АНАЛАРҒА МЫҢ АЛҒЫС
«Аутизмі бар балаларды қолдау орталығында Аналар күніне орай “Аналарға мың алғыс” атты іс-шара өткізілді. Іс шараның мақсаты аналардың бала тәрбиесіндегі, салауатты қоғам қалыптастырудағы рөлін көрсету.
Іс-шараның басты максаты: Қызмет алушы балаларды әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Іс-шара Орталыктың оқушыларымен мен қызметкерлерден құралған өнерпаздар мүшелерінің қатысумен өткізілді.
Іс-шара Орталық директоры Р.Каримоваға кұттықтау сөзімен бастап, шырайлы мерекемен кұттықтады.
Іс шараға мекеме кызметкерлерімен аналар қауымы қатысты. Қызмет алушы балалар аналарға арнап өлеңдер оқыды. Тәрбиешілер және балалармен сергіту сәті жасалды. Баймаханбет Айлиннің орындауындағы үнді биі көпшілік көңілінен шықты. Қызмет алушы балалар аналар туралы тақпақтар айтты, зор қошеметке ие болды. Іс-шара соңында аналар ізгі тілекті жеткізді.
Атаулы мереке жоғарғы деңгейде аталынып, көрермендер қауымы ерекше көніл-күймен тарқасты.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы