Анна Шевченко екінші рет қолаға ие болды
28-ші Қысқы Универсиаданың екінші күні шаңғышы Анна Шевченко екінші қолаға қол жеткізді. Бес шақырымды еркін еңсеру сайысында ол кеше жекелей жарыста алдына түскен ресейлік қос қарсыласынан тағы да қалып қойды. Күні кеше 5 шақырымға жекелей жарысқан шаңғышылар арасында мәре сызығын Лилия Васильева бірін болып кессе, бүгін ол отандасы Анна Нечаевскаядан оза алмай, күміске ие болды.