкем келді, маған келмей, алдымен ауылда бар қайын жұртында болып, маған бірер сағатқа келіп кетті.
Ол да:-«Алматы жаққа үйреніп келеміз жұмысқа тұрдық «,-деді. Жыл өтті тағы інім келді, көшу тұралы әңгіме жоқ. Атаммен жеке шамалы уақыт сөйлескені болмаса аузын ашпады. Менің де бойым үйреніп қайын жұртымсыз кеткім келмей қалған сияқты бола бастады, бұл үйдің әр жаны маған қымбат болып барады. Бәрі сыйлап қас-қабағыма қарап, көңілімді аулайды. Жағдайымыз да дұрыстала бастағандай.
Жыл жарым болғанда, бір рет кіші әпкем келіп, ол да өз қайын жұртында болып, маған тек амандық білуге келді.
Мен осы біржарым жылда өз үйіме Айдынсыз үйреніп алдым. Келіп кетіп жүрген бауырларымды қонақ қылып, шығарып салып жүрдім. Анама да қонақ болып барып, үш күндей жатып кеттім. Ауылға ата-енеме, шаруаларға асығатын болыппын.
Енем:
—Асықпай анаңның қасында біраз бол, шаруа ешқайда қашпайды, жат, демал, бармыз өзіміз жасаймыз,—десе де анамның қасынан өз үйіме кеткім келіп тұрды.
Қайын жұртым қатты ыстық болып кеткенін түсіндім.
Мен қайтуға қипақтап, не анама айта алмай қысылып жүргенімде.
Анам:
-— Қызым ана қуда-қудағидан ұят болар, келесі жолы маған келгенге ұялмай сұранудың қамын жаса, қайта ғой, —деп дайындаған сарқыттарын береді. Мен үйіме қайтам.
Толық екі жыл өтті. Атам бәрімізді дастархан басына шақырды.
-— Келінжан, біз ақылдаса келіп, сені, Манасты, Мақпалды, Абзалды Алматы жаққа көшіруге шешім қабылдадық.
Бағлан қуданың(үлкен бауырым) үйінің жанынан шағын үй алдық, төртеуің барыңдар, тұрыңдар. Апаң да қастарыңда бірер күн болып келсін, сендердің қалай орналасқандарыңды көрсін, қолғабыс берсін. Манас оқысын, Мақпал Абзалға қарасын мектепке бірге барып қалған екі жылын сол жақтан аяқтасын. Келін, сен Алматыға барған соң ретіне қарай жұмыс табарсың,-дегенде, мен таң қалып аузым ашылыыыып үндемей қалдым.
Біз де көштік. Алматыға кіре берісінде жаңадан салынып жатқан ауыл тәріздес жерге келдік. Төрт бөлмелі кең үй екен. Ауласында салынып бітпей қалған бір бөлмелі там бар екен. Біз маусымның аяғында келгенбіз шөп басып кетіпті. Жаңа өмір, жаңа тірлік басталып кетті. Орташа жанұя деген қайын жұртым жиған тергенін осында салыпты. Бауырым есік алдындағы бітпеген тамды көтеріп, дүкен қылып, ашып берді. Мақпал екеуміз кезек-кезек сауда жасаймыз. Ауылдан семірген малды алатын адам тауып, Манас пен Кенжехан сойып, әкеліп жұртқа сатып, жартысын ауылға отын-су, азық-түлікке жұмсаса, жартысын дүкенге салды. Көрші үйде үлкен ағам тұрды, көшенің арғы бетінде анам тұрды.
Жақын тұрса да тек туыс болып сыйласып қана жүрді. Босқа келіп ісімізге араласпады, тек Кенжехан ғана ортада. Екі әпкем де нықтанып алыпты, жұмысқа орналасқан, жезделерім де жұмыстарында, балалары да оқудағысы оқуда, жұмыстағысы жұмыста. Туған күн, мерекелерде біргеміз. Ұлым мен Мақпал мектепте түске дейін болып келеді. Ауылдан ет май үзілмеді, күздің ортасында қап-қап картоп келеді, оны да сатып ақшасын екіге бөлеміз. Уақыт зымырап өте берді. Менде бәрі керемет.Ұлым ер жетіп қалды, жаз шықса ауылға кетеді, еш қызғанбай жіберем. Манас қайным оқуын бітіріп, жұмысқа тұрды. Мақпал жоғары оқуға түсті. Мен дүкен, үй деп жүрмін.
Үсенді жолықтырмағанда солай жүре берер ме едім.
