АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Маңғыстау облысында кәсіпкерлік саласын цифрландыру белсенді жүргізіліп жатыр. 30-дан аса қызмет электронды түрде көрсетілуде. Мұны кезекті аппараттық жиын барысында Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева мәлімдеді.

Жыл басынан бері цифрландыру бағдарламасы аясында «Атамекен» палатасында 1531 адам 32 000-нан аса қызмет түрін алған. 142 бизнес-жоба әзірленген. Тиімді жүйе мемлекеттік бағдарламаларда да қолданылуда. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 қызмет, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобасы бойынша 26 қызмет электронды түрде көрсетіледі.

-«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1 қызмет, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 5 қызмет электронды түрде көрсетіледі. Жалпы, шағын және орта бизнес үшін бір терезе қағидаты бойынша 13 түрлі қаржы институттарына және табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсету функциялары біріктірілген. «Атамекен» аймақтық палатасында мемлекеттік қолдаудың 15 автоматтандырылған жүйесі, сонымен қатар 2018 жылдың қазан айында 31 мемлекеттік қолдауды автоматтандыруды аяқтау жоспарлануда, дейді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Жиында елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі де қаралды. Бұл бағытта ағымдағы жылы 13 жоба іске асады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге бөлінген.

-2020 жылға қарай ауыз сумен қамтуды 70 мың.м3 жеткіземіз деп отырмыз. Бұл тәулігіне. Каспий су тұшыту зауытының тұтыну көлемін тағы 10 мың метр3 көтеруді жоспарлап отырмыз, дейді Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков.

Сондай-ақ, отырыста республикалық бюджеттің орындалу барысы талқыланып, жоспар бекітілді.

Айман Нұрмағанбет