АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазіргі кезде пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оны мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірегейі екені сөзсіз. Әсіресе, ауыл маңынан 5 шақырымдық радиуста орналасқан жерлерді қайтаруға басымдық берілуде. Бұл өз кезегінде елді мекендерде үлкен мәселе болып отырған жайылымға қатысты түйткілді шешуге сеп болады.
Аудандық аппараттық кеңесте дәл осы мәселеге байланысты атқарылған жұмыс пен алдағы жоспар егжей-тегжейлі талқыланды. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 11 мыңға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұдан бөлек, кеңес барысында “Ауыл аманаты” жобасының өңіріміздегі аяқ алысы айтылып, ауылдық округтерде іске асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ, бірегей жобаға енген ауылдық округтердің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Шу ауданы әкімдігі