Аналарға алғыс
Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы әртүрлі салаларда еселі еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан бірқатар ардагерлерді Жаңа жыл мерекесімен арнайы барып құттықтады.
Аудан әкімі келесі кезекте елімізге белгілі ақын, білім беру ісінің үздігі, Президент Жарлығымен берілетін «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Шырын Мамасерікованың үйіне барып, ақын әпкемізді Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады.
Аудан әкімі әпкеміздің өмірі өнеге, әр сөзі маржан екенін атап өтіп, оның шығармашылығымен жақсы таныс екенін атап өтті. Мерекелік себетін сыйға тартып, ақын әпкемізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.
Өз кезегінде ақын әпкеміз аудан әкіміне жақында ғана жарық көрген «Елге деген махаббат» атты жаңа кітабын таныстырып, аналық алғысын білдіріп, ақ батысын берді.