Үсен үш жасар қызын ертіп, дүкенге келетін. Көңілім ауып, «ауру» болып қалдым. Жасым отыз бірге келген болатын.
«Отбасы бар, болмайды»,- деп өзімді тежеп жүргем.
Бір күні әңгімелесіп кеттік.
—Қызымның анасы босанып жатып көз жұмды,-деді мұңды дауыспен.
Дүние төңкеріліп кеткендей болды.Үміт пайда болды. Үсен де сезгендей күнде келіп, ұзақ әңгімелесіп кететін еді. Сөйлесе-сөйлесе бір-бірімізге бауыр басып, сөзіміз жарасты. Бірақ сыр бермеуге тырысып жүрміз.
Ата-енем кезекпен келіп кетіп жүретін, ол кісілердің де жағдайлары түзеліп, біраз малдарын сатып Манасқа жер алып берді. Манас үйін салуға кірісті. Анам Кенжеханмен қайта ауылға көшіп кетті. Әкемнің ошағын түтетіп қара шаңырақтың шамын жақты. Ең бастысы Анам елге оралғанына бақытты. Енді Анамды сағынсақ ауылға баратын болдық. Аға, әпкелерім өздерімен өздері күн кешіп жатыр. Бала-шағалары ер жетіп, қуда жегжатты болып жатты. Араласымыз сыйластығымыз өте тығыз болып жүрміз, екі отбасым да маған ыстық. Мен Үсенмен бас қоссам деген мәселені қалай шешерімді білмей жүрмін…
Жолдасым қайтыс болған соң ,10-жыл өткізіп, ұлым 14-ке келгенде, ата-енем, анам руқсат беріп, Үсенге тұрмысқа шықтым. Жұлдыз қызға ана болдым. Дүкенімде жұмысымды істеп жүріп жатырмын. Үсеннің үйі дәл біздің үйдің алдында болды, сол үйге бардым. Ұлым Абзал басқа қайын іні, сіңілілеріммен үйде қалды. Бір қалыпты үш жақпен араласып сыйласып кеттік. Усен екі отбасына өзін күйеу баламын деп иіліп тұрды. Мен бақыттымын.
Дүкеніме бір апай келетін, сауда жасағаннан өсегі көп. Қызы тұрмысқа шыққанда жыр дастан етіп мақтанған, жыл өтпей, «Қайыршылар»—деп боқтады. Үшінші жылға жеткізбей «Ішіме сыйған қызым сыртыма да сыяды»,—деп ажыратып әкелді. Қуда жегжатын жерден алып жерге салып, төсек орнымен көшіріп әкелгенін айтып мақтанады. Күйеу баласы тірі, аман-сау болса да ажыратып әкелді.
Сол кезде Анам мені қалдырып көшкені есіме түсіп, «күйеуім өліп қалса да тастап кетіп еді, бірақ мен жаман болмадым»,—деп есіме алдым. Сол апай уақыт өте келінін жамандай бастады.
«Ойбай менің қызым тауып жатыр, менің қызым оқыған,» —десе»Келін сауатсыз, оқымаған, кедей сорлы,»-дейтін. Тағы жыл өтпей ұлдың баласымен қыздың баласы төбелесіп, сол үшін жанжал шығып, келінін қуып жібергенін айтып көпірді. «Түк көрмеген, жарымаған, барсын, баршылықты көрмеген сорлы»—деп өзінің байлығын сөз қылатын. Жыл жарым болмай ұлы араққа салынды, сонымен алысты, ақыры ұлын да үйден қуды, қызымен қалды. Қызы не аман-сәлемі жоқ біртүрлі еді. Сол уақытта сол апайға өз тағдырымды айтып тоқтау айтсам.
«СЕНІҢ АНАҢ ЕСКІНІҢ АДАМЫ, ОЛАЙ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ, ҚАЗІР ОНДАЙ УАҚЫТ ЕМЕС, КЕЛІН ДЕП СҮМІРЕЙІП ТАСТАП ҚОЙҒАН ДҰРЫС ЕМЕС»—деп тыңдамады.
Мен басқа ақыл айтпадым, апай келіп мақтанып -мақтанып кетіп жүрді, кейін тіпті тыңдамайтын болдым.
Міне жиырма жыл уақыт өте шықты. Менде үлкен ұл-қызымнан бөлек бір ұл, бір қызымыз бар. Үлкен ұл Абзалым үйленіп, үй болып, Алматыдан пәтер алып, қызметінде, ауылға барып ағайынмен араласқанын үзген емес, кейінгі іні-қарындастарына да қатты жақын. Жұлдыз қызым да тұрмысқа шықты, ол да еш бөтенсінбеді, маған тіпті жанашыр болып тұрады. Ешкімнен кем емеспін.
