Анемиядан арылу жолдары қандай?

Анемия (қан аздық) — қанда эритроциттердің азайып, гемоблабиннің төмендеуінен болатын ауру түрі. Бұл ағзада темір жетіспеушілігі салдарынан пайда болады.

Дәрігерлердің айтуынша, анемияға қыз-келіншектер мен кішкентай сәбилер көп ұшырайды. Гемоглабин мөлшері әйелдерде 120 г/л, ерлерде 130 г/л болуы керек.

Анемия неден пайда болады?

Егер гемоглабин мөлшері 90-110 аралығында болса, жеңіл сатыдағы анемия саналады. Орташа сатыдағы анемияда қан құрамындағы гемоглабин 70-90 мөлшерінде болады. Ал гемоглабин мөлшері 70-тен төмен болса, анемияның ең ауыр сатысы болып есептеледі.

Анемия мына жағдайлардың себебінен туындайды:

– диета, вегетариандық, жеткіліксіз әрі уақытылы тамақтанбау;

– өте көп мөлшерде қан жоғалту;

– асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде;

– тұқымқуалаушылықпен берілуі де мүмкін.

Анемияның белгілері қандай?

Анемияның түріне, сипатына қарай белгілері де әртүрлі болып келеді. Көптеген түрлеріне ортақ белгілер мыналар:

Ауа райы, бас ауруы

  • әлсіздік және тез шаршау;
  • терінің түсінің бозғылттануы;
  • тәбеттің төмендеуі;
  • басы айналып, жиі көзі қарауытуы;
  • құлағы шуылдауы;
  • жүрек қағысының жиілеуі;
  • иіс сезу өзгерісі.

Алдын алу үшін қалай тамақтанған дұрыс?

©top-diet.com
  • кофеин мен шәйді, сүтті, тәтті тағамдарды тұтынуды азайту қажет. Олар темірдің ағзаға сіңуіне кедергі болады;
  • көп мөлшерде жеміс-жидектер (оның ішінде алма, алмұрт, анар, қарақат, құлпынай) мен көкөністер (қызылша, сәбіз, орамжапырақ, көк шөп) пайдаланған дұрыс;
  • күнделікті тағам ретінде ет (сиыр, құс) және балық, бұршақ тұқымдастар, сұлы, қарақұмық жармаларын жеу керек.

Егер жоғарыда аталған анемияның белгілері байқалса, дереу дәрігерге көрінген дұрыс. Дәрігерлер 3 ай сайын гемоглабин мөлшерін анықтауға кеңес береді.

Дерекккөз: baribar.kz