АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.

Аппараттық кеңестің күн тәртібінде «Облыс әкімі берген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы» туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рысдәулет баяндама жасады.

Осы 111 хаттамалық тапсырманың ішінде 62 орындалып, бақылаудан алуға ұсынылды. 8 хаттамалық тапсырма бойынша орындалу мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізілген.



Ауданның 2023-2027 жылдар аралығындағы даму жоспарына агроөнеркәсіп саласы бойынша 97 жобаны іске асырылады деп жоспарланды. Жобалардың жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрап, нәтижесінде 199 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс. Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданымыздың 5 ауылдық округінде (Байқадам, Жайылма, Игілік, Жаңаарық, Жаңаталап) несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. Байқадам және Жайылма ауылдық округтерінде жоба аяқталып, қазір үшінші кезеңде Игілік, Жаңаарық, Жаңаталап ауылдық округтері қаржыландыруда. Жалпы 5 ауылдық округте 15 932 халық тұрады. Жоспар бойынша 3,4 млрд теңгеге 804 жоба іске асыралады деп жоспарланды. Бүгінгі таңда 597 жобаны 2,4 млрд. теңгеге қаржыландырылып отыр.

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі 2023-2027 жылдар аралығындағы Сарысу ауданының даму жоспарына 172 инвестициялық жобаларды ұсынып отыр. Жалпы, 581 жобаның 33,8 пайызын құрады.

Жобаларды іске асыру болжамы төмендегідей:
2023 жылы 27 жоба 801,0 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 73 адам),
2024 жылы 38 жоба 217 млрд. 812 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 506 адам),
2025 жылы 36 жоба 1 млрд. 90 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 103 адам),
2026 жылы 57 жоба 423 млрд. 626 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 593 адам),
2027 жылы 33 жоба 631,0 млн. теңгеге (ашылатын жұмыс орыны 65 адам) болжанып отыр.




Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі