«Ақ жол» «Астанаэнергосервис» секілді  компаниялардың жабылуын, оларға кеткен қаражатты халыққа қайтаруды талап етуде

 

«Ақ жол» «Астанаэнергосервис» секілді  компаниялардың жабылуын, оларға кеткен қаражатты халыққа қайтаруды талап етуде – бұл туралы Меруерт Қазбекова өзінің Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовке жолдаған депутаттық сауалында айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жыл 2 қыркүйегінде ҚР Парламентінің 5 сессиясының ашылуында оқылған Қазақстан халқына жолдауында «Үкімет баға белгілеу және тарифтер мәселесімен жүйелі әрі нақты айналысуы керек» деп атап өткен болатын, — делінеді сауалда.

Осыған орай «ақжолдықтар» 2019 жылдың 19 маусымында фракцияның «Астанаэнергосервис» АҚ заңсыз қызметі, яғни олардың көптеген жылдар бойы тұтынушыларға негізсіз жүк салып, ештеңе өндіріп-шығармай, тек астанадағы басқа энергетикалық мекемелерді «басқарып» келе жатқандығы туралы депутаттық сауал жолдағанын еске түсірді.

Депутаттардың айтуынша, сауалға сауал жолданған адам емес, министрдің орынбасары жауап берген, бұл «Парламент және оның депуттарының мәртебесі» заңына қайшы. Бұдан бөлек жауапта «Ақ жол» депутаттары көрсетіп өткен сұрақтарға нақты ақпарат берілмеген.

Тек бүгін ғана, 4 қыркүйекте, БАҚ-та Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімімен аталмыш мекеме жабылып, және соның арқасында қала жылына 1 миллиард теңге үнемдеп қалатыны туралы ақпарат жарияланды.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары а.ж. 19 маусымындағы сауалында дәл осыны, яғни аталмыш мекеменің жабылуын талап еткен болатын.

«Осылайша, 1999 жылдан бері, яғни 20 жыл бойы тұтынушылардың «мойнында отырып келген» акционерлік қоғамның пайдасыздығы туралы біздің пікіріміз расталды.

Яғни, осы жылдар аралығындағы барлық төлемдер негісіз және қажетсіз ұсталынған» — деп есептейді «Ақ жолда».

Осыған орай «Ақ жол» партиясының депутаттары Ұлттық экономика министрінен келесіні сұрайды:

  1. Ештеңе өндірмей, халықтың «мойнында отырған» осындай компанияларды анықтау мақсатында еліміздің барлық аймақтарында тексеріс жүргізу. Анықталған жағдайда – оларды жабу.
  2. Осындай делдалдарды жабдықтауға кеткен коммуналды төлемдер бөлігінің халыққа қайтарылу мәселесін қарастыру;
  3. Депутаттық сауалға бұрыс жауап берген министрлігіңіздегі қызметкерлерді жауапқа тарту.

«Ақ жол» партиясы және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және өз саулаушыларының мүддесін қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.

4 қыркүйек 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі