Апат айтып келмейді
Жуалы ауданында 3-4 қаңтар күндері қатты желдің соңы дауылға, қарлы боранға ұласып 7 ауылдық округ жарықсыз қалды.
☑️ Атап айтқанда Жетітөбе, Шақпақ, Қарасаз, Көкбастау, Боралдай, Мыңбұлақ және Билікөл аймағындағы ауылдардың барлығында электр жарығы өшкен болатын.
☑️ Бүгін желілердегі апатты жою үшін аудандық электр желілерін тарату мекемесі тарапынан үш бірлік арнайы техника және құрамында 21 жұмысшысы бар 6 бригада жедел іске кірісіп, елдімекендердегі тұрғындарды электр жарғына қосу үшін жұмыс жасауда.
☑️ 4 қаңтар сағат 17-00-дегі мәліметке сәйкес;
Шақпақ ауылдық округінде 5 ауылға,
Күреңбел ауылдық округінде 2 ауылға,
Қарасаз ауылдық округінде 3 ауылға,
Нұрлыкент ауылдық округінде 2 ауылға,
Көкбастау ауылдық округінде 4 ауылға,
Мыңбұлақ ауылдық округінде 2 ауылға,
Ақсай ауылдық округінде 2 ауылға,
Б. Момышұлы ауылына яғни барлығы 20 елді мекендегі 7 931 абонентке электр жарығы берілді.
Жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Жуалы ауданы