АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде «І-ші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін салаларында атқарылған жұмыстар мен болжамдар, өзекті мәселелер туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасарлары Қ. Аманов, Қ. Серимов және Е. Ермағанбетов өз салалары бойынша хабарлама жасады.
Аппараттық кеңесте қосымша қаралған «Жұмыспен қамту шараларының орындалуы және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы» Сарысу аудандық Мансап орталығының директоры Д. Борсықов баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, әр салаға жауапты орынбасарлар мен жауапты тұлғаларды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.