Апаттың алдын алуға бағытталды

БҚО-дағы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында «BKKS LPG RETAIL» ЖШС нысанында апатқа қарсы жаттығу өткізді.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жаттығу жоспарына сәйкес, Орал қаласындағы №13 АГҚС нысанында моноблоктың ернемек қосылыстарының герметизациялануы орын алды және ол жерде жарылыс қаупі бар жағдай туындады.

№13 АГҚС қызметкерлерінен 36 ӨСАҚБ байланыс бекетіне «хабарлама» келіп түскен соң, шақырту орнына кезекші ауысым құрамындағы алты адамнан тұратын АЦ-40 автокөлігі және филиалдың медицина қызметкерлері бригадасы бар реанимобиль дереу жолға шықты. Кезекші ауысым келген соң барлау жүргізіліп, қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды. Жауынгерлік қанат жаю жүргізіліп, резервуарлық паркті қорғау үшін бір «Б» оқпан және сұйытылған газды шығару қондырғысына көбігі бар екінші оқпан берілді.

Кезекші-диспетчерлік қызметтер арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру мақсатында БҚО ТЖД ӨС ж/е АҚЖҚ (101), БҚО Полиция департаменті (102), медициналық (103) және газ қызметінің (104) жедел қызметтерін құлақтандыру іске асырылды.

Жаттығу аяқталғаннан кейін сабақтарға талдау жасалып, қызметкерлермен объектіде болған жекелеген жедел-тактикалық өзгерістер зерделенді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы