Ананың соңғы хаты…

Мам, еденді шиқылдатып жүре бермеші, ұйықтай алар емеспін!
-Онда еденді жөндесеңші! Әкеңе де айтып едім, ол да қозғалмады…
-Жарайды, жарайды. Ертең жөндеймін. Тек жатшы.
ТАҢ АТТЫ.
-Балам, түнде не деп уәде бердің?
-Жерге төсейтін ағаш керек қой? Ертең Сержанға айтып, соның көлігімен алып келермін. Рас айтам.
ЕРТЕСІ.
-Мам, мен қонаққа баратын ем, келесі апта міндетті түрде жөндеймін. Келістік пе?
Бір АПТА өтті.
-Балам, мен ағаштарды алып қойдым, сарайда тұр. Өтінем, еденді жөндеші.
-Сатып алдың ба? Жеткізгені үшін де төлеген шығарсың! Шығынданып…
-Бәрібір емес пе? Бастысы…
-Айтып ем ғой, Сержан екеуміз әкеліп жөндейміз деп! Қартайғанда адамның бала сияқты боп кететіні рас екен-ау!
ЕКІ ЖЫЛ өтті.
-Мам, түннің бір уағына дейін не істеп жүрсің? Жатсаңшы. Еденнің дыбысынан бала оянатын болды ғой!
-…
5 жылдан кейін анасы өмірден өтеді.
Ата-анадан ұлға мұраға қара шаңырақ қалды. Үй құжатының бірінші бетіне анасы:

«Балам, еденді ауыстыршы» деп xат жазып қалдырыпты.

Ұлы анасының жазуына қарап көзіне жас алды, сөйтті де соңғы өтінішін орындауға уәде етті.

Арада 20 ЖЫЛ өтті.

-Жаным, әке-шешеңнен қалған зәулім үй керемет, сөз жоқ оған. Бірақ үй ескірді. Мына еденнің дыбысы тіпті ұйқы берер емес. Бәлкім еденді ауыстырармыз?-деді əйелі..
-Әке, ағаш алу керек қой? Мен ертең әкелейін,-деді ұлы ілесе..
-Керек емес. Әжең неше жыл бұрын әкеп қойған… Одан бері 30 жылдай өтті-ау. Со күйі қозғалмай тұр, жүрші, дәл қазір кірісейік. Әйтпесе қалып қояр.
Әкесі мен ұлы құралдарын алып, ескі ағаш еденді ауыстыра бастады.
-Мәссаған! Әке, мынаны қара!-деп ұлы еден астынан қоңыр сөмке тауып шықты.
Үйдегілер үлкен ұлдың жанына жиналып, сөмкені ашқанша тағатсызданды.Қызық қой енді не бары ішінде.

Әкесі замогын ашып қалып еді, ішіндегі пәшкі-пәшкі сарғайған ескі ақша сыртқа шашылды да қалды. Үстіне біреу мұздай су құйып жібергендей, денесі тітіркенді, біресе терледі… Ал сөмке түбінде xат жатты. Анасының жзуын бірден таныды.

Хатта:
«Балам, ағам екі жыл бұрын қайтқанда маған үйін тастап кеткен. Мен сатып, ақшасын саған және ұрпағыңа мұра етемін!
Сөзімді екі етпей еденді жөндегеніңе раxмет, ұлым!
Енді жап-жаңа үй алып, аяғыңа тұра аласың! Сені жақсы көрем! Сәлеммен: анаң»,-депті xатында.

Өкініштен өзегі өртенген әкесі анасының xатын қайта-қайта оқиды… Ал жанында жарамсыз ескі ақшалар шашылып жатты.