Аппараттық кеңес

Аудан әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңесте 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары мен 2025 жылдың I тоқсанына арналған болжамдар, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі 2024 жылғы жоспарлардың орындалуы және 2025 жылға арналған жоспарлар қаралды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы санағы, ет өнімдерінің ауылдық округтерге бөлінісі, ауданның жер қорын түгендеу, тұрғындарды жұмыспен қамту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды.
Тиісті бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдаған аудан әкімі аталған бағыттар бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруға тапсырмалар берді.