«Ақ жол» фракциясы салықтық амнистияны тиімді жүргізу үшін Үкіметке өз ұсыныстарын жолдады
«Ақ жол» фракциясы салықтық амнистияны тиімді жүргізу үшін Үкіметке өз ұсыныстарын жолдады – тиісті депутаттық сауалды Екатерина Никитинская мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Парламенттің және ҚР Үкіметінің барлық күш-жігері Жолдауды жүзеге асыруға бағытталған. Бизнес жаңадан құрылып, нөлден жұмыс істей бастауы үшін Президент шағын және орта кәсіпкерлікке арналған салықтық рақымшылық жүргізуді тапсырды. Салықтық амнистия кәсіпкерлерге заңнамалық қызметті жаңартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, бизнесті заңға қайшы әкімшілік қысымнан қорғайды. Салықтың негізгі сомасын төлеген кәсіпкерлерді айыппұлдар мен өсімақылардан босату – бүгінде Мемлекет басшысының бизнесте қызу талқыға түскен бастамаларының бірі болды», — деп айтылған депсауалда.
Никитинская Қаржы министрлігінің деректерін келтіріп өтті. Оған сүйенсек қазан айының басында айыппұлдар мен өсімақылардың үлесі шағын және орта кәсіпкерлердің салықтық қарыз мөлшерінің жалпы сомасының 40%-ын құрайды. Соған қарамастан, өсімақының сомасы (111 млрд) айыппұлдың сомасынан (5,8 млрд) 20 есеге дейін асып кеткен. «Ақ жол» партиясы бұл мұндай дау-дамайлар бойынша талап қою мерзімінің артықтығын және олардың уақыты өтіп кеткеннен кейін (бұрынғы күнмен) туындауының айқын дәлелі деп санайды.
Былайша айтқанда, Президенттің салықтық рақымшылық жасау жөніндегі бұл бастамасы тез арада салықтық міндеттемелер бойынша талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту қажеттілігінің өзектілігін арттыра түсті. «Ақ жол» фракциясы осы хақында бір емес бірнеше рет талап еткен болатын.
Өздеріңізге мәлім, 18 қазанда Қаржы министрлігі рақымшылық жасаудың негізгі тәсілдерін жариялады және бүгінгі күні салық органдарының рақымшылық жасау тәртібін анықтайтын нормативтік-құқықтық құжаттар пакеті мемлекеттік органдармен келісу процесінен өтуде. Осы орайда, депутат Никитинская британдық миллиардер Ричард Брэнсонның дәйексөзін келтіріп өтті: «Бүге-шігесіне дейін мән беру көп жағдайда бизнес – идеяның табысты жүзеге асуын анықтап береді».
Депутат Жолдауды талқылау барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының атына бизнес-қауымдастық тарапынан жоспарланған әкімшілік шаралардың тиімділігін арттыруға және шағын және орта кәсіпкерліктің қаржы жағдайын сауықтырудың кең ауқымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін біршама ұсыныстар келіп түскенін атап өтті.
Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттары салықтық амнистия жүргізу кезінде келесідей мәселелердің заңды шешімін табуды қамтамасыз ету қажет есептейді:
— салықтық берешекті тікелей ақшалай қаражаттардың түсуі есебінен ғана емес, сондай-ақ есепке алу әдісімен төлеу кезінде айыппұлдарды және өсімақыларды есептен шығару тәртібін қарастыруды;
— салықтық рақымшылыққа іліккен салық төлеушілердің қатарына, кең таралған пайдалы қазба байлықтарды өндіруші шағын және орта бизнесті қосуды (ақпаратқа жүгінсек, бұл топтан тек су мен емдік саз-балшықтарды пайдаланушыларға ғана рақымшылық жасау жоспарлануда. Ал, жол құрылысы және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы көптеген кәсіпкерлер назардан тыс қалып отыр);
— үстіміздегі жылдың 10 қазанындағы салық берешегін өтеу есебіне айыппұлдар мен өсімақылар сомасын бастапқы алып тастау жағдайында кейін айыппұлдар мен өсімақыларды төмендету арқылы оларды негізгі қарызды өтеу есебіне есепке алу мүмкіндігін қарастыру;
— ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін заң бұзушылыққа жол берген ШОК субъектілерін айыппұлдар мен өсімақыны төлеуден босату. Алайда өз еркімен төлеу мерзімі өтіп кетпеген болуы керек және аталған салық төлеушілер салықтың негізгі сомасын өтеуге тиіс;
— салықтық тексеріс жүргізу нәтижесінде есепке алынған және
1 қазандағы жағдай бойынша шағым түсіру кезеңіндегі айыппұлдар мен өсімақыларды есептен шығару талаптарын белгілеу;
— Төлем қабілетсіздігін реттеу я болмаса оңалту рәсімдерінен өткен салық төлеушілердің айыппұлдары мен өсімақысын есептен шығарудың арнайы тетіктерін қарастыру. Себебі олардың салықтық берешегінің мерзімі өтіп кеткендіктен салықтық амнистияға іліккендердің тізіміне қосылмай қалуы ықтимал.
Бұдан басқа, Никитинская 2001-2002 жылдардан бері аумақтық мемлекеттік кіріс органдарында жеке тұлғалардың ҚҚС, әлеуметтік салық, өндіріп алынған жеке табыс салығы бойынша қарыздары есепке алынып келгеніне екеніне назар аударды. Салық органдары олардан өндіріп ала алмайды, себебі соның негізінде атлаған сомалар есепке алынған құжатттары жоқ. Аталған соманы ресми түрде есептен шығару шағын бизнеске қосымша жеке тұлғалар санының кіруіне мүмкіндік береді.
«Ақ жол» фракциясы салықтық қарыздар бойынша талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартуды 2020 жылдан бастап емес, ағымдағы қаржылық жылдан бастап қолға алу мәселесін тағы бір мәрте көтерді. Осылайша мемлекет одан туындайтын салдарының алдын алып қоймай, шағын және орта бизнесті төлем қабілетсіздігіне душар ететін басты әрі маңызды себептерді жоя алады.
«Ақжолдықтар» жоғарыда көрсетілген ұсыныстар Президенттің салықтық рақымшылық бойынша жүктеген тапсырмаларын сапалы орындауға мүмкіндік беретініне сенімді.
6 желтоқсан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі