Анам айтушы еді…

1. Адамның ең үлкен жауы – өзі.
2. Өмірдегі ең үлкен ақымақтық – өтірік айту.
3. Өмірдегі ең үлкен жеңіліс – менмендік.
4. Өмірдегі ең үлкен қайғы – көреалмаушылық.
5. Өмірдегі ең үлкен қателік – өзін жоғалтуы.
6. Өмірдегі ең үлкен жөнсіздік – рахмет айтпау.
7. Өмірдегі ең үлкен өкініш – өз қасиетіңді бағаламау.
8. Өмірдегі ең үлкен қадам – жығылған соң қайта тұру.
9. Өмірдегі ең үлкен шығын – сенімді жоғалту.
10. Өмірдегі ең үлкен байлық – денсаулық пен ақыл, ой.
11. Өмірдегі ең үлкен жауапкершілік – адал ниет.
12. Өмірдегі ең үлкен құт-береке – кең пейіл.
13. Өмірдегі ең үлкен олқылық –түсінбестік.
14. Өмірдегі ең үлкен жұбаныш – имандылық

Сауле Мешитбайқызының фейзбук парақшасынан