Ал әлгі апай тоз-тозы шығып, сүмірейіп, көп уақытын көшеде өткізіп, үйіне кіруге қорқып жүретін болды.
«Не болды?»—деп сұрасаң қызынан да, жиенінен де қорқады.
Қызы:
«Сен мені бақытсыз еткенсің» -десе.
Жиені-
«Сен мені әкесіз қалдырдың»—деп бетіне басып, өш алардай дікеңдеп, зіркілдейді екен.
Ал ұлы ақыры сол әйелінен ажырасып, неше мәрте үйленсе де, үй бола алмай қаңғып қалған.
Сол апайға қарап отырып: «Анамдікі ақыл болған екен -ау»- деймін. Абзалымды өз үйірінен айырмай, мені де өмірге пісіріп адамды таныта білдіріп, жаңа өмірге бастырғаны дұрыс болған екен. Қудаларын да ренжітпей, мені бата алсын деген екен. Сол батамен мен көгеріп, бақытқа кенеліппін.
Дәл апайға уқсап, «Ішіме сиған, сыртыма сыяды,»- деп жетектеп кетсе мен қандай болар едім. «Әкел, бері, көмектес»,-деп міндетсінер ме едім.
«Айналайын ақылды анашым, дана анашым. Ескінің адамы болса да, адамдарды тани білген, дұрыс тәрбие беріп үлгі бола білді. Ата-енем де алтын адамдар қурмет-сыйды біліп, мен-мендікке салынбай, жол бере білді, татулықты сақтап сыпайылық танытты, қамқор болды. Сол керемет жандардан тараған біз жаман болмасымыз анық, жаман ұрпақ өсірмейтінімізге сенімдімін».
Осы күні мен Ана, ене, жар болып отырмын, өз ортама өте қурметтімін, бұның бәрі тәрбиенің арқасы. Адам жақсы ұрпақ өсіріп, үлгілі болу үшін, алдымен өзі сондай отбасында өмір сүруі керек.Сол апайға уқсап, бар кезде мен менсінбей, көмек те бере білу керек екенін жақсы түсіндім. Қуда болып тұрып қол ұшын беріп демеу көрсеткеннің арқасында біз бақытты болдық.
Ал сол апай бар болып тұрса да, келінге көмектеспей ,қудасын кемсітіп қызын ажырастырды, неге жетті?….
Өкінішке орай бұндай жағдайлар тіпті көбейіп кетті. Ұлын ажыратып, қызын әкеліп алып жатқандар қаншама. «Барған жері кедей, түк жоқ, аш отырды»—деп бөссе,»ой тақыр кедей, түк көрмеген сорлы,
келінім мына баршылықты көтере алмады»—деп табалайды. Байқап жүрмін қазір ер адамдар да дәл осылай сөйлейтін болыпты, сонда бір кішкене көтерілген 15/15үйі бар шығар, мінген көлігі артық шығар, есесіне аспан тірегендей шіренеді. Естіп отырып уяттан өртенем, сол кісілер 60-70 жас аралығындағы адамдар. Таң қалам, сонда бұл кісілер жас кездерінде тәрбие алмады ма? Осылай бар болып өмір бақи жүрді ме? Орысша тәрбиенің кесірі ме? Үлкен бастарымен артын ойламай ажыратып алады, мен сияқты жесір қалса, сол қиындықты көрсетпей тез төркіні алып кетеді. Сосын мүлдем ол қудалармен араласпай қояды. «Барсын ана баласын өлтірмейді»,-деп отыра беретін енелер көбейді. Қызы оқыған жоғары білімді болса, тіптті есіреді. Ұлы оқыса оны мақтан етіп, шіренеді. Айналайындар-ау, ұрпағымызға білім беріп қолдарына диплом устаса, солар сол мамандықпен күнін көрсін, нанын тапсын деп оқыттық емес пе? От басын құрдың ба сол үйге темір қазық болып қадал демейміз бе! «Ойбай бүйтіп жатыр, ойбай сүйтіп жатыр»,- деп екі ортаға өсек тасытып, соны дау шығарып талқандап жүргендер қаншама. Не істесек болады ағайын? Көреген аналарымыз қайда кетті, сондай анадан тәрбие алған ұрпақ қайда? Ұрпақты аздырмайық ағайын!!! «Ана тәрбиесі-өмірдің бағы»,- деген осы шығар…(СОҢЫ.)
Жазған: Жеңісгүл Турсунбаева.