Аппараттық кеңес өтті
Бүгінгі аппараттық кеңесте аудандағы қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша күзгі екі айлық сенбілік жұмыстарының нәтижесі тыңдалды.
Осы уақыт аралығында Жаңатас қаласы мен округтерде 9 рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған 5000-ға жуық адам қатысқан.
39,7 шақырым арық-каналдар, 41 шақырым көше, 58 мың шаршы метр саябақ, скверлерді тазалау жұмыстары жүргізілген.
Аудан көлемінде көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 2023 жылға 15 мыңға жуық әр түрлі тал көшеттерін 10 гектар алаңға отырғызу көзделген. Көктемгі абаттандыру кезінде 7016 тал егілді.
2023 жылғы 21 қазандағы «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында 4680 түп әр түрлі тал отырғызылды.
Сонымен бірге, төтенше жағдайлар бөлімінің қысқы маусым мен жылыту науқаны бойынша атқарған жұмыстарын тыңдап, бірге атқаруға тиісті біршама тапсырмалар берілді.
Биыл 5 елді-мекенде (Саудакент, Тоғызкент, Ақтоғай, Үшбас және Шағалалы) сумен қамтамасыз ету құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Ары қарай ауыл тұрғындары үйге кіргізу немесе аулаға орнату жұмыстарын атқаруы тиіс. «Сарысу сулары» мекемесінің осы бойынша атқарған жұмыстарын тыңдап, тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым.
Ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынов «Газет ˗ халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп мерзімді басылымдарға үлкен баға берген. Аудан бойынша 2024 жылға басылымдарға жазылу бойынша атқарылып жатқан жұмысты тыңдап, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен мекемелерге нақты тапсырма бердім.
Сакен Мамытов
Сарысу ауданының әкімі